Сабақтың тақырыбы: § 16. «Сібір, Орынбор қырғыздары жөніндегі ережелер»



Дата04.07.2018
өлшемі16,37 Kb.
#46968
түріСабақ
Күні: 30.10.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы. № 17

Сабақтың тақырыбы: § 16. «Сібір, Орынбор қырғыздары жөніндегі ережелер»

Сабақтың мақсаты: Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылу себебін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру;

  • Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, пікірлесу қабілеттерін дамыту

  • Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Дидактикалық құралдары: жеке тапсырмалар, кесте, карта, сызба.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.
Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқ мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Кестенің толтырылуын тексеру.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері мен салдары.

  2. Орта жүзде хандық билікті жоюдың басталуы. Жаңа басқару жүйесін енгізу.

  3. сыртқы округтерде сайлау тәртібі және сыртқы приказдардың негізгі функциялары, міндеттері.

  4. Шаруашылық пен сауданың дамуы.

  5. Денсаулық сақтау, дін, білім беру салаларындағы жаңа тәртіптер. Орта жүздегі 1822 жылдан кейінгі оқиғалар.

  6. Кіші жүзде хан билігін жою.

  7. 1877 ж. «Орынбар қырғыздырыны туралы Жарғы».

  8. 1822-1824 жж. Жарғыларды енгізудің салдары.

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғасының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. Тақырыпты оқыту кезінде сабақты үш бөлімге бөлуге болады.

Дамыту кезеңі:

І кезең. Ол хан билігін жоюдың негізгі себептеріне тоқтала отырып, «Жарғының» авторларына және олардың мақсатына жан-жақты тоқталады.

Одан кейін оқушыларға «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» («Сібір қырғыздары туралы жарғы», 1822) және «Кіші жүзде хан билігінің жойылуы» («Орынбор қызғыздары туралы жарғы»,1824) деген тақырыптар бойынша өздігінен дайындалуға тапсырма береді.



ІІ кезең. Өзіндік жұмыс.

А) Оқушылар төмендегі жоспар бойынша «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындаулары керек.



  • Жобаның аты

  • Шыққан жылы

  • Авторлары

  • Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері

  • Округтік приказдарды сайлау тәртібі және функциялары

  • Мына салалардағы жаңа тәртіп:

  • экономика

  • сауда

  • денсаулық сақтау

  • білім беру

  • дін

Ә) «Кіші жүзде хандық билікті жою» (1824, 1844) тақырыбына төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындау:

  • Жобаның аты

  • Шыққан жылы

  • Авторлары

  • Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері.

Өзіндік жұмыс нәтижелерін талдағаннан кейін, қорытынды шығару.

Сабақ тақырыбын бекітуге арналған сұрақтар үлгісі:

  1. Қазақстандағы жаңа реформаның мақсатын айтыңдар.

  2. Орта жүзде шаруашылық, сауда, денсаулық, дін салаларында қандай өзгерістер болды? (Кесте толтыру)

  3. 1844 ж. Орынбор қазақтары өмірінде қандай өзгерістер болды?

Үйге тапсырма:

  1. Терминдердің мағынасын түсіндіріңдер.

  2. Оқулықтағы мәтінді және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отытыр, «Тарихи тұлға» атты хабарлама дайындау (оқушының өз таңдауы бойынша)

Каталог: uploads -> doc -> 0e97
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e97 -> Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылы Сабақтың мақсаты
0e97 -> Сабақ тақырыбы Мақсаты Күтілетін нәтиже Оқытуда қолданылатын модуль


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет