Сабақтың тақырыбы : Түйе мен тышқан (монғол ертегісі) Сабақтың мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі49,9 Kb.
#39007
түріСабақ
Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу. Мүшел туралы түсінік

беру. Оқушыларды талдау, талқылау, салыстыру және қорытынды

жасауға үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын байыту,

есте сақтау қабілеттерін дамыту;



Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, адалдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Қазақша жыл санау» кестесі, слайдтар, «Балық» кескіні,

«Күн шұғылалары» кестесі.



Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, ассосация құру,Синквейн әдісі.

Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

Жаңа ғасыр, жаңа үміт, жаңа арман,

Жақсы тілек, жайнаған күн шық алдан.

Білім деген шалқар теңіз шалқыған,

Тереңіне сүңги алар талпынған.
Мақсат қою. Әрбір адам қандай іске кіріссе де, ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай мақсаттар қояйық: тыңдай білу, салыстыру, бір жүйеге келтіру, талдау, қорытындылау. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Ендеше, сабаққа жақсы белсенді қатысайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өлеңді дұрыс, мәнерлеп оқу


Сұрақтарға жауап алу

  1. Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы.

  2. Сөзжұмбақты шешу үшін мына сұрақтарға жауап бер.







1. Қазір қай ай?

2. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны

3. Алдағы мереке

4. Біз қазақ қандай халықпыз?

5. Жеріміз бар қасиетті киелі, Соғып тұр ғой туған дала ......



6. Біз тәуелсіз елдің .....
ІV. Жаңа сабақ. Отанын сүйетін азамат болып өсетіндеріңе сенемін. Сонымен біздің Отанымыз ҚР. Біз басқа елдермен достық қарым-қатынастамыз.


  • Сөзжұмбақтағы ерекшеленген әріптерді қоссақ ертегі сөзі шықты?

  • Ертегінің неші түрі бар?


(1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ(ОБСЕ) саммиті соның айғағы). Сондай дос елдің бірі - Монғолия.

Бүгінгі оқитын ертегіміздің тақырыбын білу үшін мына жұмбақтардың шешуін табайық.



Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Түйе


Мысықтан бұл қорқады,

Бұдан тілі қорқады.

Тышқан
1) Ассосация құру. Түйе мен тышқан туралы не білесіңдер?

түйе

тышқан

Сурет бойынша жұмыс.


2) «Тірек сөздер арқылы әңгімі» әдісі.

Ерте-ерте, ертеде, он екінші, жыл, айтыс, келісім, күннің шығуын күту, күннің ең алғашқы шапағы, түйенің өркеші, ызаланып, күлге аунайды, құр қалыпты.



3) Мәтінмен жұмыс

  • Дауыстап оқыту

  • Талдау

- Ертеде адамдар қандай шешім қабылдапты?

- Түйе мен тышқан не үшін айтысты?

- Олар қалай келісімге келді? Тауып оқы.

(Түйе не істеді? Ал тышқан ше? Күннің ең алғашқы шапағы таулардың

шыңдарына түскенде не болды? Неге тышқан бірінші көрді? Ал ұтылған

түйе не істеді? Содан бері түйе күлді көрсе не істейді екен?)

- Сонымен түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?

- Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадың ба? Неден?



4) Дәптермен жұмыс

Бойыңа сенбе, ... сен.

12 жыл – бір ... (Мүшел – уақыттың өлшем бірлігі. Адамның жасын мүшелмен есептеген)

5) Ертегіні сахналау.

6) Қазақша жыл санауды оқыту: Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

«Жатқа біл» өлеңін оқыту, жаттап алудың керек екенін ұғындыру.

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Талма, именіп ділмардан.

С. Мұқанов


7) «Балық қаңқасы» ойынын ойнайық. Балықтың денесіне суретке қарап отырып, жыл атауларын ретімен жазып шыққан топ жеңімпаз болады. Кәне, кім жылдам екен?
V. Рефлексия

Мереке

Көңілді, қызықты

Қуантады, тойлайды, табыстырады

Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!

16 желтоқсан
Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болып, жылдан-жылға аман-есен жетіп, болашағымыздың жарқын болатынына сенейік.

Тербетіп тұрса болды жыр-бесігім

Дәулеттің тілемеймін көл көсірін ...

Көз тимей,

Кірбің түспей қабағыңа, ,

Жалғыз-ақ –

Құтты болғай енді осы күн!

С. Жиенбаев

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Ертегіні мазмұндау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет