Сабақтың оқу мақсаттары



бет1/6
Дата16.07.2020
өлшемі28,95 Kb.
#75290
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
13319396-719c-423c-8ba5-4e8ac355530b

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5

Мұғалім: Бахтиярова Анаргуль Мухаметкаримовна


Бөлім/Тақырып


2-бөлім: «Сәнді киінеміз» тақырыбы


Сабақтың оқу мақсаттары

О6 Оқылым стратегияларын қолдану. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

Ойлау дағдыларының өлшемі


Талдау


Оқушыға берілетін тапсырма

Оқушыларға «Сәнді киінеміз» тақырыбында мәтіндер беріледі.

Оқылым тапсырмасы

ТЖ.

1-топ. «Әңгіме пирамидасын» құрады. Шарты: Топ мүшелері пікірін плакаттың өз жағына жеке жазып, ортада талқылап ортақ мәтін қалыптастырады. Топтың әр мүшесі таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.

Бағалау критерийі:

Өз ойын нақты жаза білуі;

Өз ойын жазғанда 2 мақал-мәтел, 2 фразеологизм қолдана алуы;

Қорытынды ойды дәлелмен жазу.

2-топ. «Төрт сөйлем» тәсілімен орындайды. Шарты: 4 сөйлемнен тұратын мәтін жазады.

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Бағалау критерийі:

Ойды жүйелеп, бір сөйлеммен толық жеткізе білу;

Әр сөйлемді құрмалас сөйлем түріне келтіруі.


3-топ. «Даналық ағашы» әдісі бойынша тапсырма орындайды.

Шарты: Ағашты мәтін деп алса, бұтақтарына көтерген мәселелерін, жапырақтарына ақпараттарды жазады. Топпен айтылым жасайды.

4-топ. Сарапшылар бағалайды.

Берілген тапсырмаларды оқушылар топтық формада орындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет