Сабақтың тақырыбы : Етістік, Етістіктің құрамына қарай түрлері



Дата08.09.2017
өлшемі39,43 Kb.
#31770
түріСабақ
Оқу орны : « Көлік және коммуникация колледжі » МКҚК

Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы : Нығыметова Лира Қасқырбаевна

Сабақтың тақырыбы: Етістік, Етістіктің құрамына қарай түрлері.

Сабақтың мақсаты : Етістіктің сұрағы, лексика – грамматикалық мағыналары,

ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру,етістіктің құрамына қарай түрлерін сөйлем ішінен тауып, дұрыс ажырата білулерін тексеру, тереңдету.



Дамытушылық : Тапсырмалар жүйесі арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, шығармашылық ізденісін дамыту.

Тәрбиелік : Студенттердің рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Сабақтың әдісі : Сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырма, «Нақыл сөздер» айтысы.

Көрнекілігі: Үлгі кестелер, үлестірмелі материалдар, слайдтар, суретті қағаздар, тірек – сызба, суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылығын ояту.



Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

1.Етістік дегеніміз не?

2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

3. Дара етістік дегеніміз не?

4. Күрделі етістік дегеніміз не?

5. Мысал келтір?

ә) Сөз ұйқастарынан өлең жолдарын құрастыру.

1. боламыз жоямыз

толамыз тұрамыз



құрамыз қоямыз

Жаңа сабақ



Етістік

Болымды Болымсыз



Мыс : бар, айт, жүгір, қи Мыс: бар – ма, айт- па,

Істің болғанын, болып жүгір-ме, қи-ма

жатқанын не болатынын Істің болмаған я болмайтынын

білдір болымды етістік деп атайды, етін етістіктің түрін білдіретін етістіктің түрін болымсыз

. етістің дейміз.

Семантикалық картамен жұмыс.

Жаңа сабақты пысықтау.

  1. деңгей

232 – жаттығудағы өлең жолдарын мәнерлеп оқып, болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын айт.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер

Жанбай жатып сөңсеңіз?...

Жақынның сөзі тәтті деп,

Жақыным айтты дей көрме.

Надандықпен кім айтса.

Ондай түпсіз сөзге ерме... ( Абай)

«Диқан мен жер» мәтінінен етістіктерді теріп жаз.

Мен диқанмын, жерді сүюге, білуге тиіспін. Мен туған жерді жырлайтын өзімше ақынмын.

Жетісуды, оның ішінде Көксу, Тентек, Қаратал бойын, жақсы білемін. Өзімнің туған жерім – Малайсары. Жетісу – аса сұлу жер. Қайда барсам да, Жетісудан сұлу, әдемі жерді көрмедім.

Диқанның жермен кіндігі бір.Оларды ажыратсаң өледі, не диқан өледі, не жер өледі.Жер мен диқанның қасиетінің өзі осында . Бұл ғана емес, осы жердің астында қанша жерде тас жатыр, қай жерде қанша су бар, қай жерде қанша өнім бар мен соның бәрін білемін. Оны білмесем мен диқан емеспін.



Болымды етістіктен болымсыз етістік жаса.

Күшік – Қақ -

Шула – Көр -

Күл – Ал -

Ұмыт - Санас –

2 деңгей:



1.Төмендегі сөйлемдердің құрамындағы етістіктерді тұлғасына қарай талда.

Жарыс басталды.

Тәуке бірден алға түсті.

Ержан да Тәукені қуып жетті.

Ол таяқты сілтеп, жеңіл сырғанап келеді.

Екі беті алмадай қызарып кетті.



2.Төмендегі берілген тұрақты сөз тіркестерін / тұрақты етістіктерді/ синонимдермен ауыстыр.

Жұмған аузын ашпау – Көмектесу –

Қайран қалу – Өкпелеу -

Тіл алмау – Ұнатпау -

Сөзге келу – Сөйлеу -

Қол жұмсау – Көрмеу -

Тісін қайрау - Мақұлдау –

Етістіктерді қатыстырып, « Менің туған жерім» тақырыбында шағын шығарма жаз.



Шығармашылық жұмыс.

«Мақал – мәтелдер» айтысы.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1 – топ: Болымды етістік. 2 топ- Болымсыз етістік

Ой толғаныс

Балалар осы сабақ барысында алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? Қойған мақсатқа жету үшін не істедіңдер? ( оқушылар өз ойларын жазады)



Үйге тапсырма. 229 – жаттығу.

Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет