Сабақтың тақырыбы: § Тарих және уақыт Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі19,3 Kb.
#43610
түріСабақ
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 6. Тарих және уақыт

Сабақтың мақсаты.

  • Білімділік: Оқушыларға уақыт, оның кажеттілігі мен әр түрлі елдердегі уакыт өлшемдерінің пайда болуы тарихын түсіндіру. Ертедегі қазақ даласында мекендеген тайпаларда қолданылған уақытты өлшеу есептері туралы түсініктерін қалыптастыру.

  • Дамытушылық: Оқушыларды уақыттың маңызын саналылықпен түсінуге, салыстыра білуге үйрету. Уақыт адам дүниетанымының негізгі іргетасы түсінігін қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Уақыт деген ұлы өлшем, сондықтан оқушыларды уақытты босқа өткізбей үнемді және дұрыс пайдалана білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі күнтізбелер, құмсағат, сағат. Уақыт сызығы көрсетілген плакат.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берген тапсырманы жалпы сыныптан тексеріп шығамын. Одан кейін үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақтар бойынша талқыға салу.

1. Тарихи өлкетанудың тарихты зерттеуде маңызы қандай?

2. Тарихи өлкетану ғылымы өз алдына қандай міндеттер қояды?

3. Өлкетану қашан жеке ғылым саласы болып қалыптасты?

4. Өлкетану тарихтың қандай салаларымен тығыз байланысты?

5. Мұрағат дегеніміз не, ол жерде қандай деректер сақталынады?

Қорытындылау. Біз өткен сабақтарда Өлкетану ғылымы және онымен тығыз байланысты тарих салаларымен таныстық. Олар бізге тарихи оқиғаларды тереңірек, жан-жакты меңгеруге көмектесетінін білдік. Ал осы әр түрлі тарихи оқиғалардың барлығының өзінің белгілі бір болған уақыты, тарихи кезеңдері бар. Бүгін біз сендермен осы тарихи оқиғалардың уақыты қалай белгіленгені немесе қалай анықталғандығы жөнінде білеміз, -деп қорытынды сөзді жаңа сабақпен байланыстырып жіберемін.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың жоспары.

1. Тарихи уақыт межесі.

2. Алғашқы уақытты жылмен есептеудің пайда болуы.

3. Ертедегі қазақтар арасында тараған уақытты өлшеу түрлерінің ерекшелігі.

4. Қазақша жыл санау. Мүшел дегеніміз не?

5. Хижра.

Алдымен үстелдің үстіне қойылған сағат түрлеріне балалардың көңілін аударып, олардан уақыт қалай өлшенетінін сұрайды. Әсіресе балаларға құмсағаттың жұмыс істеу тәртібін айтып шығып, көрсету оларға ерекше қызық болады. Оқушылармен бастауыш сыныптарда алған білімдері бойынша:

1. Бір сағатта неше минут бар?

2. Бір тәулік неше сағаттан тұрады?

Одан кейін тақтаға ілінген әр түрлі күнтізбелерді көрсетіп:

3. Бір жылда неше күн бар?

4. Жыл неше маусымнан тұрады деген сияқты сұрақтармен оқушылардың өздері білетін білімдерін қайталап шығамыз.

Оқушыларға тақтаға ілінген күнтізбелердің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын табу тапсырмасы беріледі.

Уақыт ұғымының техника дамымаған ерте заманның өзінде адамзат баласы үшін зор маңызы болған. Ертеде адамдар уақыт межесін, оның ішінде, әсіресе жылдың белгілі бір мезгілде қайталанып отыратынын табиғат құбылыстары күннің жылынуы, суытуы, жаңбыр, қардың жаууы т.б. арқылы анықтай білген. Адамдар ерте заманда табиғатқа бас иіп, оның әрбір құбылысын бақылап отырған. Қазақ халқы өзіне тән шаруашылық дәстүріне байланысты уақытқа есеп жасап отырғанын айтып кеткен жөн. Ең алғаш уақытты жылмен есептеген ежелгі египеттіктер екенін айта отырып, қазақтарда осындай уакытты ірі тарихи тұлғалардың өмірімен есептеу сияқты түрлері болғандығының, оның ерекшелігін айтады. Бұдан кейін жер бетінде болып өткен оқиғалардың барлығы не б.з.б. немесе б.з-да болғанын айта келіп, б.з.б. деген шартты атау қай кезеңге дейінгі жер бетінде болып еткен тарихи оқиғаларға қатысты айтылатынын атап көрсетемін.

Жоспар бойынша берілген «Қазақша жыл санау» дәстүрі туралы қысқаша аңыз әңгімені айтып келіп, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындатқызамын.

«Хижра» деп аталатын мұсылмандардың жыл санауы туралы тақырыпшаны 1-2 балаға кезек-кезек оқытып, басқа балалардан оның мазмұнын сұрап шығамын. Егер оқушылардың жауабы толық болмаса, оларға төмендегідей сұрактар қоямын.

Мысалы:1. «Хижра» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2. Мұсылмандардағы жыл санау қандай тарихи оқиғамен байланысты?

3. «Хижра» жылы санауы қай жылдан басталады?

4. Мұсылмандардың Хижра жыл санауынан бері қазіргі күнге дейін қанша жыл өтті?

Осылайша жаңа тақырыпты меңгеріп шыққаннан кейін ой қорытындылап сабақты бекітеді.

Бекіту сұрақтар: Біз неліктен уақытты жылмен есептейміз? Оның біздер үшін мәні мен маңызы қандай?

Сабақты былай қорытындылаймын, жер бетіндегі адамзат баласы пайда болғаннан бастап оларға табиғат құбылыстарының өзгеріп отыру ерекшеліктерінің мәнін білу, тіршілік үшін маңызды болды. Бұл сонау замандардың өзінде ғылыми білімнің негізі қалыптаса бастағанын, уақытты өлшеу түрлерінің өркениеттің бір көрсеткіші екенін түсіндіріп өтеді. Мұғалім қазақтың өзіндік шаруашылық ерекшеліктеріне сәйкес басқа елдерден, ұлттардан кем түспейтін уакыт өлшемі болғандығын айтып сабақты қорытындылаймын.



Бағалау:

Үй тапсырмасы: 6-параграфты оқып келу. Оқушы дәптерлеріне «Уақыт сызығын» сызып, мына оқиғалардың болған уақытын ата-аналарының көмегімен белгілеу:

1. Бұдан 5 мың жыл бұрын алғашқы сурет жазулар шықты.

2. б.з.б. 4 ғасырда археология ұғымы пайда болды.

3. 622 жылдан мұсылмандардың жыл санауы басталады.



4. Өз ата-бабаларыңның өмір сүрген кезеңдерін анықтап әулеттік уақыт кестесін жаса.
Каталог: uploads -> doc -> 0202
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0202 -> Тақырып: Ауылда және «дейін» шылауы Сабақтың мақсаты: Білімділік
0202 -> Сабақтың мақсаты: Қысқаша көбейту формулалары бойынша білімдерін тексеру. Ойлау қаблетін дамыту
0202 -> Сабақ : 9 Сабақтың тақырыбы: Кеңес Одағы. Ресей Федерациясы Сабақтың мақсаты
0202 -> Сабақ барысында қолданылатын ойындар жинағы " Адасқан әріптер"
0202 -> Сабақ барысы: І кезең: «Ой шақыру», ой қозғау «Кім көп біледі»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет