Сабақтың тақырыбы: §14,15. Деформация. Серпімділік күші. Гук заңы



бет1/2
Дата09.12.2019
өлшемі148,09 Kb.
#53272
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
кмж деформация
Колумбийский университет в Нью Йорке (Columbia University) - стоимость обучения в год, факультеты - StudyLab

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

V тарау. Денелердің өзара әрекеттесуі



Мектеп:

№12 ЖОББМ



Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Джексембаева Г.С.



Сынып: 7 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: §14,15. Деформация. Серпімділік күші. Гук заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.3–пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру

7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу



Сабақ мақсаттары

- Деформация түрлерін ажыратып, Гук заңын түсінеді;

- Серпімділік күшінің деформация шамасына, қатаңдыққа тәуелділігін анықтай алады;



Бағалау критерийлері

  • Деформация түрлерін ажырата біледі;

  • Гук заңын қолданып, серпімділік күшін анықтайды.

Тілдік мақсат

Деформация, серпімді, пластикалық, Гук заңы, серпімділік күші, серіппенің қатаңдығы, деформация шамасы, Гук заңы

Құндылықтарды дарыту

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Пәнаралық байланыс

Математика, технология

Алдыңғы білім

Күш. Салмақ. Ауырлық күші.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы
3 минут
Білу, түсіну


7 мин

Білу, түсіну

І. Ұйымдастыру:

1.1. Сынып оқушыларымен амандасу

1.2. Оқушыларды түгендеу

1.3 . Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу


Психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасы

Күш. Ауырлық күші. Салмақ.

-Денелердің жылдамдығын өзгертуші себеп

-F әрпімен белгіленеді

- Ауырлық күшінің формуласы

-Денелердің өзара әрекетесуін сипаттайтын шама.

-Жер тарапынан денелерге әсер ететін күш.

-Дененің тірекке немесе аспаға әсер ететін күші.

- Салмақ дегеніміз не?

ҚБ. Мадақтау

«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу

Деформацмя, Серпімділік күші, Гук заңы.






«Өрмекші торы» әдісі арқылы

Қағаз қиындылары арқылы




Сабақтың ортасы/сабақ- тың негізгі бөлімі

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау


Жаңа сабақпен танысу.

Күш әсерінен дене пішіні мен өлшемдерінің өзгерісі деформация деп аталады.

Деформацияның екі түрі болады: серпімді және пластикалық.

Күш әсері тоқтағаннан кейін қалпына келетін деформация серпімді деп аталады. (резеңке, серіппе т.б.)

Оның түрлері: созылу, сығылу, ығысу, бұрау, иілу.

Күш әсері тоқтағаннан кейін қайтадан қалпына келмейтін деформация пластикалық деп аталады. (пластилин т.б.)

Серпімді деформацияны қайтадан қалпына келуінің себебі оған серпімділік күш әсер етеді.

Дене деформацияланғанда пайда болатын және деформацияға қарсы бағытталған күш серпімділік күші деп аталады.

Серпімділік күшінің деформация шамасына тәуелділігін ағылшын физигі Роберт Гук анықтады.

Серпімділік күші деформация шамасына тура пропорционал.

F=-k∆L


Топтық тапсырмалар:

1-топ:

Дескриптор

Білім алушы

- серпімді деформацияларды анықтайды;

- пластикалық деформацияларды анықтайды.

- анықтамалары, формулалары



2 – топ:

Берілген суреттердің айырмашылығы неде, түсіндіріңіз. Деформация түрін анықтаңыз. Деформация неге тәуелді екенін түсіндіріңіз.






Дескриптор

Білім алушы



  • денелер деформациясын салыстырады;

  • деформация түрін анықтайды;

3 – топ: Серпімді деформация түрлері

Дескриптор

Білім алушы


  • Деформация түрлерін анықтайды

  • Пішінінің өзгеруін анықтайды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет