Сабақтың тақырыбы : майлықожа сұлтанқожаұлы (1835 -1898)



Дата02.07.2018
өлшемі27,65 Kb.
#45673
түріСабақ
Сыныбы: 10 «А»

Пәні: қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: А.С. Берлибекова.

Сабақтың тақырыбы: МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ (1835 -1898)

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың суырып салма ақыны, жырау Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығын біледі;

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілдерін, өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, құрметтеуге, қорғауға, адамгершілікке баулу, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадағы слайдтар топтамасы, үлестірме парақшалар.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.

Үй жұмысын тексеру.



ІІ. Өткенді қайталау.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы  - қазақтың суырып салма ақыны. Ол қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысының, Отырар ауданының, Қожатоғай ауылында дүниеге келген.

 Ауыл молдасынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрды. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi,яғни апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.

 Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі, оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.

Кедейліктен кенде болмаған Майлықожа ағайын-жұрағат жәрдемімен Әбдірахман деген кіснің қызы Еркеайымға үйленеді. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен. Сөйтіп, өзінің туған жері Сырдария өзенінің бойына қайта көшіп барады. Мұнда келген соң да диқаншылық кәсібімен бірге нағашы жұртында жүргендегі өлен-жыр айтатын әдетін тастамайды. Ауылдағы қыз-жігіттерге махаббат өлеңдері мен сәлем хаттар, қазаға ұшырап қалған қаралы үйлерге жоқтаулар шығарып бере жүреді.

 Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерінің көбін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке»,т.б.), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар.

 Ол 20 жасынан  бастап өлең өнеріне бет бұрды.Ел ақындарымен кездесіп,кейін өзінің сауатын кеңейтіп,шығыс әдебиетін оқуға,оның кейбір үлгілерін жаттап айтып,таратуға қол жеткізді. Майлықожа 1860 жылы Сыр өңірінен қазіргі Таразға келіп,Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп,онымен сөз қағыстырған.Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген.Олар-«Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт». Майлықожаның нақыл өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор.

 Шығармаларының тақырыптық аясы кең. Қоғамдық құбылыстарды терең ашып көрсетіп, күрделі дүниетанымдық көзқарастар иірімдерін танытатын туындылар берген. Өсиеттік, ақылнамалық жырлары мол.



Үнтаспадан Майлықожаның «Ата-ана» термесін тыңдату.

(өлеңнің мазмұнын түсіндіру)

Нақыл сөздері
Сабыр - ақылдың серігі.

Сабырлық  туралы

 

Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі.



Байлық-кедейлік туралы

 

Жақсының жолы - жарық күн.



Жақсы мен жаман туралы

 

Өңкей жақсы қосылса - бітіреді кеңесті,



Өңкей жаман қосылса - шығарады егесті,

Мәмілемен іс бітер - бас қосып қалса көп есті.



Жақсы мен жаман туралы

 

Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып.



Жақсы мен жаман туралы

 

Жаман - мінін жасырып сөйлесе, жақсы - қызметін асырып сөйлейді.



Жақсы мен жаман туралы

 

Өтірік-өсек аңдыған - есерліктің белгісі.



Өсек-өтірік туралы

 

Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес,



Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге.

Адам өмірі туралы

 

Орынсыз жерде күлу - ақылсыздықтың белгісі.



Ақымақтық туралы

 

Арзымасқа еліріп, бос күлкіге салынып.



Ақымақтық туралы

 

Көпті көрген ер жігіт - көсем болар төселіп.



Ғылым-білім, өнер тур

ақын


Майлықожа

термеші жырау



жыршы

Сабақты бектіу. (үлестірме парақшалар арқылы)

  1. Майлықожа Сұлтанқожаұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  2. Қандай шығармалары бар?

  3. Қай жинақта шығармалары жарық көрген?

  4. Анасының есімі кім?

Үйге тапсырма: Майлықожа Сұлтанқожаұлы туралы реферат жазу.

Бағалау.Үй жұмысын айтқан және сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0322
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0322 -> Сабақта. Сыныпта. Мектепке барар жол. Нәтиже сабақ. Ойын сабақ. ІII модуль КҮЗ
0322 -> Сабақ тақырыбы: Гимнастикалық қабырғада орындалатын жаттығулар
0322 -> Сабақ реті : Күні: Класс: Пәні: Сабақтың тақырыбы : Ньютон әлемі
0322 -> Сабақтың көрнекілігі: сандар құрамы, цифрлар, суреттер, өрнектер. Сабақтың типі: аралас сабақ
0322 -> Ф. 219 №19 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
0322 -> 1. Армысыздар Тақыр ауылының өнер сүйер қауымы! Армысыздар көрермен қауым!
0322 -> Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Ауыз әдебиеті әлеміне саяхат»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет