Сабақтың тақырыбы : Көміртек, кремний және олардың маңызды қосылыстары. Сабақтың мақсаты



Дата29.01.2018
өлшемі116,67 Kb.
#36037
түріСабақ
Наурызова Гүлдана Айғалиқызы,

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,

К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

химия пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Көміртек, кремний және олардың маңызды қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты: Көміртегі және кремний элементтерінің периодтық жүйедегі орнына сипаттама беруге, ашылу тарихы мен табиғатта таралуы туралы танысуға, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы жайлы білім алуға жағдай туғызу.

Міндеттері:

Білімділік:.р –элементтер тобындағы көміртек және кремнийдің касиеттері және олардың табиғаттағы косылыстары туралы, осы заттарды алу мен қолдану, оларды анықтау тәсілдері туралы білімдерді жүйелеу және терендету.



Дамытушылық: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту.Оқушылардың білімін нақтылап, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, есеп шығару, ой-қозғау, ойтүрткі.

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, сызба−суреттер, интерактивті тақта, тақырыптық слайд

Пәнаралық байланыс: Биология, география,физика

Сабақтың барысы:

І . Қызығушылықты ояту

  1. Тренинг: «Тез қимылда» ойынын ойнату.

Шарты: Химиялық қосылыстар беріледі. Оларды агрегатты күйлері бойынша топтастыру керек. Егер қатты зат болса – бастарын ұстайды, сұйық болса – сол қолдары, ал газ болса – оң қолдарын көтереді.

Заттар: гранит, саз, құм, бор, ауа, азот, йод, кальций, темір, оттегі, мұз, мұнай, су, ас тұзы, көмір, сутегі, көмірқышқыл газы, күкірт, фосфор, сабын, бензин.

  1. Ой қозғау (Өткен білімді еске түсіру)

  1. Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орны

  2. Алюминий деп аталу себебі неде?

  3. Алюминийдің атомдық құрылысы қандай?

  4. Алюминийдің аллотропиялық түрөзгерістері

  5. Алюминийдің ағзамыздағы рөлі қандай?




  1. Ой түрткі

  1. Тот темірді жейді, от ......... жейді. (көмір)

  2. Темір кессең қысқа кес, ұзарту оңай,

............ кессең ұзын кес, қысқартуға оңай.

ІІ Мағынаны тану

І . Көміртектіңжәәне кремнийдің ашылу тарихы

Көміртек тіршілікке тірек, өмірге өзек элементтердің бірі. Оның қай уақытта , қалай табылған мерзімін дәл баса айту қиын. 1781 жылы француз ғалымы А. Лавуазье нің «Жай денелер кестесі» деген еңбегінде көміртекті латынша «карбонеум, карбо - көмір» деп жазған. Бұдан көміртектің элементтік табиғатын алғаш дәлелдеген француз ғалымы А. Лавуазье деген қорытынды шығауға болады. Орысша «углерод» деген атауды, 1824 жылы орыс ғалымы М.В. Соловьев, ал 1928 жылы «көміртегі» деген атауды аудармашы Р. Бөкейханов пайдаланды.

Кремний (лат. Silicium), Si, периодтық жүйедегі IV топтың химиялық элементі, атомдық нөмірі 14, атомдық массасы 28,0855.

Табиғатта таралуы: Кремний жаратылыста таралуы жағынан салмақ проценті бойынша оттектен кейін екінші орын алады. Көміртек органикалық заттардың құрамындағы негізгі элемент болатын болса, кремний жер қыртысын түзетін минералдық заттардың құрамындағы негізгі элемент. Кремний жаратылыста қосылыстар түрінде ғана болады; ол қосылыстары: кремний диоксиді SiО2 (кварц, құм), жер қыртысының негізгі массасы силикатты жыныстар (далалық шпат, слюда, каолин т.б.). Кремнийдің тұрақты үш изотобы бар: 28Si (92,27%), 29 Si (4,68%), 30Si (3,05%).


ІІ Периодтық жүйедегі орны
6С12 1s2 2s23p2 6С12 1s2 2s3p3

Тотығу дәрежелері: -4; 0; +2; +4; (1 сурет)
ІІІ. Табиғатта таралуы

Басқа да элементтер сияқты көміртегі атомдары бір ғана қосылыстардың құрамында болмайды. Олар бір заттан екінші затқа ауысып отырады. (2 сурет)

СаСО3, МgCO3 – магнезит, СаСО3* МgCO3 – доломит, СН4, СО2;

Кремнийдің ашылу тарихы. Кремний – жер қыртысының негізі. Кремнийдің латынша тауы - силициум, ол жер қыртысының негізін құрайды. Жер бетіндегі ең негізгі химиялық қосылыс, ол - кәдімгі құм, кремнезем. 1823 жылы Швед химигі И. Я. Берцелиус кремний фторлы калийге калий қосып қыздыру арқылы сол өнімді бөліп алды. Ол жаңа элемент алғанын хабарлап, оны «солиций «деп атады. Қазақша: қатты тас. 1834 жылы академик Г. И. Гесс қысқаша «кремний»деген атауды (грекше» кремнос - жартас. шың, құз»деген мағынада ) ұсынды.


ІV.Қасиеттері

Физикалық қасиеттері.

Алллотропия дегеніміз не екендігін еске түсіріп алып, көміртегінің түрөзгерістері алмаз бен графит туралы айтылады.


Көміртегі


Алмаз – табиғатта сирек кездеседі. Оның мол қоры Ресейдегі Якутия мен Африкада т.б.

Алмаз – түссіз, электр тогын өткізбейді, ең қатты зат, ρ=3,5 г/см3




Графит – сұр түсті, аздап жылтыры бар, қолға денеге, қағазға оңай жұғады, ρ=2,17 – 2,3 г/см3


Адсорбция – көміртектің және басқа заттардың өз бетінде газдарды, буды және еріген заттардың бөліктерін ұстап қалу қабілеті.

Мысалы, карболен немесе активті көмір – қара дәрі. Оны іш ауырғанда, уланғанда пайдаланады.

Көміртегінің осындай қасиетіне сүйене отырып 1915 жылы Зелинский – газтұтқышты ойлап тапты.

Химиялық қасиеттері.

Жай заттармен:

Н2 = СН4


СІ2 = ССІ4

С+

S = CS2



Ca = CaC2

O2 = CO CO2


Күрделі заттармен:

Н2 SO4 = СO2+2SO2+2H2O


C+ HNO3 = 3СO2+4NO+2H2O
HOH = CO
С0 + Н2 S+6O4 = С+4O2+2S+4 O2+2H2O

Тотықсыздандырғыш С0 – 4е = С+4 1 тотығады

Тотықтырғыш S+6+2е = S+4 2 тотықсызданады

3C0+ 4 HN+5O3 = 3С+4O2+4N+2 O+2H2O

Тотықсыздандырғыш С0 – 4е = С+4 3 тотығады

Тотықтырғыш N+5+3е = N+2 2 тотықсызданады


V Қолданылуы

талшықтар



Графит

электродтар



Қант

өндірісі





Жасанды алмаз алу үшін



Қолданылуы

Қарандаш,

графит


өзектер




медицина



Синтездік

бензин алу







бояу



Металлургия

өнеркәсібі




Резеңке

өндірісі


күйе




адсорбент



VІ Химиялық қасиеттері

ІІІ. Бекіту (Сыныппен жұмыс)

І. Білімді тиянақтау

  1. Көміртектің химиялық таңбасы (С)

  2. Реттік нөмірі (6)

  3. Салыстырмалы атомдық массасы (12)

  4. Периодтық жүйедегі орны (2 период, 4 топтың негізгі топшасында)

  5. Табиғатта қандай күйде кездеседі? (бос, қосылыс)

  6. Көміртектің қандай аллотропиялық түрөзгерістері бар? (алмаз, графит)

  7. Алмаздың физикалық қасиеті қандай? (түссіз, электр тогын өткізбейді, ең қатты зат, ρ=3,5 г/см3 )

  8. Алмазды қайда қолданады?

  9. Графит қандай зат? (сұр түсті, аздап жылтыры бар, қолға денеге, қағазға оңай жұғады, ρ=2,17 – 2,3 г/см3)

  10. Графитті қайда қолданады?

  11. Адам уланғанда немесе ішектерге газ жиналғанда қандай дәрі қолданады? (карболен)



ІІ Үлестірмелі карталар арқылы тапсырмалар орындау

№1

Массасы 88 грамм көмірқышқыл газында қанша көмір бар?



Берілгені: Шешуі:

m(СО2)=88 г 1-әдіс:

Табу керек: m(С) - ? М(СО2) = 44 г/моль М(С) = 12 г/моль

υ(СО2) = = 2 моль

m(С) = 2 моль * 44г/моль =24 г

2-әдіс:


44 г (СО2) 12 г (С)

88 г (СО2) Х г (С)

Х = 24 г

Жауабы: m(С) = 24 г

№2

Айналымды іске асыру



С→СО→СО2→Nа2СО3→ СаСО3→СаСІ2

2С + О2→ 2СО

2СО + О2→ 2СО2

СО2 + Nа2О →Nа2СО3

2СО3 + Са(ОН)2→ 2 NаОН + СаСО3

СаСО3 + НСІ →СаСІ2 + Н2О + СО2


№3

Массасы 7,4 грамм кальций гидроксиді қанша көлем көмірқышқыл газымен әреккеттеседі?

Берілгені: Шешуі:

m(Са(ОН)2)=7,4 г СО2 + Са(ОН)2→ СаСО3+ Н2О

Табу керек: V(СО2) - ? М(СО2) = 44 г/моль М(Са(ОН)2) = 74 г/моль

υ(Са(ОН)2) = = 0,14 моль

υ(Са(ОН)2) = υ(СО2) = 0,1 моль

V(СО2)= 0,1 моль * 22,4 л/моль = 2,24л

Жауабы: V(СО2) = 2,24л

ІІІ Толғаныс

Жұмбақ тас (химиялық жұмбақ )

Жаздың жаңға жайлы күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне демалуға келеді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанады. Бір күні қой жайып жүріп, Алмас қара тас тауып алады. Онымен сурет салып көреді де қара із қалдыратынын байқады. Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап ұйқысы келеді. Бала ұйықтап кеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде жауған өткінші жаңбыр түтінді жерге сіңдіреді. Одан ауыр әкті су ағады. Жарқырап күнде шықты. Күн сәулесінің жылуынан әр жерде әкті су, ұзақ кепкен ақ тастар шашылып жатады. Оянған Алмас жаңбырдың қара тасты ақ тасқа қалай айналдырғанын көріп таң тамаша болады. Ақ тасты алып жерге жазып, сызып көреді. Оның да өзіндік ізі бар. Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болды?



Жауабы: (С→СО2→Н2СО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3 )

IV. Қорытындылау.

V.Үйге тапсырма §8.5-8.7 №3,4,13 есеп

Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0952
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0952 -> Мектептегі «қиын» оқушылармен жұмыс әдістемесі «Қиын» оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі : «өмірі ауыр жағдайдағы балалар»
0952 -> Ашық тәрбие сағатының жоспары Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғат байлығын қорғау, үнемдеу –баршаның міндеті»
0952 -> Сабақтың мақсаты : Терінің құрылысы мен қызметі,тері аурулары туралы түсіндіре отырып, білім беру. Тәрбиелілігі
0952 -> Сабақтың атауы Қабанбай («Дарабоз» романынан үзінді). Қабдеш Жұмаділов Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет