Сабақты өткізу жоспары №23 Күні: 08. 01. 2020 ж. Пән: Информатика Курс, топ



Дата28.01.2020
өлшемі27,97 Kb.
#56678
Байланысты:
физика 34 сабақ
1 курс 2 топ АС 27.01.2020, физика 34 сабақ, 37 сабақ, 01 МҚБағдарламалау ОТС, 37 сабақ, 37 сабақ, 38 сабақ, 38 сабақ, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 40 физика ВЕТ
Сабақты өткізу жоспары №23

Күні: 08.01.2020 ж.



Пән: Информатика

Курс, топ: 1 курс 1 топ «ЕТ»._

Тақырыбы: EV3-дің бағдарламасы. Бақылау жұмысы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Өткізу әдісі: Түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап арқылы ой қозғау.

Мақсаттары, білімділік: EV3 модулімен таныстыру, қолдануды үйрету, EV3 микрокомпьютерінің негізгі қызметтерімен,техникалық спецификация мен ерекшеліктерінің мазмұнын білгізу,білімін кеңейту, алған білім жинақтау, мазмұндауға үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің қызығушылығын арттыру арқылы дүниетанымын кеңейту логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын дамыту, салыстыра білу қабілетін дамыту, терең ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін дамыту, ауызша есептеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Пән аралық байланыс: Информатика. Математика.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, тақырыпқа қатысты слайд.
Сабақты өткізу барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен сәлемдесу. Студенттерді түгендеу. Студенттердің назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Робот техникасының тарихы туралы?

  2. Робот техникасының келешегі?

  3. LEGO комплектісі қандай қызмет атқарады?

  4. LEGO MINDSTORMS EV3 құрал – жабдығы?

  5. EV3 микрокомпьютерінің негізгі қызметтері қандай?

III. Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын жариялау:

EV3-дің бағдарламасы. Бақылау жұмысы.



  1. Робот техникасына кіріспе:

  2. Робот техникасының негіздерін пайдалану.

  3. Робот техникасының негіздерінің түрлері.

  4. Тест сұрақтары

IV. Тірек білімді жандандыру:

1. Робот техникасының тарихы?

2. Робот техникасының болашағы?

3. LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education жинағы туралы айтыңыз?



V. Жаңа тақырыпта ынталандыру:

1. EV3 дегеніміз не?

2. EV3 – бұл LEGO® MINDSTORMS® Education платформасының үшінші буыны?.

3. «EV» ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны береді.



VI. Жаңа білмді игерту:

Сонымен, алдыңғы тақырыпты қайталай келе бүгінгі жаңа сабағымыз EV3 модулі. Жаңа сабақтың мақсаты: EV3 микрокомпьютері туралы толық мағлұмат алу.

EV3 жұмыстың ми орталығы болып табылады.

Ол негізгі поцессорды құрайды, яғни бағдарламаларды жіберіп және басқа да электронды бөліктерді бақылайды.

Негізгі қызметтері:


  1. Ішіне салынған жарықдиоды бар дыбыстар мен суреттерді жаңғырту, мүмкіндігінше басқару;

  2. EV3 микрокомпьютердегі тікелей мәліметтерді тіркеу және бағдарламалау мүмкіндігі;

  3. Орнатылған Bluetooth бақылаушы;

  4. Wi-Fi қолдаушы.

Аталмыш бағдарламалаушы микрокомпьютер LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 роботының жүрегі мен миы болып табылады.

Микрокомпьютер қызметі:



  1. микрокомпьютердің жұмыс тәртібіне арналған өзгеретін түстер қызметі бар алтыбатырмалы интерфейс басқару;

  2. жоғары өткізгіштігімен монохромды дисплей;

  3. орнатылған спикер;

  4. USB порт;

  5. mini SD форматындағы жады картасын оқуға арналған слот;

  6. 4 порт енгізу және и 4 порт шығару.

Сонымен қатар, микрокомпьютер USB, Bluetooth және Wi-Fi арқылы компьютермен байланыс ұстап тұра алады. Сондай-ақ бағдарламаланған интерфейс арқылы бағдарламаларды модульдың ішінде жазуға мүмкіндік береді.

Ол мобильді құрылғылармен жұмыс істей алады және қуат көзі ретінде АА батарейлерімен үздіксіз тоқ аккумуляторын қолданылады.

Техникалық спецификация мен ерекшеліктері

EV3: Батареялар. EV3 қосып жұмысты бастау үшін микрокомпьютерді қуат көзіне қосу қажет.

EV3 қуат көзінің 2 түрінен жұмыс жасай алады:

А. АА үлгісіндегі 6 аккумуляторлық батарея арқылы.

Б. Қуаттандыру құрылғысы және аккумуляторлық батарея арқылы.


  1. Ешқашан әр түрлі типтегі батареяларды қолданбаңыздар (оның үстіне ескі мен жаңаны араластырмаңыз).

  2. Зақымдалған батареяларды қолданбаңыздар.

  3. Толықтай қуаттандырылған батарейкаларды EV3-тен ажыратыңыз.

  4. Аккумуляторды ересектердің бақылауымен қуаттандырыңыз.

  5. Қарапайым батареяны қуаттандыруға тырыспаңыз.

  6. Қуаттандыру құрылғысы және батареялар су тимейтін жерде сақтаңыз.

  1. Қуаттандыру құрылғысын қосу.

Аккумуляторлық батареяны ажыратыңыз. Аккумуляторлық батареяны қуаттандыру құрылғысына қосыңыз. Қуаттандыру құрылғысын тоқ көзіне қосыңыз.

  1. EV3 модулін қосу. EV3-ді қосу үшін ортада тұрған ОК батырмасын басыңыз.

  2. Батырманы басқаннан кейін батырмалардың астында қызыл индикатор жанады және жүктелу мәтіні көрінеді. EV

жүктелгенше күтіңіз. Бұл шамамен 20 секунд уақыт алады.

  1. Индикатор жасыл түсті болған кезде, сіздің EV3 модуліңіз қосылды және жұмыс жасауға дайын дегенді білдіреді!

  1. EV3 модулінің сөндірілуі. Жұмысты аяқтау терезесі шықпақанға дейін «Артқа» батырмасын басамыз.

  2. «Иә» жауабын таңдау үшін «Оңға» дегенді білдіретін батырманы басамыз.

  3. Ортасындағы «ОК» тетігін басамыз.

Батырмалардың астындағы жарықтың сөнуін күтеміз, сол кезде ғана EV3 толығымен сөнеді. EV3 сөнді!

    1. Тест сұрақтарына жауап береді.

VII. Жаңа тақырыпты бекіту:

- Сендер, EV3 модулінің қыр –сырымен таныстыңдар. Қызметтері қандай, EV3 модулін өшіп қосуды үйрендік, техникалық спецификасымен таныстық. Батарейкалары орналастыруды, сонымен қатар динамигі қай жерде екенін білдік. Енді:



  1. Қандай ерекшіліктерді кездестірдіңдер?

  2. Не нәрсе ыңғайсыз болды?

  3. Бұрын сендер жұмыс істеген басқа программалардан қандай басымдылығы бар?

  4. Бұл программа туралы тағы не білгілерің келеді?

VII. Қорытындылау, бағалау:

Тақырыпқа анықтама бере отырып, сабақ барысындағы жұмыстарға шолу, мақсаттарын орындау дәрежесін көрсету тәсіліне қарай бағалау.



VIII. Үй тапсырмасы: §§64. Есептер шығару 92 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер: С.Тұяқбаев, Ш.Насохова, Б. Кронгарт, В.Кем, В.Загайнова Алматы: мектеп 2015 ж. Физика 11-сынып.



Жоспарды құрған оқытушы:_________Бекназарова А.О.

Тексерген: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алибаев Е.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет