Сабақтың тақырыбы : Көлік географиясы, қызмет көрсету саласы және байланыс құралдарының дамуы



Дата18.02.2017
өлшемі51,82 Kb.
#10025
түріСабақ
Сабақтың күні: 13.12.2016

Сабақтың тақырыбы: Көлік географиясы, қызмет көрсету саласы

және байланыс құралдарының дамуы.



Сабақтың мақсаты: Дүниежүзіндегі көліктің даму сипаты, дүниежүзі

елдеріндегі қазіргі көлік жүйесі туралы

білімдерін қалыптастырады.

1.Мазмұнға байланысты: Теңіз және өзен көлігі, теміржол көлігі,

автомобиль көлігі, құбыр көлігі, суасты құбыр

желілері, әуе көлігі, қызмет көрсету саласы,

байланыс құралдарының қазіргі кездегі

қажеттілігі туралы білімдерін толықтырады.

2.Сыни ойлауға байланысты: Тақырыпты жан–жақты ойлау тұрғысынан

қарастыруды түсінеді, ізденеді.



3.Топтық жұмысқа байланысты: Топта бірлесе жұмыс жасай отырып, өз

пікірін айтуға, дәлелдеуге үйренеді.



Пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық, дүниежүзінің саяси картасы,

тригонометриялық фигуралар, үлестірмелік

тапсырмалар, слайд

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын стратегиялар: 1. «топтық тергеу»,

2. «картамен жұмыс»,

3. «кір жаю»,

4. «SWOT талдау»,

5. «ұшқыш ұшақ»

Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

А)Амандасу

Б)Топты түгендеп, сабаққа зейіндерін аударту

В) Писхологиялық тренинг



«Майшам» жаттығуы. Қазір біз мына майшам арқылы бір – бірімізбен бірігіп, қазіргі сәттегі сабақта жақсы жұмыс жасауымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Бұл майшамды алған себебім жарық және жылу бұл жақсы нәрсе, сондықтан алдарыңыз ашық, жарқын болсын, ал жүректеріңіз жылылыққа толы болсын деген тілек білдіремін.

ІІ.Қызығушылығын ояту

Үй тапсырмасы

Г) «Шаттық шеңберін» құра отырып, әр түрлі геометриялық фигураларға жасырылған сұрақтарға жауап беріледі, үй тапсырмасы қорытындыланады.

1. Ауыл шаруашылығы түрлерін біріктіріп, неше түрге бөлуге болады және оларды ата.

2. Дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы дегеніміз не?

3. Тауарлы шаруашылық дегеніміз не?

4.Аграрлық-өнеркәсіптік интеграция дегенді қалай түсінесіңдер?

5. «Жасыл революция» алғашында қай елдерде жүргізілді?

6. «Жасыл революцияның» көптеген елдерде таралмауына не себеп?

7. Өсімдік шаруашылығы нені өсірумен айналысады? Мәдение өсімдіктер неше түрге бөлінеді?

8. Бидай негізінен қандай белдеулерде өседі?

9. Қай егістің Отаны Мексика болып саналады?

10. Мал шаруашылығы нешеге бөлінеді?

11. Қой шаруашылығының негізгі өнімі?

12. Тамақ өнеркәсібінің саласы?

13. Жеңіл өнеркәсіп нешеге түрге бөлінеді?

14.Тоқыма өнеркәсібі қанша аймақта қалыптасқан?

15. Дамушы елдерде қай жылы «бильярд нәтижесі» пайда болды?

16. «Бильярд нәтижесінің» мәнін түсіндір.

Д) Студенттерге әр түрлі көлік түрлеріне қатысты сурет таратылады, сол бойынша топқа бөлінеді.



ІІІ.Мағынаны тану

Жаңа сабақтың тақырыбы: Көлік географиясы, қызмет көрсету саласы және байланыс құралдарының дамуы

1.«Топтық тергеу» әдісі арқылы жаңа тақырыпты (автомобиль, теміржол, әуе топтары) талқылайды.

1.Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы оқиғаның мазмұнын дайындау

2.Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан – жақты меңгеру және сипаттау. Бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу болуы мүмкін.

3.Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын және әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды.

4.Сілтемелер табушы – оның міндеті әңгіменің тақырыбын ашатын, белгілі афоризм, мәтелдерді табу.

5.Бейнелеуші – суретші – оның міндеті әңгімедегі кейіпкерге немесе оқиғаға ауызша суреттеу.

6.Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.
2.Саяси картамен жұмыс: Мына аталған автомобиль көлігінің маркалары қай елде өндірілетінін тауып, картадан табу.

CHEVROLET, AUDI, BMW, HONDA, HYUNDAI, FORD, VOLKSWAGEN, SUBARU



3.«Кір жаю» әдісі арқылы берілген көлік түрлеріндегі сұрақтарға топтың барлық мүшелері жауап береді.

IV.Ой толғаныс

4.«SWOT талдау» әдісі арқылы әр топ көліктің күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері, қауіп-қатерлеріне өз пікірлерін білдіреді.


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктері

Қауіп - қатрлері


5.«Ұшқыш ұшақ» әдісі арқылы жаңа тақырып бойынша әр топ бір – біріне сұрақ қояды.

Бағалау.

Топ басшысы әр студентті бағалау парағында бағалайды.



Үйге тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Эссе дайындау: «Байланыс құралдарының бүгінгі дамуы»


География пәні бойынша ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Көлік географиясы, қызмет көрсету саласы және

байланыс құралдарының дамуы»


Дайындаған: география пәні оқытушысы Оспанова Раушан Орынбаевна
Каталог: uploads -> doc -> 01a5
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01a5 -> Тақырыбы: Күз кереметі. Оқу іс-әрекетінің мақсаты
01a5 -> Сабақтың тақырыбы : Бу және газ турбиналары. Реактивті қозғалтқыш. Тоңазытқыш машиналар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет