Сабақтың міндеттері



бет1/8
Дата09.08.2017
өлшемі3,08 Mb.
#23092
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы бірінші талап. Көмекші есімдерді. 
Сабақтың мақсаты: оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік - есте сақтау қабілетін ұлғайту, жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге үйрену;

Дамытушылық – тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік – ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі

Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің сөзі: 
А)Тілдесім. -Сонымен ,балалар, халқымызда үлкенді сыйлау – ұлылық , үлкенді сыйласаң, алғысқа бөленесің, үлкендердің батасын аласың. 
-Сендер, балалар, үлкендерді сыйлай білесіңдер ме? Кәне ,айтайық.
-Сендердің отбасыларыңда бірінші талап қандай?( Әке мен ананың сендерге қоятын ең бірінші талап-тілегі қандай?)
2.Сабақтың мақсаты айту. 
-Қазақ отбасындағы да бірінші талап қандай екен, мәтінді оқып талдаймыз.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.
Әке – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен бала әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі.
Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан қазақ отбасы балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.
І топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыру,
3) «әдептілік», деген зат есімге «болады» деген етістікке морфологиялық талдау.
ІІ топ: 1) мәтінді түсініп оқу, 2) мәтіннің мазмұны бойынша тірек сызба дайындау, 
3) Көмекші есімдерді пайдаланып екі сөйлем құрастыру.
3. Мақал-мәтелдердің,ұлағатты сөздердің екінші сыңарын сәйкестендіріп, оқыған мәтінге сәйкес келетінін түсіндіру.-2 минут
1.Атаңа не көрсетсең дос,ақылыңа ақыл қос.
2.Тәрбиесіз берілген білім алдыңа сол келер.
3.Ашу-дұшпан, ақыл- әдепсіз бала – сорлы бала 
4.Әдепті бала – арлы бала,.. . адамзаттың қас жауы.
ІV. Сабақты бекіту.

Тест жұмысы


1. Қазақ отбасының тірегі кім?
а) ана ә) әке б) жиен
2. Әке – отбасының несі?
а) басшысы, асыраушысы, қамқоршысы ә) тәрбиешісі, таратушысы
б) бұзушысы, қамқоршысы, ақымағы
3. Бала әкені ренжітпеу үшін қандай болуға тырысады?
а) бұзақы, ақымақ, ақылсыз ә) тәртіпті, білімді, еңбекқор
б) ұқыпты, тәрбиесіз, әдепсіз
4. Ана – отбасының кімі?
а) тыныштығын бұзушысы ә) беріктігін сақтаушысы б) негізгі тірегі
5. Отбасының ең үлкен байлығы....?
а) бала ә) ақша б) байлық
6. «.... қарап ұл өсер,.... қарап қыз өсер» деген мақалды толықтырыңыз.
а) әжеге, атаға ә) ағаға, әпкеге б) әкеге, шешеге
7. Қазақ отбасының тәрбиесінің ең бірінші ережесі қандай?
а) үлкенді сыйламау, оларға қамқорлық көрсету
ә) әкесін сыйлау, анасын құрметтеу б) ата - анаға мейрімділік көрсетпеу
8. Ата - ананы сыйлау, құрметтеу балаға берілетін қандай баға?
а) бірінші ә) ақырғы б) соңғы
9. Қазақ отбасы балаларды неге баулыған?
а) әдептілікке, мейрімділікке ә) бұзақылыққа, ақымақтыққа
б) әдептілікке, тәрбиесіздікке
10. Ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайтын кім?
а) ана ә) бала б) немере
Сөзімізді қорытындылай келе, ұлы ойшыл әл-Фарабидің : 
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген ақылымен сабағымызды аяқтаймыз. 
V. Бағалау

VI. Үйге тапсырма

Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын мемлекет»

Грамматикалық тақырып: Морфология.


Сабақ мақсаты:
Білімділік - есте сақтау қабілетін ұлғайту, жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге үйрену;

Дамытушылық – тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік – ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.



ІІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

IV. Жаңа сабақ

Кіріспе сөз
Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстармен қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым - қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып - сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған - туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Ауызша тапсырма
1. Отбасының қорғаны кім?
2. Бір шаңырақ астында... сөзін қалай түсінесің?
3. Ұрлық түбі....
4. Тәрбие..... басталады.
5. Әділ істің.... арты игі.
6. Ақырын жүріп....
7. Өш алғаннан гөрі..... жөн.
8. Оқушының міндеттерін ата.
9. Оқушының құқықтарын ата.
Қанатты сөздерге тоқталу
Отбасы - тәрбиенің басты ұясы.
Әке жолы – ұлына мақтаныш.
Ананың аялы алақаны - қызына сағыныш.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі. (Әбунасыр әл Фараби)
Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н. Назарбаев)
Ата - ананың балаға айтар тілегі
Оқушылардың жауабын тыңдау
Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата - анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл - ой, сана - сезімі әсер етпек.

Деңгейлік тапсырмалар:


ІІІ деңгей.
1. Отбасы жайлы айтып беріңдер.
2. Мәтіндегі екі жай сөйлемнен себеп - салдар сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз. Оған синтаксистік талдау жаса.
ІІ деңгей
1. Мәтінге жоспар құр.
2. Мәтін қанша сөйлемнен тұрады, жай сөйлем қанша, оның қандай түрі екен, құрмалас сөйлем қанша, ол сөйлемдер салалас па, сабақтас па, әлде аралас құрмалас па ажыратады.
І деңгей
«Айрандай ұйыған»(дружный) фразеологизмі бойынша өз отбасың туралы шағын шығарма жаз.
8 сөйлемнен, 7 жай сөйлем. Хабарлы сөйлемдер. Құрмалас сөйлем 1. Ол сабақтас құрмалас сөйлем.
V.Қорытындылау
Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасына берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.

VІ.Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма
Сабақтың тақырыбы: Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік - Оқушыларға үй экономикасы оның маңызы мен мақсаты жөнінде түсінік беру;

Дамытушылық – Логикалық ойлау,жүйелі жоспар құру,іскерлік қабілеті дамыту;

Тәрбиелік – Үй бюджетін жоспарлауға ,шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі сабақ.

Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Мұғалімнің сөзі: «Ақшаны сыйласаң ол да сені жақсы көреді»немесе «Тиыннан сом құралады» деген мақалдар біздің бүгінгі сабағымызға қатысты айтылғандай.Біздің барлығымыздың отбасымыз бар.Біз онда тәрбиеленеміз,демаламыз,еңбек етеміз,барлық қуаныш пен қиыншылықты бірге бөлісеміз.Барлығының ортақ ісі – отбасын дұрыс ұстап,әр мүшенің дамуына мүмкіндік туғызу.Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі.Отбасы табысты да барлығына ортақ.Оның мүшелерінің керегіне жұмсалады.Жұмыс істеп табыс табу арқылы отбасы қоры жиналады.олай болса «Отбасы бюджеті»біздің отбасымыздың экономикасы
Үй табысы деген не?
«Бюджет»- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады екен.Біз әр күнімізді,мерекені,жұмыстың бәрін жоспарлаймыз.Сол секілді ақшаны да санап,жоспарлы жұмсаған дұрыс.Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындарды тиімді құрастырып,есептеп отыру.
Бюджет қалай тиімді болады?Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет.
Кірістер дегеніміз – барлық ақшаларыңыз.Шығыстар дегеніміз жаратылып жатқан ақша.Кірістерге шәкртақы,зейнетақы,айлық жалақы,құнды қағаздар,жәрдемақы.т.б жатады.
Тест сұрақтары,дәптерге орындау.
1.Отбасылық бюджет ол- 
А)Бергілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі.
Ә)ақшалай немесе заттай құндылық
Б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар,қарыздар,кірістер,шығыстар және т.б қажеттіліктер жазатын журнал.
2.Табыс дегеніміз-
А) шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар.
Ә)тепе –теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер
Б)өндірістен,жеке адамнан ақшалай заттай бағалы қағаздай алатын құндылықтар.
3.Болжам жасалынбаған шығыстар:
А) тамаққа
Ә)коммуналдық қызмет
Б) тұрмыстық мәдени шығын
4.негізгі сатып алу ережесі:
А)кездейсоқ сауда жасау.
Ә)заттың сапасын,кепілдік мерзімін көру
Б)ыңғайлылығы, қолайлылығы
В) сапасы,ерекшелігі
5.Зат қандай талаптарға жауап береді?
А)құны,бағалы
Ә)ыңғайлы,қолайлы
Б)ерекше,сапалы
6.Отбасылық қажетіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?
А)Тамақ пен киімге жұмсалған қаржы
Ә)білімге,қоғаммен араласуға
Б)үйге,жиһазға,тұрмыстық заттар жұмсалған қаржы
«Отбасы бюджеті»ойынын ойнаймыз.кімнің отбасында таразы басы қалай тартады екен?
1.Отбасының айлық жалақысы
2.Көлік ұшін жұмсалатын қаржы
3.Тамаққа жұмсалатын қаржы
4.Шәкіртақы,зейнетақы,жәрдемақы
5.Құнды қағаз
6.Жалданған пәтер үшін ақы алу.
7.үйірме,секция,репититорлық қызмет көрсету.
8.Сыйақы
9.Әр түрлі салықтар,комуналдық қызмет пен несие
10.Киімге,жиһазға жұмсалатын қаржы.
11.Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы
12.Тұрмыстық мәдени қызметтер. (кино,театр,музей,туған күн, той)
13.Үнемдеу,жинақ соммалары
14.Жоспарланбаған шығындар.
Жауабы:1,4,5,6,8,11,13- кірістер
2,3,7,9,10,12,14 – шығыстар.
Егер тең болса тепе – теңдік жағдайда біреуі басым болуы да мүмкін.
1. «Табыс»деген сөз нені білдіреді?
2. Отбасы табысы дегеніміз не?
3. Жоспарлау дегеніміз не?
4. Үй экономикасының маңызы неде?
Тақырып бойынша қортынды сұрақтар:
1.Үй бюджеті дегеніміз не?
2.Кірістер дегеніміз не?
3.Шығыстар дегеніміз не?

ІV.Бағалау

V. Үйге тапсырма 6-тапсырма әңгімелеу.
Сабақтың тақырыбы: Үнемшілдік- заман талабы.

Грамматикалық тапсырма: Лексика. Неологизм. 
Сабақтың мақсаты: оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: есте сақтау қабілетін ұлғайту, жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге үйрену;

Дамытушылық: тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,әңгімелесу, суретпен жұмыс, ойландыру, түсіндіру.

Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

IV. Жаңа сабақ

«Сандар сыр шертеді»

  1. Лексика дегеніміз не?

  2. Лексика нені зерттейді?

  3. Қолдану аясы шектеулі сөздерге қандай сөздер жатады?

Бүгінгі сабақта үнемшілдік- заман талабы туралы мәлімет аламыз.

   Үнемшілдік, яғни үнемдеу. Үнемдеу – біле білсеңіз адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі болып табылады. Үнемдеу тек тарығып жүргендердің әдеті десеңіз, қатты қателесесіз. Үнемшілдік жағдайы жоғары азаматтарға да қажет дүние. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады.

Ер адамдардың  90 % - ы темекі тартса, соңғы жылдары әйел адамдарының  біраз бөлігі темекіге әуестеніп кеткен. Орта есеппен алғанда, 1 адам күніне 100 теңгеге темекі алады дейік. Бұл орта есеппен, күніне 300 – 400 теңгесін темекіге жарататындар бар. Ал енді есептейік, орта есеппен бір күнде 100 теңге болса, 1 айда 100х30=3000 теңге болады, ал 1 жылда 3000х12=36000 теңге болады екен. Бұл деген кейбір жандардың айлығы ғой. Оданда, осы  ақшаға  үлкен бір зат сатып алуға болады ғой. Енді су мәселесіне келейік: жер бетінің 71% - ы судан, ал 29% - ы құрлықтан тұрады. Су өте көп, бірақ 71% судың 1% -ғана ішуге жарамды екен, ал қалғаны жарамсыз. Кранды ашып қойып, сарылдатып ағызып қоюды, себепсіз шашуды,  моншада суды үстіге төңкере салуды әдетке айналдырмаңыз. Керек десеңіз, үйде судың тамшылап тұруына жол бермеңіз. Тамшылап тұрған тамшы бір түнде 40 литр суды ысырап етеді екен. Өзгелер үнемдемейді, мен үнемдегеннен не пайда? – дей көрмеңіз, өзгені қайтесіз. Сусыз өмір сүріп көріңізші, шыдай алар ма екенсіз? Судың да сұрауы бар. Суды үнемді пайдалану есіңізде болсын үлкен сауаптың бірі. Электр энергиясы судан, газдан қымбаттау. Осыны үнемдей біліңіз. Үй бөлмесіндегі  жарықты үнемі өшіріп жүріңіз. Электр жүйесіне қосылатын барлық заттарды пайдаланып болған соң суырып жүріңіз. "Қоя берші  соны, қайбір теңге болады дейсің? Ары кетсе, 100 – 200 теңге артық келер"- деп қоя бермеңіз, оданда сол артық келетін 100 – 200 теңгені де үнемдеп үйреніңіз. Елбасы "EXPO 2017 - ге энергия көп қажет, энергия көздерін үнемдеңіздер " - деген болатын.    Суды, электр энергиясын, киім – кешегіңізге жұмсалатын қаржыны, ақшаны, ұялы телефоныңызға салатын бірлікті де, тіпті қалтаңыздағы тиын – тебеніңізге дейін үнемдеңіз. Сонда үнемшілдік бір мақсатқа жетелеуі әбден мүмкін.

Ереже. Неологизм деп өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың түрлерімен байланысты тілде жаңадан пайда болған және әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздерді айтады. Жаңа сөз үнемі жаңа болып тұрмайды, көпшілік қауым бүл сөздерді меңгерген кезде, олар жалпы халықтық сипатқа ие болады да, халық тәжірибесінде жүріп екшелегеннен кейін қолданыла келе неологизм болудан қалады.

Қазақ тілі лексикасындағы сөздер де неологизм түрінде болды. Мысалы: алтын шаю (золотопромывания), amna (извержение), желі (жила), теміртас (железняк), құмтөбе (дюра), алыс өлшем (дальномер), керегетас (горсть), сөппе (вкрапленность), шөктіру (усаждение), шөгінділер (осадки) т.б.

V.Тапсырмалыр

1 – жаттығу. Неологизм сөздерге бірнеше мысалдар тауып, сӛйлем құрап

жазыңыз.

2 – жаттығу. Неологизм сөздерді қатыстырып «Менің болашақ

мамандығым» деген тақырыпта әңгіме жазыңыз.

3 – жаттығу. Жаңа сипатқа ие болған сөздерге сөйлем құраңыз.


кеден

ұшақ


жарнама

делдал


зейнетақы

саябақ


кешен

құжат


1. «Жаңа сөз» деген мағынаны беретін сөзді табыңыз.



А) Неологизм В) Метонимия С) Историзм
2. Сөз мағынасын не зерттейді?
А) Морфология В) Лексика С) Фонетика
3. «Архаизм» сөзінің мағынасы не?
А) Жаңа сөз В) Аймақтық сөз С) Ежелгі, көне
4. Неологизм сөзді көрсетіңіз?
А) Құжат В) Партия С) Сайлау
5. Кірме сөздердің қатарын табыңыз?
А) Сөйлем, тыныс белгі, жалғау
В) Лексика, мағына, сөз тіркесі
С) Пунктуация, синтаксис, фонетика
6. Кірме сөздерді тіл білімінің қай саласы зерттейді?
А) Лексика В) Фонетика С) Синтаксис
7. Екі сыңары да кірме сөзден болған қос сөзді табыңыз?
А) Тарс-тұрс В) Хат-хабар С) Оқу-білім




түрлері

мысалдар


тарихи сөздер

архаизм

жаңа сөз

(неологизм)



0

тасаттық










1

ханзада










2

үнпарақ










3

асадал










4

әдістеме










5

уез










6

желім









VІІ. Қорытындылау
Семантикалық картамен жұмыс

VІІІ.Бағалау ІХ. Үйге тапсырма.

Сабақтың тақырыбы: Енші үлесу.

Грамматикалық тапсырма: Көмекші есімдер. 
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: есте сақтау қабілетін ұлғайту, жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге үйрену;

Каталог: uploads -> doc -> 1151
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1151 -> Сабақ тақырыбы: «Математикалық индукция әдісіне есептер шығару»
1151 -> Сабақтың тақырыбы : «Менің сүйікті тағамым- палау»
1151 -> Тақырыбы: «Мен және менің достарым» Мақсаты
1151 -> Сабақтың тақырыбы: сандық ақпаратты кодтау мәтіндік ақпаратты кодтау Сабақтың мақсаты
1151 -> 3 Смирнов орта мектебі баяндама оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы
1151 -> Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет