Сабақтың тақырыбы : Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары Сабақтың оқыту мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі55,91 Kb.
#25359
түріСабақ
Сыныбы: 7 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары

Сабақтың оқыту мақсаты:

- Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы қарсаңындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және этникалық жағдайымен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

- Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен тарихи факторларды салыстыра отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру;

- Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отаның сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.



Сілтеме, пайдаланған әдебиеттер:

7 сынып Қазақстан тарихы оқулығы



Оқыту нәтижелері:

Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен тарихи факторларды салыстыра отырып, оқушылар өз бетінше қорытынды жасауға дағдыланады.



Сабақтың әдіс-тәсілі: Қызығушылықты ояту, «Кім жылдам?», түсіндірмелі әдіс

Сабақтың ресурстары: Сабақ жоспары, интерактивті тақта, сызба

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру(2 минут)

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындық барысын қадағалау.



ІІ. Үй тапсырмасы. «Қызығушылықты ояту» үй тапсырмасы ретінде: «Кім жылдам?» әдісі арқылы өтеді.

1.Материалдық мәдениет дегеніміз не?

2.Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?

3.Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесіңдер?

4.Діни наным-сенімдердің қандай түрлерін білесіңдер?Мұсылман діні қай хандар кезінде кеңінен тарала бастады?

5.Сәулет өнері деген қандай өнер?

6. Рузбиханның жазуы бойынша дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған кімдер?

7. XY ғасырда Орталық Қазақстанда өмір сүрген хандық?



Тест сұрақтары:

ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: 
А) Еркін адамдар 
В) Жауынгерлер 
С) Көшпелілер 
D) Бақташылар 
Е) Егіншілер 

2.Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас: 


А) Жетісу 
В) Таңбалы Нұра 
С) Алтын Орда 
D) Арыстан баб кесенесі 
Е) Ноғай Ордасы 

3.«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы: 


А) «Жошы ханның жортуылы» 
В) «Қорқыт ата» 
С) «Алаша хан» 
D) «Оғызнама» 
Е) «Ақсақ құлан» 
4. Махмұд Қашғаридың еңбегі:
А. «Тарих - и Рашиди» С.»Шыңғыснама»
В.»Жылнамалар жинағы» Д.»Түрік сөздерінің жинағы»

5. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын: 
А) А. Йасауи 
В) А. Иүгінеки 
С) Рашид ад-Дин 
D)Әбілғазы 
Е) С.Бақырғани 

6. Орда Ежен билік құрған мемлекет: 
А) Алтын Орда 
В) Ақ Орда 
С) Моғолстан 
D) Әбілқайыр хандығы 
Е) Ноғай Ордасы 

7. Ақ Орданың аумағы Жошының осы балаларының иелігін қамтыды: 
А) Орда Ежен мен Шайбани ханның 
В) Үгедей мен Шағатай 
С) Мөнке мен Төле 
D) Ерзен мен Мұбәрак 
Е) Мүбәрак пен Өзбек 

8.Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан: 


А) Ұрұс хан 
В) Уәйіс хан 
С) Тоғылық Темір хан 
D) Есен - бұға 
Е) Ілияс - Қожа 

9.Моғолстан мемлекетінің құрылуына басты рөл атқарған әмір, дулат тайпасының ақсүйегі: 


А) Темір 
В) Поладшы 
С) Дува 
D) Жүніс 
Е) Қызыр - Қожа 

10. Киелі аң-құстың тісін, тырнағын тіл-көз тимеуге қарсы жасаған ырымның атауы: 


А) Су моншақ 
В) Көз тимес 
С) Тілтұмар 
D) Бойтұмар 
Е) Тұмар 

11. Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады: 
А) Арабтардың келуімен 
В) Қарлұқтардың келуімен 
С) Қытай әскерлерінің келуімен 
D) Отқа табынуға байланысты 
Е) Оғыздардың келуімен 

Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:

1.Ұлттық мемлекеттің құрылуы қарсаңындағы Қазақстанның саяси жағдайы.

2.Этникалық жағдайы.

3.Экономикалық жағдайы.

4.Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

Этникалық жағдайы Біртұтас ұлттық мемлекеттің құрылуының басты бір белгісі оның халқының этникалық құрамы бірыңғай болуға тиіс. Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі, ділі ,діні,әдет-ғұрпы, салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет. Қазақстандағы өмір сүрген сол кездегі ру-тайпалардың көрсетілген қажеттіліктердің барлық жағынан ұқсас екендігіне ешбір күмән келтіруге болмайды.



IV.Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.
Экономикалық жағдайы. Біртұтас қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының негізгі экономикалық жағынан дамуы болды. Археологиялық зерттеулерге қарағанда Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалар сонау қола дәуірі кезінен бақташылық мал өсіру және теселі жер өңдеумен айналысқан.

Қазақ хандары



Ақсүйектер Шыңғыс ұрпақтары, ру-тайпа ақсүйектері, хандар мен сұлтандар

Қарашалар,қарапайым адамдар, мал өсірушілер, егінші шаруалар.



Салық төлейді

Салықтан босатылды.


Халық өміріндегі дағдарыстар



Сабақты қорытындылау.

1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында саяси жағдай қандай дәрежеде еді?



2.Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы арасындағы талас-тартыс неден туды?

Үйге тапсырма:§35 оқу


Каталог: uploads -> doc -> 049e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
049e -> Интеллектуальная игра по химии «Знатоки+» для 8-9 классов
049e -> Атырау облысы Қызылқоға ауданы
049e -> Сабақтың мақсаты : : n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет