Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»



Дата04.08.2017
өлшемі247,33 Kb.
#22768
түріСабақ
Сыныбы : 5

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»



Мақсаты: а)Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық

мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау

қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Әдісі: сұрақ – жауап,талдау, баяндау, пікір айту.

Көрнекілігі: Ыбырай Алтынсарин портреті, шығармалары, магнитофон, еңбек туралы нақыл

сөздер.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, экология, еңбек.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.



II. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Топтастыру» стратегиясы.




Ыбырай Алтынсарин

туралы не білеміз?

← →




  1. «Өзен» өлеңін мәнерлеп жатқа айт.

  2. «Су – тіршілік көзі».Ой толғау жазу.


III. Жаңа сабақ.
Кіріспе сөз. «Дүние қалай етсең табылады?»шағын көлемді аударма әңгіменің қысқаша мазмұнына назар аударайық.
Сөздікпен жұмыс:франк- француз ақшасының атауы.
Мәтіннен көнерген сөздерді табу: купец, реуішті.
Сұрақ. 1. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?

2. Антон қандай қорытынды шығарды?



(Мәтіннен тауып оқыту).
Шығармашылық сауал.

  1. Антон сияқты сенің бірге оқыған досың тіленшілік қылып тұрса не істер едің?

  2. Болашақта кім боламын деп армандайсың?

3. Бұл әңгіменің басты тақырыбы не жайында баяндалған екен?

4. Ыбырай аталарыңның еңбек тақырыбына жазған тағы қандай әңгімелерін білесіңдер?



(Дәптермен жұмыс.)

«Болжау» стратегиясы. Қалай баюға болады?

Венн диаграммасы


Еңбекқор

Ұқсастығы

Жалқау

Тыным таппайды, күнін босқа өткізбейді, еңбектеніп ақша табады, ешкімге тәуелді болмайды.

Екеуі де адам.

Ештеңе істегісі келмейді, арамтамақ, жатып ішер, оңай жолмен ақша табуды ойлайды.



Кітаппен жұмыс: рөлдерге бөліп оқыту.

  1. Автор сөзі:

  2. Француз жұртының білімді адамының сөзі:

  3. Бейтаныс адамның сөзі:

  4. Антонның сөзі:



Қорытынды: «Екі бетті күнделік» стратегиясы.


Әңгімеден алған әсерім

Пікірім









Үй тапсырмасы: әңгіменің мазмұнын игеру, жоспар құру, шағын шығарма жазу.

Қазақ тілі 5-сынып

Күні _______________

Тақырыбы: Ана тілінің қызметі

Мақсаты: білімділік: Оқушыларға ана тілі,оның қызметі, жалпы тіл қызметі туралы мағлұмат беру арқылы жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың теориялық алған білімдері арқылы ой-өрісін, тілін,түрлі жаттығу жұмыстары арқылы ойлау, есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге,мәдениеттілікке, ана тілін сүюге,құрметтеуге,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,талдау, ой жинақтау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

(Оқушыларды сабақ процесіне дайындау



ә) Жаңа сабақ

Әр халықтың өзінің ана тілі халқымен бірге жасап, бірге дамиды. Енді біз алдымен тілдің пайдасы,қызметі туралы ой бөлісейік.

(Оқушылардың ойы тыңдалады,кластер толтырылады)


Тілдің қызметі



коммуникативтік қызметі танымдық қызмет

қоғам мүшелерінің қарым-қатынас ойды жарыққа шығару

жасау тәсілдері және ойды қабылдау жолдары

экспрессивтік қызмет

сезім мен эмоцияны жеткізу мүмкіндігі



Біздің елімізде қарым-қатынас үшін қолданылатын үш тіл


қазақ тілі

орыс тілі

ағылшын тілі

Қазақ тілі- мемлекеттік тіл

Орыс тілі-ресми тіл

Ағылшын тілі-ұлтаралық қатынас тілі




б) Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу.Мәтінді оқып,мазмұндаңдар.

А.Байтұрсыновтың пікірінше, жаза білудің пайдасы бар ма? Ойларыңды дәлелдеңдер.

(Оқушылар ойларын дәләлдеп жазады)

Үлгі: Жаза білудің пайдасы бар,себебі ...
3-жаттығу. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.

Баланың әке өсиетін бірден түсінбеу себебі неде деп ойлайсыңдар?

(Оқушы пікірлерін тыңдау)
«Жаңа сөз жаса» ойыны

Әріптердің орнын ауыстыра отырып, жаңа сөз жаса.




т

а

р

ы

-------

а

р

т

ы




қ

а

с

ы

қ

-------


















т

а

б

а

қ

-------

















в) Бекіту


Тілдің қызметі

қарым-қатынас құралы ой жеткіземіз

тарихымызды танимыз

Адамның ойын түсінеміз



г) Үйге тапсырма

2-жаттығу. 3тапсырма. Ана тілі жайында дәптерге үш мақал-мәтел, бір шумақ өлең немесе даналық сөз тауып жазу,альбом жасау

д) Бағалау

Сабақ тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры.

Сабақ мақсаты.

1.Білімділік: Қобыланды батыр жырының тақырыбын, идеясын, көркемдік ерекшелігін ашу;

2.Тәрбиелік: елді қорғауға, батырлыққа, елдікке тәрбиелеу;

3.Дамытушылық:сөз қолданысы, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыта түсу ;



Түрі: аралас

Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру, баяндау

Көрнекілік: «Қобыланды батыр жыры» кітабы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақ

Қобыланды батыр жыры – елдік, ерлік, елді қорғау тақырыбында жазылған.

Жырдың негізгі кейіпкері - Қобыланды.

Қарлыға Қобыланды Қызыл Ер

Тоқтарбай Кейіпкерлері Қараман

Көктім аймақ Құртқа Тайбурыл

алып күш иесі

елжанды Қобыланды батыр

қайтпас қайсар ержүрек


  1. Талдау.

Кітаппен жұмыс.

Жоспар құру.

1.Тоқтарбайдың бір перзентке зар болуы.

2. Қобыландының Көктім аймақ еліне барып, теңгені атып түсіруі. Жары -Құртқаға үйленуі.

3. Қызылбас елімен шайқасуы.

4.Тайбурыл – сенімді серік, жүйрік тұлпар.

5.Қалмақ батыры Қазанмен айқасуы.

6. Алшағыр ханмен шайқасып, жеңіске жетуі.

7.Қобыланды – елін жаудан қорғаған хас батыр.

4.Сабақты бекіту.


  1. Қобыланды қандай ерліктер көрсетті?

  2. Кімдермен жауласты?

  3. Оның серіктері кім?

  4. Кейіпкерлерге мінездеме бер.

5.Сабақты қорытындылау.

Қобыланды және оның сенімді серіктері үлгіде берілген кейіпкерлер.



6.Үйге тапсырма.

1.Жырды оқу.

2.Кейіпкерлерге мінездеме беру.

7. Бағалау.

СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Үстеу туралы түсінік.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Үстеу туралы түсінік беру.

1. БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға үстеу туралы түсінік беру, құрамдық және мағыналық түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету..

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сонымен қатар оларды адамгершілікке тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.


САБАҚ БАРЫСЫ:


I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу. Кезекшімен сөйлесу.

ІІ. ЖАҢА САБАҚ:

Үстеу – іс-әрекеттің белгісін (орнын, мезгілін, амалын,мақсат-себебін) білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп тұрады.



Мысалы: Ол ерте кеді. Ұшақ жоғары ұшты. Бұл сөйлемдердегі ерте және жоғары сөздері қимылдың мезгілі мен орнын аңғартып келді, ұшты сөздерімен тіркесіп тұр.

1. Үстеулер басқа сөз таптары сияқты сөз түрлендіретін формалары жоқ, яғни олар жіктелмейді, тәуелденбейді.

2. Үстеулер басқа сөз таптарынан (зат есім, сын есім, сан есім, есмідік, етістік) ауысып келген сөздер. Мысалы: зат есімдерге, сын есімдерге –ша,-ше, -лай, -лей жұрнақтары қосылып үстеу жасалған. Олар: адам-ша, ауыз-ша, орыс-ша (зат есімдерден құралған), ескі-ше, жаңа-ша, шикі-лей дегенде сын есімнен құралып үстеу жасап тұр.


  1. Үстеулер морфологиялық құрылымына қарай екі топқа бөлінеді:

1) жалаң үстеулер: 2) күрделі үстеулер;

Ж а л а ң ү с т е у л е р түбір үстеулер және туынды үстеулер болып екіге бөлінеді.

1. Түбір үстеулерге: тез, әлі, бері, жылдам, ерте, әдейі, жорта сияқты сөздер.

2. Туынды үстеулер мына жұрнақтар арқылы жасалады: -ша, -ше. Бұл жұрнақ зат есім, сын есімге жалғанып, үстеу тудырады. Мысалы: батырларша, көзімізше, біздерше, сендерше, ескіше, жаңаша т.б.

-лай (-лей, -дай, -дей, тай, -тей): осылай, екіншілей, жаздай, қыстай, күздей, жібектей (есіліп) т.б.

-дайын (-дейін, -тайын, -тейін): қырандайын, жорғалайын, бөрідейін т.б.

-шама, -шалық жұрнақтары сілтеу есімдіктеріне жалғану арқылы үстеу жасайды. Мысалы: осыншама, осыншалық, соншама,соншалық т.б,

К ү р д е л і ү с т е у л е р. Күрделі үстеулер де басқа күрделі сөз таптары сияқты бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалады.

Бірігу арқылы: биыл, бүгін, таңертең, қыстыгүні, әрдайым, түнеукүні,әжептеуір,бірталай, бірсыдырғы т.б.үстеулер жатады.

Қосарлану арқылы: ауызба-ауыз, көзбе-көз, бет-бетімен, аул-аулымен, әрең-әрең, енді-енді, аунап-қунап, оқтын-оқтын, анда-санда.

Тіркесу арқылы: күні кеше, күні ілгері, күндерде бір күн, ертеден кешке дейін т.б. Бұл топқа идиом тіркестерді де атауға болады. Мысалы: жеті түнде, көзді ашып-жұмғанша, құлан таза, қаннен қаперсіз.

ІІІ. Жаттығу жұмыстарын орындау:

269-жаттығу. Көшіріп, үстеулерді табыңдар. Сұрақ қою арқылы қай сөзге қатысты екенін анықтаңдар.

Үлгі: биыл – қашан алғаны? жартылай – қалай көшіп? Жорғадайын- қалай шайқала? төмен – қайда түсіп барады? арагідік – қалай елестетіп?

271-жаттығу. Үстеулерді тауып, сұрақ қою арқылы қандай мағына білдіріп тұрғанын көрсетіңдер. Үлгі: бүгін – қашан аттанған?

ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы. Үйге тапсырма: 270-жаттығу, ережені түсініп оқу, қайталау. Бағалау.

СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Үстеудің құрамдық түрлері.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Үстеу құрамдық түрлері туралы түсінік беру.

1. БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға үстеудің құрамдық түрлері туралы түсінік беру, құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету..

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сонымен қатар оларды адамгершілікке тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

САБАҚ БАРЫСЫ:


I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу:



  1. Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  2. Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

    • Сыныпта кім кезекші?

    • Бүгін сыныпта кім жоқ?

    • Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

ІІ ҮЙ ЖҰМЫСЫН СҰРАУ:

Үйге тапсырма: 270-жаттығу, ережені түсініп оқу, қайталау.



Қайталау сұрақтары:

  • Үстеу дегеніміз не?

  • Үстеулер қандай сөз таптарынан ауысып келген сөздер?

  • Үстеулер морфологиялық құрылымына қарай неше топқа бөлінеді?

  • Жалаң үстеулер нешеге бөлінеді?

  • Күрделі үстеулер қалай жасалады?

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ:

І. Негізгі үстеулерге қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер жатады. Мысалы: жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жоғары, төмен, қазір.

Негізгі ұстеудің көпшілігіне сын есім шырайының –рақ, -рек, -ырақ, -ірек, және –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдам – жылдамырақ, жылдамдау, тез – тезірек, тездеу, ілгері – ілгеріек, ілгерілеу, кещ-ш – кешірек, кештеу т.б.

ІІ. Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірімен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.

Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар:


    • –ша., -ше: адамша, балаша, көзінше.

    • –лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: шикілей, қыстай, осылай, ақшалай.

    • –дайын, -дейін, -тайын, -тейін: тотыдайын, бұлақтайын, сұңқардайын т.б.

    • – шама, -шеме: осыншама, біршама, соншалық т.б.

    • – майынша, -мейінше, байынша, - бейінше, -пайынша, -пейінше құранды жұрнақтар айтпайынша, оқымайынша, тыңдамайынша т.б.

ІІІ. Күрделі үстеулер екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады:

      1. сөздің бірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулері: жаздыгүні (жаздың + күні), таңертең (таң + ертең), ендігәрі (енді+гіден+әрі), биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн) т.б.

      2. сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: жоғары-төмен, енді-енді, әрең - әрең, қолма-қол, бет-бетімен, қолды-қолына т.б.;

      3. сөздердің тіркесуі арқылы тұрақтанып қалыптасқан күрделі үстеулер: күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін, қаннен – қаперсіз күн ілгері, күн ұзаққа т.б;

ІV . Жаттығу жұмыстарын орындау:

272-жаттығу. Көшіріп жазып, үстеулерді тауып, оларды құрамы жағынан талдаңдар.

Үлгі: әрі – беріден – қосарланған күрделі үстеу.

V . САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы.

Үйге тапсырма: 273, 274-жаттығулар, ережені түсініп оқу, қайталау.

Бағалау.

Сабақ 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау

Сабақтың

білімділік мақсаты: Зат есімнің түрленуі туралы түсінік беру, зат есімнің қасиеттерін ашу;

дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру;

тәрбиелік мақсаты: : өнер-білімге деген құштарлықтарын арттыру, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: түсіндіру, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар орындау, талдау.

Сабақтың көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, тарих

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

10-11 жаттығулардың орындалысын жеке оқушылардан сұрап, тексеру.



3. Жаңа сабақ.

Морфология (грек. «түр») - тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты гарамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.

Зат есімнің түрленуі
Ой қозғау

  • Зат есімнің мағыналық ерекшелігі неде, яғни зат есім нені білдіреді?

  • Жалқы есім мен жалпы есімнің ерекшеліктері неде?

  • Жалқы есімдер қалай жазылады?

  • Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері


Кім?

Не?




Сөз табы

Бастауыш



ЗАТ ЕСІМ



Жалпы есім



Жалқы есім



Заттың атын білдіреді

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.



Жалғау

Көптік Тәуелдік Септік Жіктік


Жалғау:

  1. Өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді;

  2. Өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен байланыстырады.


Зат есім


Көптеледі Тәуелденеді Септеледі Жіктеледі

(тек адамға байланысты)

Мысалы: Мен бала-мын, сен бала-сың, сіз бала-сыз, ол-бала


  • Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі.

Мысалы: Мен асқар таумын, сен төбесің;

Сен темірсің, мен көмірмін, еріткелі келгенмін.



Көптік жалғау 6 түрлі: -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер


  1. Сөзге(зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді.

Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қаз-дар, мектеп-тер т.б.

  1. Көптік жалғау өзі жалғанған сө заттың тек көптігін ғана емес, сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді.

Мысалы: Үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті. Зейнептер есік алдында тұр (Зейнептің көптігі емес, Зейнептің қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде)
Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары.

20-жаттығу.

  1. Мәтінді түсініп оқып, Тоныкөк өздеріңе белгілі Орхон жазуының авторы екендігін біліп алыңдар.

  2. Зат есімдерді тауып, оларға жалғанған жалғаулардың түрлерін ажырытыңдар.


21-жаттығу.

Тапсырма:

  1. Көп нүкте қойылған орындардың қажетті деген жеріне көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, қандай үндестік заңына бағынып жалғанғанын түсіндіріңдер.

  2. «Боз іңген» күйін тыңдау, алған әсерлерін жазбаша жазып шығу.



Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есім қатысқан бір сөйлем құра және оған морфологиялық талдау жаса.
ІІ деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдері бар өлең шумақтарынан мысал тауып айт.

Үлгі:

Қазақтың ірілері,

Абайдың інілері-

Сәкен, Ілияс, Бейімбет.


ІІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі сұрақтарға жауап жазып, бұл кісілер саған кім болатынын және сол сөздер қай сөз табына жататынын айт.


Бұлар кімдер?

  1. Ағаларыңның жұбайлары саған кімдер?

  2. Әпкелеріңнің күйеуі ше?

  3. Шешеңнің туыстары ше?

  4. Әкеңнің балдыздары ше?

  5. Шешеңнің сіңілісінің баласы ше?


Сабақты қорытындылау.

- Зат есім қалай жасалады?

- Көптік жалғау нені білдіреді?

Үйге тапсырма.


  1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт-дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.

  2. 38-жаттығу.

Тапсырма. Мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.

  1. Ережені оқу.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7



Сабақтың тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар

Сабақтың мақсаты:

а) лиро-эпостық жырлар туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

2.Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?

3.Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақтың эпостық жырларының ерекше бір бөлімі-ғашақтық жырлары. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты-басты үш ерекшелігі бар.

Ең алдымен, батырлардың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет –зары,махаббаты.
Екіншіден,батырлық дастандарда шешуші рол атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар, тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласана заңды түрде қабысады.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан лиро-эпостық жырлар туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.

Топпен жұмыс: .Лиро-эпостық жырлардың түрлерін топтастыру.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Айман-Шолпан




Лиро-эпостық жырлар

Сұлушаш


Қыз жібек Ләйлі-Мәжнүн



Құсырау-Шырын Қалқаман-Мамыр

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Лиро-эпостық жырының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?

  2. Ғашықтық жырлардағы қайсысының киносын көргенсіңдер?

Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Лиро-эпостық жырлар туралы оқып,кітаптар алып келу.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет