Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі71,43 Kb.
#29656
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні Күні:

Математика

Сыныбы:

Даярлық сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

2 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты

2 саны туралы ұғым беру, құрамы, цифр таңбасымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері.

  1. Балаларға оқу іс-әрекетінің элементтерін игерту, салыстыру арқылы артық кем, бірдей ұғымдарын санына қарай салыстыра білуге үйрету.

  2. Қызықты ойындар арқылы балалардың тапқырлығын, қиялын дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру.

  3. Әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Жаңа

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойындар, ертегі, санамақ, шаттық шеңбері.

Сабақтың көрнекілігі:

Суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу

3. Әнұран орындау

Іздену-ұйымдастырушы.



  • Балалар, бір аптада неше күн бар?

  • Бүгін нешінші күн, қай күн?

  • Сәрсенбі күні қандай пәндер болушы еді?

II Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасында 1 санына байланысты тақпақ сұралады.

III Жаңа сабаққа кіріспе

Оң, сол, жоғары төмен ұғымдарына байланысты өлең тақпақтар арқылы бой сергіту жаттығуларын ұйымдастыру.

IV Жаңа сабақты түсіндіру

Қорытынды. Бекіту.

Балалар, бүгінгі таным саласының математикалық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бізге қонақтар келіпті.

- Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

- Әжелерің сендерге ертегі айтып берді ме?

- Қандай ертегілерді білесіңдер?

- Балалар, басына үнемі қызыл телпек киіп жүретін қызды білесіңдер ме?

«Қызыл телпек» слайдта суреті болады.


  • Ендеше мен сендерге «Қызыл телпек» ертегісін әңімелеп берейін.

Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал болыпты. Олардың жалғыз қызы бар екен. Қыз үнемі қызыл телпек киіп жүретін болғандықтан, балалар оны «Қызыл телпек» деп атап кетіпті. «Қызыл телпек» білімге өте құштар болыпты. Бір күні «Қызыл телпек» мектепке барғысы келіп, ата-анасынан рұқсат сұрайды. Ата-анасы жалғыз жібергісі келмепті. Балалар ол бізге де келіп қалуы ғажап емес.

«Ғажайып сәт».

  • Естідіңдер ме, балалар, есік қағылған сияқты?

Осы кезде есік ашылып, «Қызыл телпек» кіреді.

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен де сендер сияқты мектептен білім алғым келеді.

Осы кезде есік ашылып, бір қоян кіреді. Қоян: Балалар, мен Қызыл телпекті жібермеймін. Тек мына тапсырмамды орындасаңдар ғана босатамын.


  • Қане, балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?

Қоянның тапсырмасы: «Жоғалған сан» ойыны.

Санамақтар айту.

1 саны: Достар мені бір дейді,

Қарайды да бүйдейді.

Мұқтажсың қол, аяққа,

Ұқсап тұрсаң таяққа.

3 саны: Мен ғой үштің таңбасы,

Зейін қойып тыңдашы,

Шідерлі аттай тұсалып,

Жүр біреулер үш алып.

4 саны: Достарым мені төрт дейді

Беске бірім жетпейді.

Қуанады анасы,

Төрт алғанда баласы.

5 саны: Әр қолыңда бес саусақ,

Жетпейді оған еш саусақ

Бір мен екі алмаңдар,

Үшке алданып қалмаңдар.

Балалар, байқадыңдар ма, қандай сан жоқ?



  • 2 саны жоқ.

  • Ендеше, екі санын шақырайық.

2 саны: Мен екімін балалар,

Алңғасар жалқаудың

Алатыны екілік

Басын шайқап өкініп.



  • Қане, балалар, «орныңда тап» ойынымен сандарды орналастырайық.

Тура, кері санату.

  • Балалар, көрдіңдер ме, 2 саны 1 саннан кейін 3 санының алдында тұрады. 2 саны жұп сан. 2 санына байланысты мәліметтер айтам.

Слайдтан көре аласыздар.


  • Сондай-ақ 2 санының нашар жағын айтсам, 2 санын жалқау, еріншек

балалар алады екен. Сондықтан да балалар 2 алып қалып ата-аналарымызды ренжітуден сақ болайық.

Балалар: Қоянның тапсырмасын орындадық.



Қоян: Ендеше Қызыл телпекті босатайық.

Осы кезде қасқыр кіреді.



Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Қызыл телпек мен сені жібермеймін. Балалар, тек менің екі тапсырмамды орындасаңдар ғана босатамын.



Қасқырдың 1-тапсырмасы: «Құрамын тап» ойыны.

Қасқырдың 2-тапсырмасы: «Кім тапқыр ойыны».

Қасқыр: Ендеше, мен Қызыл телпекті босатайын.

Қызыл телпек балаларға рахметін айтады. Осы кезде есіктен аю кіреді.

Аюдың 1-тапсырмасы:


  1. Балалар ұйқыдан тұрғанда біздің неше көзіміз ашылады? (2)

  2. Адамда қанша қол бар? (2)

  3. Бір қоянда құлақ нешеу? (2)

  4. Бос ыдыста неше жаңғақ бар? (0)

Аюдың 2-тапсырмасы: Балалар, сендер сандарға байланысты жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Жұмбақтар.

  1. Бірі үй күзетіп қалса,

Бірі жүрер қалтада. (құлп пен кілт)

  1. Апалы-сіңілі келеді,

Бір-біріне ереді. (екі аяқ)

  1. Екі анадан он бала,

Есімі біреу бәрінің. (саусақ)

Мақал-мәтелдер.

  1. Айла-алтау, ақыл жетеу,

Айла мен ақыл қосылса

Алдырмайды екеу.



  1. Алтау ала болса

Ауыздағы кетер.

Төртеу түел болса,

Төбедегі келер.

Жаңылпаштар.


  1. Төсек үстінде төрт бөрік

Төртеуі де көк бөрік.

  1. Есет атам ет асатар

Ет асатса, бес асатар.

Аю: Балалар мен де Қызыл телпекті босатайын. Осы кезде есіктен қу түлкі кіреді.



  • Қызыл телпек, сен ешқайда кете алмайсың. Орындасаңдар ғана босатамын.

Түлкінің 1-тапсырмасы:

  • Балалар, мен сендерге «Қоржын» ойынын ала келдім. Қасымда қоржын бар. Қоржын ішінде зат бар. Қане, қандай зат екен?

Геометриялық фигураларды атап, анықтайды.

Түлкі: Балалар, Қызыл телпекті босатайын. Сендер сондай білімді екенсіңдер.

Мұғалім: Балалар, Қызыл телпекті ортамызға қосамыз ба? Ол үшін «Танграмм» ойыны таяқшаларынан түрлі пішіндер жасау керек.
-Балалар, мен сендерге риза болдым. Ал енді Қызыл телпектің ортамызға келуімен қандай санмен таныстық?

1+1= 2


Қызыл телпек: Құрметті балалар! Сендердің білімдерінің арқасында мен аңдардан оңай құтылып, білім ордасына жеттім. Сендерге көп-көп рақмет. Мына әжем пісірген тәтті тоқаштарды сендерге арнаймын.

Мұғалім: Балалар, біз Қызыл телпекке көмек беру арқылы 2 санымен таныстық. Ертегі сендерге ұнады ма? Енді Қызыл телпек білімін әрі қарай жалғастырып, оқу озаты боларына сенім білдіреміз. Сендер де әрқашан 2-лік алудан аулақ жүргейсіңдер.





VI Үйге тапсырма

2 санының тақпағын жаттау.

VII Бағалау

Сондай-ақ бүінгі Қызыл телпекке өте жақсы көмек көрсете білген балаларды мынадай теңгелермен бағалаймын. Балаларды мадақтап, бағалау.

Қоштасу

Жылу шеңбері.

Қолымыздан ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы



Сау-саламат болайық!

Каталог: uploads -> doc -> 04bc
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04bc -> Сабақ жоспарларының үлгісі Бұл жоспар бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылады
04bc -> Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Ядроның құрылысы мен қызметі, ядроның жетекші ролі жөнінде мәліметтерді алады
04bc -> «экспо-2017» мақсаты әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның мүмкіндіктерін паш ету Н. Назарбаев
04bc -> Сабақ жоспары Смайыл Аян Байтұрғанұлы Өскемен қаласы әкімдігінің "№46 орта мектебі"
04bc -> Xxi ғасыр химия ғасыры


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет