Сабақтың тақырыбы : § 52. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы. Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі46,04 Kb.
#26835
түріСабақ
9-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 52. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Егемен Қазақстанның қоғамдық- саяси өмірі мен республикада көппартиялы жүйенің өріс алуы туралы түсінік беру;

  • Белсенділіктерін арттырып, тарихқа қызықтыра отырып білімдерін жетілдіру;

  • Тарихи санасы қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Биоақпарат және синергетика

Әдісі: Ауызша сабақ-1

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі. Көшбасшы сыныпты рухтандырады

І. Үй тапсырмасын сұрау

II. ТС ЕС (Тірек сөздерді есте сақтау)

ІІІ. ҚС (Қиылыс немесе қарама-қарсы сұрақ):

ІV. СС (сыни тұрғыдан сұрақ)

V. ТСҚ (тақырыптық сөздік қор)



Сабақтың барысы:

І.Үй тапсырмасын сұрау:

      1. КСРО халық депутаттарының І ъезінде қандай проблемалар қарастырылды? Саясаттағы, экономикадағы, қоғамдық өмірдің әлеуметтік- рухани салаларына талдау жасалды.

      2. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі қашан жарияланды? 1990 жыл 25 қазан

      3. 1991 жылы 19 тамызда қандай оқиға болды? ТЖМК құрылды.

      4. 1991 жылы тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қандай Жарлықтар жариялады? «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жөнінде», «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорынедар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қол астына көшіру жөнінде», « Қазақ КСР-нің алтын-алмаз қорын құру», «Қазақ КСР-інің сыртқы экономиклық қызметін қамтамасыз ету жөнінде».

      5. Егемендік туралы декларацияның қабылдануының тарихи маңызы неде? Қазақстан Республикасы егемендігін алды.

      6. Қазақстан Компартиясының қызметі қашан тоқтатылды? 1991 жылы қыркүйекте

      7. Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті болып қашан сайланды. 1990 жылы 24 сәуірде

      8. Қазақстан ЛКЖО атауы қалай өзгертілді? Қазақстан Жастар одағы

      9. ТЖМК (төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет) құрылған жыл? 1991 жылы 19 тамыз

      10. Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін 1991 жылы қыркүйекте құрылған партия? Социалистік партия

      11. КСРО халық депутаттарының 1990 жылғы 15 наурыздағы кезектен тыс ІІІ съезінде Кеңес Одағының алғашқы президенті болып кім сайланды? М.С.Горбачев


II. ТС ЕС (Тірек сөздерді есте сақтау)

1. Құрылтай

2-3. Көппатриялық жүйе

4. Социалистік

5. Республикалық

6-7. Қазақстан халық конгресі

30 секунд оқиды, дәптерге 30 секундта жазады., бір-бірлерінің дәптерлерін тексереді.

Текстпен жұмыс. Оқушылар 8 минут тексті оқып шығады.

ІІІ. ҚС (Қиылыс немесе қарама-қарсы сұрақ):

1. Дүниежүзі қазақстарының тұңғыш құрылтайы қай жылы өтті? 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматыда өтті.

2. Құрылтайға әлемнің қанша елінен өкілдер қатысты ? 33 елінен.

3. Құрылтайда сөз сөйлеген Түркиядан келген қонақ кім? Халифа Алтай

4. Қазақстанда кеңестер жаппай өзін-өзі қай жылы таратты? 1993 жылдың соңына қарай.

5. Қазақстан Республикасының сайлау туралы кодексі қашан қабылданды? (1993 жылы 8 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің ХІ сессиясында)

6. Мемлекеттегі заң шығарушы жоғарғы өкілдік орган қалай аталды? (Парламент)

7. Парламент палаталары қалай аталды ? (сента және Мәжіліс)

8. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялар? (3 партия, Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның халық конгресі)

9. 1999 жылы құрылған партия? (Отан)

Құтқарушы сұрақ:

1. 2006 жылы оныншы съезде Отан партиясының атауы қалай өзгертілді? (Нұр Отан)

2. НұрОтан партиясының төрағасы? (Н.Ә.Назарбаев)

3. «Ауыл» партиясы қашан құрылды?



ІV. СС (сыни тұрғыдан сұрақ)

1. «Қазақстан Патриоттар партиясы» Ғани Қалиевтың төрағалығымен құрылған. --Жоқ. Ғ.Қасымов.

2. Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясы 2004 жылы құрылды.

-Жоқ. 2002 жылы

3. Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы Н.Назарбаев

-Жоқ.Ғани Қалиев

4. «Қазақстан Коммунистік халық партиясы» 2002 жылы тіркеуден өткен.

-Жоқ. 2004 жылы.

5. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Владислав Косеревтің төрағалығымен құрылды.

- Жоқ. Әлихан Бәйменовтың.

6. «Ақ жол» Демократиялық партиясының мақсаты- тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан.

-Иә.


7. Республикамызда мекендейтін этникалық топтарды біріктірудің сара жолы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.

-Иә.


8. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 15 жыл болды.

-Жоқ, 20 жыл болды.

9. Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының бастамасымен 1995 жылы құрылды.

Иә, 1995 жылы құрылды.



V. ТСҚ (тақырыптық сөздік қор)

5 минут ішінде оқытылған тақырып бойынша сөз немесе эссе жазу керек. 63 сөзден кем болмауы керек.

Бағалау: Әр кезең матирцада белгіленеді. Сол белгі бойынша балалар бағаланады.

4-5 белгі- 5 ұпай

3 белгі- 4 ұпай

2 белгі- 3ұпай



Үйге тапсырма: : § 52. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы
Каталог: uploads -> doc -> 0e11
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e11 -> Ата-аналар мен сынып жетекшісінің жұмыс ұйымдастыру әдістемесі
0e11 -> Сабақ өткізу шеберлігін арттыру тәсілдері Мақсаты: Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігін арттыру. Сабақ өткізу әдістері
0e11 -> Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
0e11 -> А. А. Наимбаева Жоба жетекшісі
0e11 -> Сабақтың тақырыбы: Ежелгі тас дәуірі және археологиялық ескерткіштері Сабақ тың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет