Сабақтың тақырыбы : Ана құшағында. Ғ. Мүсірепов



Дата22.01.2017
өлшемі41,09 Kb.
#7575
түріСабақ
Баймуханова Валентина Ершегеқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ана құшағында. Ғ.Мүсірепов.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді дұрыс түсініп оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге уйрету.

2.Өзекті, түйінді ойын ашық айтуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру, әртүрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

3.Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да

Анадан туатындығын, сондықтан ана өмір бастауы екенін ұғындыру.



Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, талдау, топтық жұмыс.

Түрі:араралас сабақ.

Көрнекілігі: Ғ.Мүсіреповтің портреті, үнтаспа

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

б) психологиялық дайындық.

Айналаға алақанмен,

Жылылықты шашайық.

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық.

ІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Үлек әңгімесін оқып, мазмұнын айту.

Оқушылардан мазмұнын сұрау. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып жауап алады.

1.Үлек дегеніміз не? Үлекке сипаттама бер.

2.Әңгімеде тұйе жейтін қандай шөптер айтылған?

3.Мүлкібай ата портретін айт.

4.Түйе туралы мақал-мәтел айт.



ІІІ. Жаңа сабақ .

Қызығушылықты ояту.(үнтаспадан тыңдату)

Үш әріптен тұратын

Есімі оның тұрақты.

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан.

Күнім, жаным дейтұғын

Айтады кәне,кім атын? (Ана)

Топтастыру стратегиясы. Қасындағы парталасымен бірігіп Ана сөзін топтастыру. Ак кағаз таратылып беріледі.

«Ана құшағы »дегенде ойларыңа не келеді? Осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін Ғ.Мүсіреповтің «Ана құшағында» деген әңгімесімен танысамыз.

Оқушыларға алдын ала Ғ.Мүсірепов туралы мәлімет қарап келу тапсырылды.Сол бойынша оқушылар сөйлейді. Кітап көрмесіне тоқталу.

Ғ.Мүсірепов-қазақтың көрнекті жазушысы.Ірі қоғам қайраткері.Алматы қаласында жазушыға арнап ескерткіш қойылған.

«Қазақ солдаты» атты романынан үзінді берілген. Бұл әңгімедегі басты кейіпкер Кеңес Одағының батыры атыраулық Қайырғали Смағұлов. Қайырғалиды бәрі Қайрош деп атайды.

10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды.Оның алдына 87 бас мал салып беріп,егер бір басын жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамап камаймын дейді қара мұртты.Қайрош қашан оқимын деп жүргенінде бір торпақ жоғалып кетеді.Ары санайды, бері санайды 86. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай зыта жөнеледі.

Зытып келем, зытып келем,

Атрыма қарай- қарай зытып келем.

Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.

-Балалар үйі кімдерге арналған?

Құлыным,Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің? (Үн таспадан тыңдау)

-Кімнің дауысы деп ойлайсыңдар?

Әрине, анасының даусы.



Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға тізбектеп, іштей оқыту. Сұрақ арқылы мазмұнын әңгімелеу.



Мәтінмен жұмыс.

1.Ана мен баланың бір-біріне деген сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?

2.Қайрош анасымен неге ауылға кетіп қалмады?

3.Анасының Қайрошты құшақтаған жерін тауып оқы.



Сергіту сәті. ән «Ана»

Дәптермен жұмыс.

Қайроштың анасына сипаттама жазу.



Топтық жұмыс.

1-қатар Менің анамның портреті.

2-қатар Ананың қоғамдағы ролі.

3-қатар Ана туралы мақал-мәтел жазу.



Шығармашылық жұмыс.Өлең құрастыру.

--------------------------- данасың.

--------------------------панасың.

---------------------------баласын,

---------------------------анашым.

ІV.Сабақты бекіту.

Біз бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік?(Оқушылар өз ойларын айтады.)



Бағалау.Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

V.Үйге тапсырма Мәтінді түсініп оқу. «Менің анам» тақырыбына әңгіме жазу.

Қорытынды.

Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған –АНА: Ананың құшағы ыстық.Ана баласы үшін отқа да, суға да түседі.Өмірдің бар қиындығына көнеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Жан-жануар да өз баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамдары қолынан келгенше анасына құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады,. Жазушы әңгіме жазады,ал сазгер ән-күй шығарады. Яғни барлық адамзат баласы өзінің ана алдындағы борышын өтеуге тырысады.

Ана –ұлы, ана қымбат, ана –құдіретті жан! Олай болса ананың құдіретіне бас иейік.

Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.

Сабақтың тақырыбы: Наурыз –думан.

Сабақтың мақсаты:Наурыз мейрамының пайда болу тарихы туралы түсініктерін молайту. Оқушыларды халқымыздың дәстүріне, әдет-ғұрпына арналған жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу. Халық салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты дәріптеуге оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, түрлі суреттер, дастархан, ұлттық тағамдар көрмесі.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата- аналар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды, Мерекелеріңіз құтты болсын!

Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.Наурыз той құтты болсын!



Ұлттық мерекелер мен тойлардың тәрбиелік мәні зор. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деп халық тойға дайындық кезінде балаларды еңбекке баулиды, салттарды қалай өткізу жолдарын үйретеді. Біздің елімізде наурыз мейрамы 1926 жылға дейін тойланды да тоқталып қалды.Тек 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады.Ұлыс күні наурыз көже пісіріледі. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп, қауымдасқан жігіттер айнала төңіректегі бұлақтардың көзін ашса, «Бір тал кессең, онда он тал »
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет