Сабақтың тақырыбы : «Әңгіменің деректік негізі»



Дата29.11.2016
өлшемі59,51 Kb.
#2770
түріСабақ
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 5 «В»
Күні:____________
Сабақтың тақырыбы
: «Әңгіменің деректік негізі»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шетелдегі жарыстарда атақ, даңққа ие болған тұңғыш қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолымен, бейнесімен, ерең еңбегімен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың тіл мәдениетіне, ойын толық, дәлелді жеткізе білуіне жетелеу, көркем шығарманы талдай білу дағдысын дамыту;
Тәрбиелік: Спортты сүюге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау, шығармашылық және репродуктивтік, топтастыру;
Сабақтың көрнекілігі: Қажымұқан суреті, кеспе қағаздары, әр түрлі тапсырмалар,
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: қайталау

Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі, тарих
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Отырыңдар.

- Кезекшімен сөйлесу:

- Сыныпта кім кезекші?

- Бүгін сыныпта кім жоқ?

- Үйге қандай тапсырма берілді?



II. Үй тапсырмасын тексеру:
«Қажымұқан» әңгімесін мазмұндау,Қалмақан Әбдіқадіров өмірбаянын оқу.
1.«Білмеу ұят емес» әдісі
1. Қажымұқан кім?
2. Оны оқуға кім жіберді?
3. Не себептен жүк көтерген аты өліп қалды?
4. Қажымұқан жүкті қалай қораға әкеліп жеткізді?
5. Қажымұқан әңгімесінің авторы
6. Қажымұқан қай жердің тумасы?
7. Оған көмектескен кім?


III. Қызығушылықты ояту:
Кіріспе әнгіме: біздің бүгінгі кейіпкеріміз туған халқына адал еңбегімен қызмет атқарып, даңқын асқақтатты, әлемге танытты.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойына тұңғыш ілген.

Оқушылар Жүсіпбек Аймауытов пен Абайдың нақыл сөздерін оқып, тәрбиелік мәнін түсіндіреді.

Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмайды. (Ж.Аймауытов).

Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап. (Абай).

Нақыл сөздердің Қажымұқанға қатысы қандай?

2. Ассоциация әдісі


Қажымұқан

Қажымұқан:

палуан шыдамды

қайсар ірі тұлғалы

батыр алып күш иесі

3. Топтастыру. Тірек сөздер арқылы сөйлем құрау.


Қазақ елі

Қажымұқан

мақтаныш



Ақмола

Қажымұқан

Қазақ даласының батыры

Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы болды. Ақмола жерінде дүниеге келген Қажымұқан ерлік көрсетіп,Қазақ даласының батыры атанды.




4. «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі .
1. Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?
2. Отыз пұт май қатырған кеспекті, бала шанаға қалай салды?
3. Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді?
4. Қажымұқан жайында не білеміз?
5.Петр қаласында Қажымұқан кіммен кездесті?
6. Лебедев мектебі Қажымұқанға нені үйретті?
7.Мұқан Орлий Масликовпен қалай кездесті?
8.Ата-анаға деген мейірім,қамқорлық қай жерден көрініс алған?
9.Мұқан еңбегін бай қалай бағалады,сен байдың орнында болсаң не істер едің?

5.«Ой жинақта »әдісі . Әңгіме мазмұны бойынша жоспар құру

Мазмұндау жоспары:

1.Қар күреген бала.

2. Жаяу сүйреген шана.

3.Ұлы Петрдің қаласында

4. Парижде




IV. Мағын тану:
6. Insert әдісі.

«Жаяу сүйреген шана» тақырыбы бойынша

V

+

-

?












«V» - мен мұны білемін
«+» - маған қызық
«-» басқаша ойладым
«?» түсінбедім, сұрағым бар

7. Кубизм.Кубикті лақтырып,түскен бетіндегі нөмірге сәйкес сұрақтарға жауап беру.

1.Петр қаласында Қажымұқан кіммен кездесті?

2.Лебедев мектебі Қажымұқанға нені үйретті?

3.Мұқан Орлий Масликовпен қалай кездесті?

4.Ата-анаға деген мейірім,қамқорлық қай жерден көрініс алған?

5.Мұқан еңбегін бай қалай бағалады,сен байдың орнында болсаң не істер едің?

6.Мұқанның басқа ерліктері туралы не білесің?

8. «Ақиқат пен жалған» әдісі




Тұжырым

ақиқат

жалған

Қар күреп жүрген балның жасы он бесте болды




+

Қажымұқан Қызылжардың тумасы




+

Қажымұқанның әке-шешесі кедей адамдар болған.

+




Масликов Қажымұқанды «Митька» деп атап кеткен

+




Қожайын өлген атын көріп, городовойды шақыртты

+




«Күш байқаған кісі тышқан аулаған мысықтай, үндемей келіп бас сала ма екен?», - деді Дядя Иван

+




Иван Васильевичта оқу тегін болды




+

2

9. Тақтамен жұмыс


Венн диаграммасы. Алдыңғы сабақта танысқан Шоқан мен Қажымұқанға шығарма желісі бойынша сипаттама береміз.

Шоқан Қажымұқан


саяхатшы, суретші, әдемі

палуан, адал, ірі денелі



Мейірімді, өнерлі, тарихтағы ірі тұлғалар


V .Рефлексия: Қорытынды:
Бүгінгі сабақта әлемдік аренаға шығып, халық мәртебесін асырған Қажымұқанның қиын тағдырына ортақтастық. «Көп бейнеттің зейнеті болады» деуші ғой халық. Мұқан да қиындықтардан шыңдалып, жақсылыққа жеткен екен.
Сонымен, балалар, Қажымұқан аталарындай палуан болғыларың келсе , палуандар тілі – спорт. Денсаулықтарың шымыр болсың десеңдер спортты сүюлерің керек.


10. «Бортовой журнал» әдісі

Мен бұл тақырып бойынша не білемін

Мен бұл шығармадан не білдім






VI. Үйге тапсырмасы : «Қажымұқан» әңгімесін оқу, мазмұндау. Ерлік, батырлық, күш, еңбек туралы мақал- мәтел жазып келу.


VII. Бағалау : Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына, сабаққа қатысуына, берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 029e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
029e -> Директор: Оқу ісінің меңгерушісі Қаулы №


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет