Сабақтың тақырыбы: § 12 «Нарықтық қатынастар және ақша»



Дата08.09.2017
өлшемі71,93 Kb.
#31303
түріСабақ
Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Шәкен ауылы

134 орта мектептің құқық пәнінің мұғалімі



Қоланова Ақмарал Мунарбайқызы
Сабақтың тақырыбы: § 12 «Нарықтық қатынастар және ақша»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Оқушылардың нарықтық қатынастар, ақша, тауар, айырбас, сауда, сұраныс пен ұсыныс туралы түсініктерді, жастар еңбегіне қатысы бар заңдардың негізгі қағидаларын, адамдардың меншікке қатынасын талдауға, өзіндік құн мен бағаны , бизнес пен коммерцияны салыстырып талдай білуге дағдыландыру;

Ә) Тәрбиелілігі: Оқушылырдың экономикалық сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, адамгершілікке, парсаттылыққа тәрбиелеу;

С) Дамытушылығы: Оқушылырдың дүниетанымы мен логикалық ойлай

білу қабілетін ұштап, өздігінен жұмыс жасату арқылы олардың ой – өрісін

дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, ой қозғау, тестпен жұмыс, терминмен жұмыс;

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, видео, слайд, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу;

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару;

  • Сыныптың тазалығын тексеру;


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылар дәл осы уақытта біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі еліміздің рәміздері. Ендеше топқа бөлінуде мен осы рәміздерді қолдансақ. Өзімізге түскен рәміздер бойынша 2 топқа бөлініп алсақ.

Оқушыларды топқа бөлу үшін Мемлекеттік рәміздерді қолданамыз.

Оқушылардың қолына берілген қағаздар бойынша 2 топқа бөлінеді.

Топтың арасынан көшбасшыны анықтау керек. Оқушылар өздері анықтайды.

Оқушылардан үйге берілген § 11 бойынша сабақ сұрау :

Сабағымыздың басында мына сөзді айта отырып өткен сабақты қорытындылап кетсек: «Өткенімізді білмей, болашығымызды болжай алмаймыз »



  • Тақтаға 2 топтан оқушылар шығып сабақ айтады.

  • Сыныпта 2 топтың оқушылары слайдпен көрсетіліп тұрған тест сұрақтарына жауап береді.

Тест

  1. Жеке адамдар мен фирмалардың жерді,капиталды және басқа активтерді алу, билеу, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы?

А) жекеменшік В) кәсіпорын меншігі

С) акционерлік меншік Д) жалгерлік кәсіпорындар

2. Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында

жұмыстар атқаратын, өздігінен шаруашылық жүргізетін субьект?

А) жекеменшік В) кәсіпорын

С) акционерлік қоғам Д) нарықтық қоғам

3. Заңды немесе жеке тұлғалардың ерікті бірлестіктері, меншіктің аралас

нысанындағы кәсірорындардың бір түрі:

А) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік В) кәсіпорын меншігі

С) акционерлік меншік Д) жалгерлік кәсіпорындар

4. Экономикалық жүйелердің ішіндегі қате жауапты табыңыз?

А) Дәстүрлі В) Жоспарлы

С) Нарықтық Д) Капиталистік

5. Нарықтық экономика негізделген:



А) тауар- ақша қатынасы В) натуралды-қауымдық

С) ұлттық-отбасылық Д) Жекеменшік пен кәсіпорын

6. Экономиканы балансқа келтіру үшін қажет негізігі элементтер :

А) нәтиже мен қорытынды В) адам мен қоғам

С)сапа мен сан Д) сұраныс пен ұсыныс

7. Жоспарлы экономика дегеніміз:



А) Жоспарлы жүргізілетін ,мемлекет тарпынан басқарылатын және қадағаланатын жүйе

В) ресурстарды дәстүрлер мен ғұрыптарға сүйеніп пайдалану түрі

С) тауар-ақша қатынасына негізделіп, жекеменшік пен өндірушілердің еркін бәсекелестігі орнаған жүйе

Д) жекеменшікке және оның түрлері ассоцияланған формалары мен түрлеріне негізделген

8. Қоғамдық қатынастардың : экономикалық,саяси, ұлттық және отбасылық,

идеологиялық және адамгершілік қатынастардың жиынтығы алып жүруші:

А) Қоғам В) Адам

С) Экономика Д) Нарық

9. Қызылорда қаласындағы жергілікті кәсіпорындар:

А) «Митлл стритт», «Казмыс» В) «Бастау», «Абзал и К», « КАМ» С) «Теңіз Шевройл», «Роял Датшель»

Д) «Фармацефтика» ,«Цемент»

10. Командалық экономика дегеніміз?

А) Жоспарлы жүргізілетін ,мемлекет тарпынан басқарылатын және қадағаланатын жүйе

В) Өнеркәсіп орындарын басқару бір орталықтан жүзеге асырылатын жоспарлы экономиканың бір түрі ретінде көрініс береді

С) тауар-ақша қатынасына негізделіп, жекеменшік пен өндірушілердің еркін бәсекелестігі орнаған жүйе

Д) жекеменшікке және оның түрлері ассоцияланған формалары мен түрлеріне негізделген

ІІІ. Жаңа сабақ:

Тақтаға күннің реті мен тақырыпты жазу. 12.12.2013 ж



«Нарықтық қатынастар және ақша»

Ой қозғау: Видео

/ Оқушылар көрген көріністер арқылы жаңа тақырыпқа жетелейміз/



  • Оқушылар жаңа ғана көрген көріністе нені байқай алдық?

  • Базар, сауда, қала, бай ,кедей ,теңсіздік,ақша,адалдық, қулық және т.б

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Нарық , ақша ,тауар,

  2. Құн және тауардың бағасы

  3. Сұраныс пен ұсыныс заңы

Осы тақырыптар бойынша талдау жасап өтеміз. Топ ішінде бір оқушы баяндамашы, бір оқушы сарапшы және 1 оқушы сұрақ қоюшы болып бекітілсін.

Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құнбағабәсекесұраныс пен ұсыныс. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән.

Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ерекше тауар

Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

«Монета» сөзі латынша «moneo» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді. Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX—X ғғ. жатады.

Тауар- айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім.Әр тауардың өзінің бағасы болады. Тауардың құны оны өндірушініңм өндіріс факторлары үшін шығарған шығындарының жиынтығымен айқындалады.

Сұраныс- сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілеті.

Ұсыныс- тауар өндірушінің белгілі жерде, белгілі уақытта тұтынушыға сата алатын тауарларының көлемі.
IY. Сабақты бекіту:


  1. Кластер құру :

І топқа: «Нарық»

ІІ топқа: « Ақша» сөздері беріліп қысқа –нұсқа жауап.



  1. Терминмен жұмыс. Оқушылардың ішінде жылдам орындап, бір уақытта бітірген бірнеше оқушы болса 1 –айту үшін жұмбақ жасырамын : Әлемнің тынысы
    Байлықтың белгісі
    Ол не? -... (ақша, теңге)
    Оқушы бүгінгі өткен тақырып барысында кездескен қасиетті 7 санына сәйкес 7 терминді тізіп және оның мәнін қысқа сөзбен жазып шағады . Олар: ақша, нарық, тауар, құн, сұраныс, ұсыныс,баға


Y.Қорытынды.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма § 12 «Нарықтық қатынастар және ақша»



Тақырыпты оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру, «Ұлттық теңгемізге – 20 жыл» туралы эссе жазу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет