Сабақтың тақырыбы : Ж. Жабаевтың өмірі,шығармашылығы Мұғалімнің



Дата07.05.2017
өлшемі65,65 Kb.
#15915
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаевтың өмірі,шығармашылығы

Мұғалімнің аты-жөні: Абдраймова Гулжан Сейдрасиловна

Күні: 20.02.2017жыл

СЫНЫП: 10әсынып


Пәні:

Қазақ әдебиеті


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):

Ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып,ақын өмірін үлгі ету, өлеңін талдау және өлеңнің мәнін ашып,меңгеру.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Ақын өмірі,шығармашылығы жайлы айта алады.



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Өлеңдерін мәнерлеп оқып, сатылый кешенді талдау жасай алады.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:

«Ұлы ақын,жырау жыршы-Ж.Жабаев» туралы шағын ойтолғау жазу

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Жамбылдың өмірі мен поэзиясы туралы айта алады.

Айтылым мен жазылымға арналған тіркестер: Меніңше..., қорытындылай келе...

Ресурстар:

Қазақ әдебиеті .10-сынып 2016-жыл Интербелсенді тақта, бағалау тақтасы, Семантикалық кесте , маркер,стикер, А4 форматтағы ақ парақ


Пәнаралық байланыс:

Тарих,музыка,орыс тілі.

Алдыңғы оқу:

Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы жайлы сұрақ-жауап



САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы

жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

(психологиялық ахуал қалыптастыру)

5 минут


Оқушыларды шеңберге жинап, «Егерде мен...» тренингі арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

Өлеңдерді құрастыру арқылы топқа бөлу.

Оқушылар,біздің бүгінгі өтетін сабағымыз ерекше болмақ.Сондықтан әрбір айтқан сөзімізді жүрегімізбен ұғып,көңілімізге тоқып,қазақ халқының ақыны Қадыр Мырза Әли айтқандай, «Тыңдай білу- ұлылық, Тыңдата білу-даналық» деп сабағымызды бастайық.


Оқушылар арасында жағымды ахуал орнайды

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

10 минут


1-деңгей (білу, түсіну):

1.Шәкәрімнің өскен ортасы,Абайдың ықпалы,ақын болып қалыптасуы туралы әңгімелеңдер.

2.Шәкәрім шығармашылығының ерекшеліктері .


Жеке жұмыс 1 ұпай



2-деңгей (қолдану, талдау):

«Жастарға» өлеңін мәнерлеп оқып,мазмұнын ашыңдар.

Ақын жастарға қандай ақыл-өсиет айтады.



Жеке жұмыс 2 ұпай

3-деңгей (жинақтау, бағалау):




3 ұпай

ЖАҢА САБАҚ

10 минут


-Балалар біз бүгін Ұлы жырау Жамбыл Жабаетың өмірімен,шығармашылығымен және өлеңдерімен танысамыз.

«Жасымнан атым аян Жамбыл едім,Сүрінбес қара өлеңге даңғыл едім»,-деп өзі жырлағандай, дана ақын жырау ақындық туын әрдайым жоғары ұстаумен өтті. Ол тарихта «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғасыр Гомері», «Феномен-феникс» атағымен қалды.

«Өлең сөздің даңғылығы, Бар қазақтың Жамбылы» болған Жамбыл бабамыз өз шығармаларының біразын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге күш-қайрат,жігер беруге және елін,жерін, қорғауға үндеуге арнады. Соның бірі өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру »өлеңі, және «Ленинградтық өренім» өлеңдері.

1.Тақырыпты түсінеді


2.Өз түсінгенін басқаларға жеткізе біледі


САБАҚТЫ БЕКІТУ

15 минут
1-деңгей(білу,түсіну)



«Топтастыру» стратегиясы

1.Ж.Жабаев кім? Қашан дүниеге келген?

1.Жамбыл қай кезеңде өмір сүрген? Ұстазы кім болған?

3.Қазақта «Жамбылдың жасын берсін»деген баталы сөз бар,сонда Жамбыл неше жыл өмір сүрген екен?

Халқымыз Жамбыл ақынның құрметіне не орнатты?

4.Ақынның өзінің өмірі туралы шерткен сырын кім әңгімелеп береді?

5.Елбасымыз Н.Әбішұлы ұлы ақын Ж.Жабаев туралы не айтқан?


Жұптық жұмыс 1 ұпай

2-деңгей(қолдану,талдау)



Ұлы ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?

1-топ: Өз ұлын майданға шығарып саларда шығарған «Аттандыру» өлеңін мәнерлеп оқып,мағынасын ашу. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.

2-топ: «Ленинградтық өренім» өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасын ашу. Өлеңді орыс тіліне аударған кім?

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.Өлеңнен әдеби теориялық ұғымдарға байланысты теңеу,эпитеттерді табыңдар?



Топтық жұмыс 2 ұпай

3деңгей(жинақтау,баға-лау)

«Ұлы ақын,жырау жыршы-Ж.Жабаев» туралы шағын ой толғау жазу.

Топтық жұмыс

3 ұпай











Үйге тапсырма

5 минут


1-деңгей (білу, түсіну)

Ж.Жабаев туралы мәлімет жинақтап келу




2-деңгей (қолдану, талдау):


Өлеңдерін жаттап келу






3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)


Жамбылдың шығармашылығына берілген баға туралы пікірлер тізбегін жасаңдар.




Бағалау


10-12 ұпай – «5», 8-10 ұпай – «4», 5-7 ұпай – «3»




Кері байланыс


«Алма ағашы» әдісі









Рефлексия







Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?


Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?





Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет