Сабақтың тақырыбы : «Шаттыққа толы жүрекпен»


Дәйексөз Тақтаға «Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады» Жаңа ақпарат



бет3/3
Дата15.12.2016
өлшемі0,58 Mb.
#3946
түріСабақ
1   2   3

Дәйексөз

Тақтаға «Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады»



Жаңа ақпарат

Жауапсыздықтан аулақ болу, әрбір іске жауапкершілік танытып, айтқан уақытында орындау, берген уәдесінде тұра білу адамды өз ортасына сыйлы етеді.



Әңгімелеу

«Өсиет әңгіме»

Ертеде бір елде қарапайым да еңбекқор халық тұрыпты. Таң сәріден көздерін ашқаннан егін салып, бидай орып, бір тынбайтын бұл адамдар кедейшілік дегенді көрмесе керек.

Бір күні сол елге сіңірі шыққан кедейлігімен аты шулы бір жас жігіт келеді. Ел арасына кіріп, танысып, хал сұрасқаннан кейін ауыл ақсақалдары жігіттен:


  • Кедейлікке неге мұншама бой алдырдың? - деп сұрайды. Сонда жігіт:

  • Кедейлікті ешкімнен сұрамап ем, ал жауапсыздық соңымнан қалмады, - депті басын көтермей. Мен мұнда бекерге келмедім, өздеріңіз сияқты еңбекқор жандар жауапсыздығымды тастауыма себін тигізер деп келдім, - деп үміт арта сөйлейді.

Үлкен қариялар жігітті қай жұмысқа болмасын бірге ертіп жүрді. Қай істі бастаса да: «Соңына жетпегенше, істің рақатын көрмегенше, тынбай еңбек ет», - деп қайрап отырады. Арада аз күндер өткен соң жігіттен қариялар: «Жауапсыздығың қалды ма?», - деп сұрайды. Сонда жігіт « Жауапкершілік – істің соңғы рақатында екен ғой», - деп жауап беріпті.

Дәптермен жұмыс

Берілген тапсырманы оқушыларға боятып, қай баланың жауапкешілікті бала екенін оқушылардан сұрау.



Үйге тапсырма

Атқарамыз әр істі,

Жақсыға біз лайық.

Жауаптылық сезініп,

Уәдеде тұрайық! – жаттау.

Қорытындылау


  • Балалар , біз бүгінгі сабақта жауакершілікті болу жақсы әдет екенін білдік. Жауапкершілік адамның сөзінде тұрып, тапсырылған ісін атқарып, уәдесін орындауынан көрінеді.

Жүректен жүрекке

Тапсырманы берілген

Дер кезінде атқарам.

Сенімді боп өзіме,

Өзімді –өзім басқарам.


Сынып

Сабақ 24

Күні

Сабақтың тақырыбы: Жауапкершілік пен жауапсыздық

Сабақтың мақсаты:


  1. Жауапкершілік пен жауапсыздық туралы түсініктерін кеңейту

  2. Балаладың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету

  3. Өз сөзіне, өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, суреттер

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер

Оқушылармен шеңбер құрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:

«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.



Оқулықпен жұмыс

Оқулықта берілген «Өкініш» мәтінін оқушыларға оқып беріп, сол бойынша біраз сұрақтар қойып оқушылардың өз ойын білу.



  • Қайырбекті ұятқа қалдырған қай әрекеті?

  • Қайырбектің атасы не үшін ұялды?

  • Қайырбектің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Дәйексөз

Тақтаға «Уәде берсең - орында» жазылады.



Дәптермен жұмыс

Берілген тапсырманы оқушылар өз бетінше орындайды.



Үйге тапсырма

Жауапкершілік пен жауапсыздық жазу



Қорытындылау

  • Біз бүгінгі сабақта жауакершілікті болу жақсы әдет екенін білдік. Жауапкершілік адамның сөзінде тұрып, тапсырылған ісін атқарып, уәдесін орындауынан көрінеді. Ал жауапсыздық адамды сәтсіздікке, кедейлікке жетелейді.

Жүректен жүрекке

«Таудай болып өсеміз» А.Естеновтің өлеңін оқу.



Сынып

Сабақ 25

Күні

Сабақтың тақырыбы: Адам болу - арманым

Сабақтың мақсаты:

  1. Адами қасиеттер туралы түсінік беру.

  2. Адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым қатынасжасай білуге үйрету

  3. Ізгілікті , мейірімді болуға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, суреттер

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер

Оқушылармен шеңбер құрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіріп, оқулықтағы Е.Өтетілеуовтың «Нағыз адам боламын» өлеңін хормен орындау.



Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:

«Адамгершілік»ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.



Әңгімелесу

  • Ата анаң қандай болғаныңды қалайды?

  • Өзіңнің кімге ұқсағың келеді?

  • Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген Ж.Жумаханованың «Кім боласың?» мәтінін оқушыларға оқып беріп, сол бойынша біраз сұрақтар қойып оқушылардың өз ойын білу.



  • Атасы немересіне адам бол дегенде не айтқысы келді?

  • Сендер «Адам бол» дегенді қалай түсінесіңдер ?

Тапсырма

Суреттерге қарап оқушылар өз ойларымен бөлісу.



Дәптермен жұмыс

Берілген тапсырманы оқушылар өз бетінше орындайды.



Үйге тапсырма
Қорытындылау

  • Біз бүгінгі сабақта адамгершілік туралы білдік. Ол үшін біз адал, мейірімді, әдепті болуға дағдылануымыз керек.

Жүректен жүрекке

Оқулықтағы «Біз өнерпаз баламыз» өлеңін оқу.



Сынып

Сабақ 26

Күні

Сабақтың тақырыбы: Адам болу - арманым

Сабақтың мақсаты:

  1. Адами қасиеттер туралы түсінік беру.

  2. Адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету

  3. Ізгілікті , мейірімді болуға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, суреттер

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер

Оқушылармен шеңбер құрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіріп, бәрі қосылып « Көңілді балалар әнін» орындайды.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.



Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:

«Адамгершілік»ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.



Дәйексөз

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан»

Абай


Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген В.Сухомлинскийдің «Мен адаммын ғой!» мәтінін оқушыларға оқып беріп, сол бойынша біраз сұрақтар қойып оқушылардың өз ойын білу.



  • Қарттың «мен адаммын» деген сөзін қалай түсінесіңдер?

Шығармашылық жұмыс

Суреттерге қарап оқушылар өз ойларымен бөлісу.



Дәптермен жұмыс

«Мен кім болам» тақырыбына сурет салу.



Қорытындылау

  • Біз бүгінгі сабақта адамгершілік туралы білдік. Ол үшін біз адал, мейірімді, әдепті болуға дағдылануымыз керек. Қандай маман иесі болсаңда адамдарға деген адамгершілігің, сүйіспеншілігің, және жумысыңа деген жауапкершілігің болу керек.

Жүректен жүрекке

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерімен қорытындылайды және «Мен өскенде ... боламын!» деп айтып шығады

.

Сынып

Сабақ 27

Күні

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштармын

Сабақтың мақсаты:


  1. Табиғат ұғымын түсіндіру.

  2. Балалардың табиғатқа аялы қарым қатынастарын дамыту.

  3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер,

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер

Оқушылармен шеңбер құрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіріп, бәрі қосылып

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз,

Армысың табиғат – анамыз,

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.

Өлең жолдарымен табиғат анамызбен амандасайық.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:

«Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.



Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген Ә.Ысқақтың «Табиғат деген не?» мәтінін оқушыларға оқып беру.



Шығармашылық жұмыс

Оқулықта берілген суреттерді пайдаланып сөйлемдерді аяқтау.

Егер мен тау болсам ... .

Егер мен күн болсам ... .

Егер мен өзен болсам ... .

Егер мен қыран болсам ... .

Егер мен елік болсам ... .

Дәптермен жұмыс

Табиғат көріністерінің суретін салу.



Қорытындылау

  • Табиғатқа қарасаңдар көздерің тоймайды. Алуан түрлі гүлдер, өзендер, көлдер, ағаштар, тастар т.б табиғат деп атаймыз. Осы сұлулықты жаратқан – табиғат- ана. Табиғат қандай әсем де сұлу болса, сен де сондай әсем сұлусыңдар. Осы сұлулықты аялап, қорғауымыз керек.

Жүректен жүрекке

«Мектеп вальсін» хормен орындау.

Сынып

Сабақ 28

Күні

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштармын

Сабақтың мақсаты:

  1. Табиғатты аялауға үйрету.

  2. Табиғатқа аялы қарым қатынастарын дамыту.

  3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, көбелек суреті, қағаздан жасалған гүлдер

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер

Оқушылармен шеңбер құрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіріп, бірге С.Қалиевтың «Қандай болып өсемін» өлеңін оқиды.

Табиғатты білемін,

Ауа, су, жер, күн, аспан.

Жан - жануар,

Гүл, егін,

Көкжиекке ұласқан

Насекомдар,

Тау, дала,

Аң, құс, өзен, көл, теңіз.

Табиғат, ол – айнала,

Қасиетті өлкеміз



Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:

Балалардың «табиғатты аялау » туралы түсініктерін кеңейту.



Әңгімелесу

Оқушылармен табиғат туралы әңгімелесу мақсатында



  • Табиғат аясында жиі боласыңдар ма?

  • Табиғаттан қандай әсер алдыңдар?

Тапсырма

Оқулықтағы суреттерге қарап табиғаттың қандай көріністері өздеріне неліктен ұнайтынын айтып беру.



Мәтінмен жұмыс

Оқулықта берілген М.Әбдірашеваның «Орманшының баласы» мәтінін оқушыларға оқып беру және сол бойынша сурақтарға жауап алу.



  • Бала не істемекші еді?

  • Оның алғашқы ойы неліктен өзгерді?

  • Табиғатты сақтау үшін сендер қандай үлес қосар едіңдер?

Дәйексөз

«Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз»

Р. Сәтімбекұлы.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген тапсырмаларды орындау.



Қорытындылау

  • Біз бүгінгі сабағымыздан табиғат пен адам үйлесімділігі, табиғат жаратылғаннан, адам туғанынан бойларында болады. Бұл адамның табиғатты сүюінен басталады. Табиғаттың берген сыйын дұрыс қабылдап, орынды қолдана білу қажет. Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан , жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан -жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз. Адам да, табиғат сияқты сұлу да әдемі, жан жағына тек қана қуаныш, жылу,жақсы көңіл күй сыйлау керек.

Жүректен жүрекке

Гүлдерді оқушыларға таратып беріледі, сол гүлдерге оқушылар табиғаттан неге ұқсағысы келетінін айтып (жазып), гүлдің сабағына іледі.

Мысалы: мен аққуға ұқсағым келеді, өйткені ол әдемі.

Мен гүлге ұқсап жайқалып тұрғым келеді,

Мен күнге ұқсағым келеді, күн секілді адамдарға жарық сыйлаймын.

Ия осы табиғатты біз аяласақ, біздің өміріміз де, табиғатымызда гүлдер секілді жайқалады.


Сынып

Сабақ 29

Күні

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары

Сабақтың мақсаты:

  1. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру

  3. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, ақ қағаздар мен фломастерлер

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер

Оқушылармен шеңбер құрып,



  • Күніміз ашық болсын!

  • Жеріміз кең болсын!

  • Ауамыз таза болсын!

  • Суымыз тұнық болсын!

  • Гүліміз жақсы өссін!

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:

«Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Біз бүгін денсаулықты сақтаудың құпияларымен танысамыз. Біздің алғашқы аялдамамыз - «Таза ауа» деп аталады. Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегіні жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа таза болады. Сондықтан табиғатты сүю жанға саулық береді.

Бабаң айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.

Ал келесі аялдамамыз - «Мөлдір бұлақ». Су - біздің тәнімізге азық , тазалық, жанымызға тыныс, сұлулық береді. Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды. Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді. Табиғаи суға шомылсаң денең шынығады. Сондықтан да денсаулықтың келесі құпиясы – табиғи су

Су – табиғат байлығы,

Өзен көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

Сергіту сәті

Ендігі аялдамамыз «Спорт – біздің досымыз» деп аталады. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы - спорт. Өйткені ол денені шынықтырады, сергітеді, тәніңе сымбаттылық, жаныңа күш-қуат береді, аурудың алдын алады.

Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз,

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз,

Коньки, шаңғы тебеміз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Шығармашылық жұмыс

Балалар келесі аялдамамыз «Жан сұлулығы» деп аталады. Өйткені жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді.

Жақсылық айтып басқаға,

Ортаға ойды салғайсың.

Тек мақтанба, жасқанба,

Сұлу жанды болғайсың.

Оқушыларға ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар беріледі. Өздеріңді табиғаттағы тіршіліктегі неге теңейсіңдер сол суретті салу.

Дәйексөз

«Жаны саудың – тәні сау»

Дәптермен жұмыс

Денсаулық құпиялалары орындау



Қорытындылау

  • Балалар бүгінгі сабақтан біз денсаулық құпиялаларымен таныс болдық. Жан саулығы мен тән саулығы үшін не істеу керек екенін білдік.

  • Оларға - таза ауа, табиғи су, спорт, амандасу, жақсы сөздер айту, таза ой, дұрыс тамақтану, тазалық, зиянды әрекеттер жасамау, жақсы көңіл күй. Осыларды орындасақ біздің жанымыз бен тәніміз сау болады.

Жүректен жүрекке

Бір біріне жылы лебіздерін білдіреді



Сынып 30

Сабақ

Күні

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары

Сабақтың мақсаты:

  1. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру

  3. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу


Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, ақ қағаздар мен фломастерлер

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер

Оқушылармен шеңбер құрып, балалар біз өткен сабақта денсаулық құпияларымен таныстық, сондай құпияның бірі – амандасу. Бір бірімізбен амандасайық.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:

«Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.


Тапсырма

Денсаулық туралы алған білімдерін арттыру мақсатында суретке қарап өз ойларымен бөліседі.


Мәтінмен жұмыс

М.Әбдірашеваның «Тәтті алма» мәтінін оқу, тазалық бойынша пікірлерін білу.



  • Баянның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Сендерде осындай жағдай болады ма?

  • Тазалықтың денсаулыққа қанда әсері бар?


Ойын жаттығу

Оқушыларға денсаулық үшін пайдалы және зиянды екендігін ажыратуы керек. Дайындалуға 1-2 минут.


Дәптермен жұмыс

Денсаулық құпиялаларын гүлдің күлтешелеріне жаз.


Қорытындылау

  • Балалар біздің соңғы аялдамамыз – «Жақсылық кені». Жақсылық жақсы істерден, жақсы сөздерден, жақсы әрекеттерден құралады. Жақсы сөз – денсаулықтың келесі құпиясы. Жаныңның жақсы болғаны , денсаулығыңның жақсы болғаны.

Бір бірімізге жақсы тілектер айтайық.



  • Денің сауболсын!

  • Спорт сенің досың болсын!

  • Күн үнемі сенімен бірге болсын!

  • Жаның сұлу болсын!

  • Таза су саған күш қуат берсін!


Жүректен жүрекке

Бәрі қосылып «Балдырған әнін» айту.


Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде

Алау болып жанамыз.

Алау болып жанамыз,

Құлыншақ болып шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.



Сынып 1 б

Сабақ 29

Күні 19.04. 2012 ж

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары

Сабақтың мақсаты:

  1. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру

  3. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, ақ қағаздар мен фломастерлер, гүл күлтелері, дәйексөз,

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер

Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті, олай болса бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денсаулық құпиялары». Сол құпияның бірі - амандасу. Олай болса бәріміз келген қонақтарға сәлемдессек, және жақсы тілекпен сабағымызды бастайық.



  • Армысың асыл күн!

  • Армысың көк аспан!

  • Армысың кең дала!

  • Армысың жан досым!

  • Жылуыңа жылу қос, міне менің қолым.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:

Денсаулықты сақтаудың құпияларымен танысу.

Сабағымыздың алғашқы бөлімі - «Таза ауа» деп аталады. Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегіні жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа таза болады. Сондықтан табиғатты сүю жанға саулық береді.

«Басты байлық – денсаулық»

Бабаң айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.

Тыныштық сәті


  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздерің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанып сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар болады.

Ал олай болса балалар денсаулық құпиясының бірі - «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Су - біздің тәнімізге азық , тазалық, жанымызға тыныс, сұлулық береді. Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды. Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді. Табиғи суға шомылсаң денең шынығады. Сондықтан да денсаулықтың келесі құпиясы – табиғи су. Оқулықтағы мына өлеңді бірге қосылып айтайық.

Су – табиғат байлығы,

Өзен көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

Сергіту сәті

Ендігі бөліміміз «Спорт – біздің досымыз» деп аталады. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы - спорт. Өйткені ол денені шынықтырады, сергітеді, тәніңе сымбаттылық, жаныңа күш-қуат береді, аурудың алдын алады.

Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз,

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз,

Коньки, шаңғы тебеміз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Мәтінмен жұмыс

М.Әбдірашеваның «Тәтті алма» мәтінін оқу, тазалық бойынша пікірлерін білу.



  • Баянның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Сендерде осындай жағдай болады ма?

  • Тазалықтың денсаулыққа қанда әсері бар?

Шығармашылық жұмыс

Ал енді балалар біз «Жан сұлулығымен» танысамыз. Өйткені жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді.

Жақсылық айтып басқаға,

Ортаға ойды салғайсың.

Тек мақтанба, жасқанба,

Сұлу жанды болғайсың.

Оқушыларға ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар беріледі. Өздеріңді табиғаттағы тіршіліктегі неге теңейсіңдер сол суретті салу.
Дәйексөз

«Жаны саудың – тәні сау»

Адамның ішкі ойы таза болса,дені сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласың және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің амандығы үшін ғана емес, жанының сау болуы үшін де әрекеттер жасау керек. Ол үшін бойымыздағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек.



Ойын

Балалар алдыларыңдағы гүлдің күлтелеріне денсаулық құпияларын жазыңдар. Сендермен бірге қонақтарымыздың да денсаулық құпиясы туралы жазып өтссе. Оларды оқытып, тақтаға ілу. Балалар қараңдаршы бос турған парағымыз гүлденіп кетті. Қандай әсем!

Дәптермен жұмыс

Ал енді балалар сендер өздеріңнің жазған денсаулық құпиялаларын дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.



Қорытындылау

  • Балалар бүгінгі сабақтан біз денсаулық құпиялаларымен таныс болдық.

Жан саулығы мен тән саулығы үшін не істеу керек екенін білдік.

  • Оларға - таза ауа, табиғи су, спорт, амандасу, жақсы сөздер айту, таза ой, дұрыс тамақтану, тазалық, зиянды әрекеттер жасамау, жақсы көңіл күй. Осыларды орындасақ біздің жанымыз бен тәніміз сау болады, және біз мына гүлдей жайнап жүре береміз.

Бағалау:
Жүректен жүрекке

Балалардың бір біріне тілектері.



Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде

Алау болып жанамыз.

Алау болып жанамыз,

Құлыншақ болып шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.



Сынып 31

Сабақ

Күні

Сабақтың тақырыбы: Отанымды сүйемін

Сабақтың мақсаты:

  1. Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту

  2. Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру

  3. Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер,

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ –жауап

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбер

Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше. Өйткені біз бүгін «Отан», «Махаббат» туралы әңгімелесеміз.

Сабағымызды Қ.Р - ның әнұранымен бастаймыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары мен таныстыру:

Отан туралы түсініктерін кеңейту.

Әңгімелесу

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Астана қаласы неліктен ерекше?

Еліміздің қандай мемлекеттік мерекелерін білесіңдер?



Тыныштық сәті

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алып ұшақпен «Астана» қаласына сапар шегіп бара жатырмыз. Міне, қандай әсем Астана қаласы.

Ойын жаттығу

«Мен елімді сүйемін». Оқушыларға жүрекшелер таратылады. Сол жүрекшелерге оқушылар тілектерін жазып, тақтаға іледі.



Мәтінмен жұмыс

М.Әлімбаев «Біздің Қтанымыз – Қазақстан» оқып беру

Отанымызды не үшін мақтан тұтамыз?

Өзің тұратын жер не үшін көрікті?



Жаңа ақпарат

Біз Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Отанымызда түрлі ұлттар бір бірімен дос, тату тәтті өмір сүреді. Біз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.



Дәптермен жұмыс

Ал енді балалар дәптерде берілген тапырмада өз туған жеріңнің суретін сал.



Жүректен жүрекке

Балалардың бір біріне тілектері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет