Сабақтың тақырыбы : Композиция, пропорция, түс. Сабақтың мақсаты



Дата10.07.2017
өлшемі52,3 Kb.
#21021
түріСабақ
9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Композиция, пропорция, түс.



Сабақтың мақсаты: киім құрастыруда композиция, пропорция, түс ерекшелігіне мән беру және киім тігу барысында қолданылатын заңдылықтарды білу.

Міндеттер

Білімділігі: тарихын ескере отырып киімдерді жіктеу, композиция, ырғақтылық, пропорция туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: адамның дене бітім түрлерін ажырата білу, киімдерді компьютер арқылы сәндеу, оқушылардың іскерлік пен дағдыларын дамыту;

Тәрбиелігі: өз ойларын еркін айта білуге, шығармашылық өнерге баулу, талғампаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.

Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сарамандық жұмыс.

Көрнекілігі: «Қазақ халқының ұлттық киімдері» энциклопедия, журналдар, интерактивті тақта, компьютер.

Құрал-жабдықтар: оқулық, қарындаш, сызғыш, дәптер, түрлі түсті бояқтар.

Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, геометрия, биология, сызу.

Сабақ барысы: слайд №1,2



І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Қайталау (қызығушылықты ояту) слайд №3

1. Киімді пішу деген терминді қалай түсінесіз?

(Бұйым пішімдерінің толықжинағын матаға жайып қойып, қиып алу)

2. Қай ғасырдан бастап киімнің формасы күрделене бастады?

(Қайта өрлеу дәуірінде ХҮ-ХҮІ ғғ.)

3. Муляжды әдіспен киімді пішу дегенді қалай түсінесіз?

(франц. moulage – құйма, қалып күрделі күлтелі, ассиметриялы модель

құрастыру кезінде, сондай-ақ жаңа моделдің макетін жаппай өнідіріске

жіберу жағдайда қолданады)

4. Есептік - координаттық жүйе қалай жасалады?

(жаңа техниканы қолдана отырып кез келген киімнің құрылымын

математикалық, инженерлік есептеулер арқылы сызуға болатын

формулалар мен қағидаларды ойлап тапты.)

5. Кез келген бұйымды тігу процесі неше кезеңнен тұрады?

- 1-ші кезең коркемдеп модельдеу, яғни эскизін салу,

- 2-ші кезең есептеу және сызбасын жасау (конструкциялау)

- 3-ші кезең есептеу жолымен қиықтар, қалталар, бүрмелер және т.бжасау кезеңі (техниқалық модельдеу)

6. Киім арналуына қарай қалай бөлінеді? (тұрмыстық - күнделікті, спорттық, салтанаттық); өндірістік - арнайы: медицинада, құрылыста т.б, формалық – әскери, полиция, темір жол қызметкерлері т.б)

7. Қолданылуына қарай қалай бөлінеді? (сырт киім, жеңіл киім, ішкі киім,

Корсеттік бұйымдар, баскиімдер, жағажайлық киімдер)

8. Мезгілге қарай қалай бөлінеді? (қыстық, жаздық, маусымдық)

9. Киімді жынысына қарай, жасына қарай қалай топтастырады? (ерлер киімі,

әйелдер киімі, балалар киімі)
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру. Слайд№4
ІІІ.Жаңа сабақ.

Үйлесімділік және әдемілік ұғымына уақыт өткен сайын өз түзетулерін енгізеді.

Бір кездері бір сәнді ұстанып, міндетті түрде сол сән бойынша киіну керек болса, қазіргі кезде сәнге жеңіл өзгертулер енгізуге, автордың идеясына өз идеяңды қосып ерекшелендіруіңе болады.

Сән, костюм фасоны, түстер үйлесімділігі, матадағы сурет, аксессуарлар дизайны – бұл біздің қоршаған ортамен қарым – қатынас жасайды. Силуэтке дәл сипаттама беру үшін оны әртүрлі геометриялық фигуралармен салыстырады





Силуэтте әртүрлі сызықтар бар: слайд №5

Фасондық (модельдік) – силуэттың ерекшелігін айқын көрсетеді, сол сияқты жаға және лацкан, реглан сызықтары болады.

Конструкциялық сызықтар – костюмге силуэт жасау үшін қажет көлем береді.

Әшекейлеу сызығыкостюмнің адам көзбен қабылдайтын маңызды бөліктерін әрлеу қызметін атқарады (иініш, қалталар т.б.)

Пропорционалдық - бұл өлшем мен дене бітім бөліктерінің арақатынасы: аяқ ұзындығы, дене, кеуде және мықын ені т.б.

Дене пропорциясы үш типке бөлінеді: слайд №6

Долихоморфты – жіңішке, қысқа кеуде, қол – аяғының ұзын болуы тән.

Брахиморфты – енді, ұзын кеуде, қол – аяғы қысқа болады.

Мезоморфты – екі типтің арасынан орын алады.

Пропорционалдық арақатынас, ішкі сызықтардың орналасуы костюмнің ырғақтылық құрылымының негізі болып табылады.



Ырғақтылық құрылымы деп форма мен сызық өлшемдерінің заңды кезеқтесіп келуін айтады. слайд №7

Метрикалық ырғақ - бір элементтің бірдей арақашықтық сайын қайталанып келіп отыруы.

Радиал – сәулелік ырғақта элементтер жиынтығы сәуле сияқты болуы мүмкін.

Форма – жұмсақ немесе қатты, анық, сусымалы т. б. болуы мүмкін.



Пропорционалды – реттілік – элементтің барған сайын үлкеюі немесежойылуымен сипатталады.

Пропорционалдықтың негізгі қағидасыкиімнің пропорционалды болуы – ол сымбатты, ұзын бойлы болып көрінуге көмектеседі.

Костюм композициясы дегеніміз – белгілі бір идеяны, ойды, бейнені білдіретін оның барлық элементтерін біртұтас етіп біріктіру.Костюм элементтеріне форма, материал және оның қасиеті, түсі құрылымдық және сәндік бағыты жатады. Кез келген композиция айқындық, тұтастық, үйлесімдік сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс. Бұны композицияның белгілі бір құралдарын пайдалану арқылы жасауға болады.

ІҮ. Дәптермен жұмыс. слайд №8

Жаңа сөздер: фасондық, конструкциялық, әшекейлеу сызығы, долихоморфты, брахиморфты, мезоморфты; метрикалық, радиал – сәулелік ырғақ, пропорционалды – реттілік ырғақ.

Ү. Сарамандық жұмыс слайд №9

Дәптерге киім үлгісін салу



ҮІ. Тақырыпты пысықтау. слайд №10

1. Силуэт деген не?

2. Киімнің қандай формасы бар?

3. Ырғақ түрлерін атаңыз.

4. Дене пропорциясы неше типке бөлінеді?

5. Пропорционалдықтың негізгі қағидасы неде?



ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: §4
Каталог: 1E7973318117C007
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні. Сабақтың мақсаты: білімділік
1E7973318117C007 -> «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды»
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. «Ұлпан» романы. Сабақтың мақсаты: Білімділік
1E7973318117C007 -> Сабақтан тыс іс шара Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде»
1E7973318117C007 -> Сабақ тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі
1E7973318117C007 -> Тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»
1E7973318117C007 -> Сабақтың атауы Тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі Сілтеме
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы Күні уақыты Сынып Екі өрнектің квадраттарының айрымының формулалары
1E7973318117C007 -> Сабақ тақырыбы: §28 Адамның шығу тегі туралы алғашқы және қазіргі кездегі көзқарастар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет