Сабақтың өтілу кезеңдері Уақыты Қатысушылар іс-әрекеті Ұйымдастыру



Дата27.12.2016
өлшемі43,55 Kb.
#5795
түріСабақ

Тақырыбы:

Диалогтік оқыту

Сілтеме

МАН 36-40 бет

Мақсаты

Диалогтік оқытуды зерттеп, тануға, қолдануға бағыттау.

Күтілетін нәтиже

Диалогтік оқытуды танып, қолдана алады.

Ресурстар

Таратпа материалдар

Ықшам сабақтың өту барысы

Сабақтың өтілу кезеңдері

Уақыты

Қатысушылар іс-әрекеті

Ұйымдастыру







Психологиялық ахуал

1 мин

«Асық тілегі» стратегиясы. Ойынның шарты: Ойыншылар алдына асық лақтырып, асық сөзін пайдаланып басқа топқа тілек білдіру

Топқа берілетін тапсырмалар.

Түсіну, талдау



3 мин

1-топ: Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар құрастыр:

«Ия, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта сұрақтар дайында. Тірек сөздер: келіспеймін, менің ойымша.

2-топ: «Дұрыс», «дұрыс емес» деген бағытта сұрақтар дайында. Тірек сөздер: ия, жарайды, келісемін.

3-топ: Дәлелдеуді қажет ететін сұрақтар дайында. Тірек сөздер: сондықтан, егер, бәлкім.



Талдау

1 мин

1.Әңгіменің түрлері анықтамаларына қарап, өздері құрастырған сұрақтары қай әңгімені ашатынын тап.

2.Әңгіме түрін сабақтың қай кезеңінде пайдалану тиімділігін көрсет.




Жинақтау, қорыту

3 мин


«Жәрмеңке» стратегиясы. Ойынның шарты: Әр топ өз жұмысына жарнама жасап, жәрмеңкеде сату.

Кері байланыс

2 мин

Жәрмеңкеде сатылған жұмыстарды бағалау арқылы әр топтың жұмысының маңыздылығын анықтап, саралау.

ШҚО.Аягөз қаласы

«№5 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна

Ықшам сабақ. Тақырыбы: Диалогтық оқыту



Таратпа материалдар

1-топ: «Ия, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта сұрақтар дайында. Тірек сөздер: келіспеймін, менің ойымша.

2-топ: «Дұрыс», «дұрыс емес» деген жауап беретін сұрақтар дайында. Тірек сөздер: ия, жарайды, келісемін.

3-топ: Дәлелдеуді қажет ететін сұрақтар дайында. Тірек сөздер: Сондықтан, егер, бәлкім.

Тапсырмалар:

1. Диалогтік әңгіменің түрлері анықтамаларына қарап, құрастырған сұрақтары қай әңгімені ашатынын тап.

2.Әңгіме түрін сабақтың қай кезеңінде пайдалану тиімділігін көрсет.

Әңгіме түрлері:

Әңгіме-дебат барысында:

1.Ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;

2.Ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

3.Қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;

4.Орта бірлесуден гөрі, көбінесе бәсекелестікке бағытталған;

Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:

1.Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;

2.Әңгіме білім алмасу мақстында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;

3.Идея қайталанады және жасалынады бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді;



Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:

1.Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2.Әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен мұқият бағаланады;

3.Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

4.Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;

5.Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу)

Қамқорлық
Қолында аша ағашы бар сұр кепкалы бала жақындай түссе де, балапан торғай бейқам отыра берді. Тек аяғының асыһтындағы шарбақ ағашы сақ ете түскенде, ол селт етіп, шошып қалды.

Жантас екінші рет атып үлгергенше балапан торғай жан далбаса ұша жөнелді.



Балапан торғай алыс шырқап ұша алмайтын еді. Көшенің арғы бетіндегі бір шоқ талға талықсып әрең жетіп қонды. Жүрегі кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты. Әккі Жантас ентелеп тағы жетті. Рогаткасын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да, қалт тұра қалып және атты. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап өтті. Ол көзін жыпылық еткізіп, бұға қалды. Бала балапан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр айналдырып қуа берді. Өкпесі өшіп әлсіреген балапанның енді көтеріліп ұшуға халі де қалмады. Үрейі ұшқан балапан жүнін үрпитіп, дуалға жабыса түсті. Әлсіз аяқтары сырғанақтап, сүріне құлап «Аяшы!», «Атпашы!» деп жалынғандай, шыр-шыр етеді. Бірақ безбүйрек Жантас оған құлақ аспады. Қол созым жерде тұрып атқылай бастады.

Қожа жүгіріп келіп, торғайды қолына алып, мәпелеп ұстап үйге әкелді. Балапанды үйге әкеліп, босатып қоя беруі мұң екен, балапан жорғалап барып кереуеттің астына еніп кетті. Ертеңінде оған Қожа, шағын жәшіктен ұя жасап берді. Балапан торғайды соған кіргізіп жіберді де, сыртындағы тиекшесін іліп қойды.
Каталог: uploads -> doc -> 0958
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0958 -> Сабақ : қазақ тілі Мұғалімі : Қарабасова М.Қ. Сабақтың тақырыБы : Күз айлары. Сабақтың түрі : жаңа сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет