Сабақтың тақырыбы: §21. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі



Дата25.08.2017
өлшемі72,28 Kb.
#26747
Сабақтың тақырыбы: §21. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Мақсаты:1. Жеңіл және тамақ өнеркәсібіне анықтама бере отырып, салаларын,даму факторларын,даму аймақтары мен таныстыру. 2. Жеңіл және тамақ өнеркәсібіне сипаттау арқылы олардың дүниежүзілік шаруашылықтағы маңызын анықтау . 3. Картамен ,оқулықпен, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасау дағдыларын одан әрі дамыту.



Әдіс тәсідері: топтық, ұжымдық, жеке, интерактивті тақтадағы жұмыс, карта, кесте, сұрақ жауап, баяндау,

Көрнекіліктер: дүние жүзі саяси картасы, атлас,интерактивті тақта, кесте, схема

Қолданылған ақпарат көздері:http://bilimdiler.kz/https://infourok.ru

Сабақтың жоспары

І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

ІҮ Қорыту

Ү Бекіту

ҮІ Үйге тапсырма

ҮІІ Бағалау

1.Ұйымдастыру бөлімі: Топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасы. 1) Әр топ конвертте жасырылған сұрақтарды таңдап жауап беруге дайындалады.

1-топ: Ауыл шаруашылығын қандай топтарға біріктіреміз ? (интенсивті ,экстенсивті, тауарлы, тұтынушы.)

2-топ: Жасыл революция деген не? (өнімділігі жоғары сорттарды шығару есебінен ашаршылық проблемасын шешу мақсатында ауылшаруашылық дақылдарының , әсіреседәнді дақылдардың түсімділігін арттыру жөніндегі шаралар)

3-топ: Агробизнес деген не? (ауылшаруашылық өндірісінің өндірген өнімдерін өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу,техникалар мен тыңайтқыштарды өндіруді қамтитын нарықтық экономиканың саласы.)



2) Әр отпқа стикерлер мен өнімдердің атаулары беріледі соларды картадағы сәйкес келетін елдерге жапсыру.

1-топ: Мақта ,зығыр, кофе. 2-топ: Бидай, шай, жүзім. 3-топ: Табиғи каучук, бұршақ дақылдары.

1-топ: Сиыр етін экспорттайтын жетекші елдер. 2-топ: Қой етін экспорттайтын жетекші елдер. 3-топ: Жүн экспорттайтын жетекші елдер.

Сонымен дүниежүзілік аграрлық өнеркәсіп салалары




АӨК






АӨК дамуын қамтамасыз ететін салалар

Ауыл шаруашылығы

Ауыл ш/ғы өнімдерін өңдеу, тарату,тасымалдау.



Білу: Бүгінгі біздің білетініміз Дүниежүзінің жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

3. Жаңа сабақ. Тақырыбы: , Мақсаты мен таныстырып кету.

Түсіну: 1-топ: Жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі.

2-топ: Тігін өнеркәсібі.

3-топ: Тамақ өнеркәсібі.

Әр топқа мәтінді түсініп оқуға 5 минут уақыт беріледі. Атласта негізгі аймақтар мен елдерді тауып анықтайды.



Қолдану: Енді осы түсініп оқығанымызды қолданып көрейік.

Әр топ оқығандарын ортаға салады.



1-топ: Жеңіл өнеркәсіп– халық тұтынатын заттар өндіретін сала. Құрамына тоқыма,тігін, тері, аяқкиім, былғары өнеркәсіптері кіреді. Киім тігу үшін мата талшықтарын , тері мен былғарыны өңдеуді адамдар ежелден игерген. Уақыт өте келе , сән индустриясының дамуына орай, химиялық талшықтар, жасанды тері сияқты шикізаттың жаңа түрлерін қолданып, өнім сапалары да біртіндеп арта бастады.

Слайд Сән индустриясының эволоюциясы.

Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіптің ұйымдастыру құрылымы өзгерді. Егер бұрын киім мен аяқ киім шағын шеберханаларда дайындалса қазір негізіне ірі компаниялар жұмыс жасайды.

-Қандай киім немесе аяқ киім өндіретін ірі компанияларды білесіз?

Слайд. Адидас, Найк, аяқ киім тігетін комп.т б

Жаңа сән үлгілерін дайындап, оларды өндіріске енгізуде Сән үйлерінің орны зор.

ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл компаниялардың өндірістік базаларының белгілі бір бөлігі дамыған елдерден шикізат пен арзан жұмыс күштері бар дамушы елдерге қарай ығысты. Атап айтқанда : Қытай, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Түркия т с с.

Ал экономикасы дамыған елдер элиталы қымбат бағалы өнімдер өндіреді. Ірі сән орталықтары: Париж, Лондон, Нью-Йорк, Токио,Милан, Мадрид.



Слайд : Ірі сән орталықтары. Сән үлгілері

Тоқыма өнеркәсібі: Дүние жүзі тоқыма қнеркәсібінің дәстүрлі салалары –мақта –мата, жібек, жүн матасын, зығыр маталарын шығару. Мата шикізатының жалпы көлемінің ( слайд)

3/2 –сін мақта –мата, 5/1-ін химиялық талшық, 10/1-ін жүн, 1,5 % астамын зығыр құрайды.

ХХ ғ-дың 1-жартысында мата өндіруден Қытай, Үндістан КСРО болса Қазір тоқыма өнеркәсібінің көп бөлігі дамушы елдерге қарай ығыстырылды.

Мақта ,жібек, жүн маталарын өндіруден: Корея Респ, Тайвань, Сянган, Оңт Шығыс Азия елдері, Пәкістан, Түркия, Бразилия, Мексика, Сирия, Египет, Колумбия үлесі артты.

Дамыған елдер керісінше , мата өндіру біртіндеп қысқарып келеді. Сондықтан бір кездері дамыған тоқыма өнеркәсібі орталықтары дағдарысқа ұшыраған.

Кендір өндірісі шикізатқа бағытталғандықтан аумақтық құрылымын сақтап қалған.



Слайд кендір

Зығыр маталары көп мөлшерде РЕсей, Беларусь, Украина Франция, Польша, Германия, Чехия, Венгрия. Кендір Үндістан Бангладеште өндіріледі. Мата өндірісінің құрылымында түрлері бойынша негізінен мақта маталары басым. АҚШ, Жапония, КОрея Респ да жібек өндіріледі. Ұлыбритания, Италия, Бельгия жұқа шұғасы мен ерекшеленеді.



2-топ.Тігін өнеркәсібі: Қазіргі сырт киім тігу, кілем тоқу мен айналысатын тігін өнеркәсібінің басым бөлігі дамыған елдерден дамушы елдерге ығысты. Киім тігу фабрикаларының кқбі ауылшаруашлығы мен өнеркәсіп , қызмет көрсету салаларымен кооперациялық байланыс орнатқан. Мысалы: джинсы мата Пәкістанда дайындалып, Мальтада пішіліп, Нью-Йрокте тігілуі мүмкін. Осыған орай Индонезия, Тайланд, Вьетнам, Бангладеш Пәкістан сияқты тропиктік елдер қысқы киімдер тігетін жетекші елдер болып табылады. Мысалы Қазақстанға келген қысқы киімнің көбі қайда тігілген ?

Слайд: Қазіргі дүниежүзілік мата саудасының негізгі бағыттары.

Мата тауарларының ірі экспорттаушы елдері Азия елдері, АҚШ. Импорттаушылар дамыған елдер болып табылады. АҚШ мақта талшығының 3/1-ін экспорттап , дайын өнімді Сянган мен Тайваньнан импорттайды.

Дамыған елдерден біртіндеп былғары аяқ киім өнеркәсібі де дамушы елдерге ығысуда. Егер ХХ ғасырдың 1- жартысында сатылатын аяқ киімнің көбі Италия, АҚШ, Франция, Германия,Ұлыбританияда шығарылса , соңғы 10 жылда жылына 350-360 млн жұп аяқ киім шығаратын Италия ғана өзінің ұстанымын ұстап тұр. Ал басқа елдерді Қытай, (500 млн жұп) Үндістан мен Бразилия (200млн жұп), Испания, Португалия, польша ығыстырды.

Жан басына шаққанда ең көп аяқ киім италия Чехия (адам басына 6 жұп).

Аяқ киім табанын шығаруға Испания мамнданса, Италияда аяқ киімнің көбі шағын шеберханаларда қолдан тігіледі.

Аяқ киім экспорттаушы негізгі елдер- Италия, Бразилия, Қытай, Үндістан, ал импорттаушылар- АҚШ,Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания.

Бағалы терілер қолдан өсірілген аңдардан алынады. слайд

Құндыз терісін Фрация, су құндызы терісін Дания, қатардағы аң терісі өнімдерін Грекия, жоғары сапалы аң терісін Италия, Ресей, Канада шығарады. СлайдИспания, Италия, Түркия, Иран, Ауғанстан, ОАР, Аустралия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Уругвай сияқты елдер қой терісінен тігілген тондар экспорттайды.


3-топ: Дүниежүзінің тамақ өнеркәсібі.

Ауыл шаруашылығы мен тығыз байланысы бар сала . Тамақ өнімдерін өндіру адамзаттың азық-түлік мәселелрін шешуге тікелей байланысты. ТАмақ өнеркәсібі барлық елдерде болғаны мен өзінің даму деңгейінен ған емес, халықаралық мамндануы жағынан ерекшеленеді. Қазіргі кезде тамақ өнеркәсібінің даму деңгейі жағынан экономикасы дамыған елдер жетекші орын алады. Д ж тамақ өнеркәсібі ет, сүт , нан-тоқаш, кондитер өнімдері , қант өнеркәсіптеріген тұрады.



Слайд: Схема тамақ өнеркәсібі

Ет өнеркәсібі Еуропаның экономикасы жоғары дамыған елдері Германия, Франция, Италия, Испания, Нидерланд, Дания, Бельгия, АҚШ, Аустралия ,Жаңа Зеландия және дамушы елдерден Қытай, Бразилия, Аргентина ,Уругвай жатады. Ет өнімдерін д ж нарыққа ірі экспорттаушыларға АҚШ,Аустралия, Бразилия жатады. Олар шығарған өнімдерін Батыс Еуропа , Ресей, Жапония импорттайды.

Сүт өнеркәсібі Батыс Еуропа елдерінде , аАҚШ, Ресейде, Беларусь пен Украинада Аустралияда Жаңа Зеландияда жақсы дамыған. Финляндия мен Эстонияның кілегейлері, Германия, Франция, Норвегия, Швейцария мйлары мен йогурттары танымал. Дж 6 млн т мал майы өндіріледі. Алдыңғы орында Үндістан, АҚШ, Германия. Өсімдік майын- Франция, Пәкістан, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша, Аустралия, Украина.

Д жнарыққа сүт өнімдеріншығаруда - Орталық ж/е Солт Еуропа елдері. Аустралия, Жаңа Зеландия. Ал басты импорттаушылар Қытай. ТМД.



Қант өнеркәсібіЖылына д ж-де 130 млн т қант өндіріледі.Оның 80 % жуығы қант құрағынан 20% қант қызылшасынан алынады. 2 басты аймақ: 1)Шетелдік Азия қанттың 3/1ін береді. 2) 4/1 Латын Америкасы береді. Негізгі экспорттаушылар : Бразилия, Аустралия, Куба, Гватемала, Тайланд, Батыс Еуропа елдері.
Әрі қарай Талдауға көшейік

Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері ҒТР дәуірінде шаруашылықтың тағы қай саласы мен байланысқа түсті?

Себебі неде?(Химия өнеркәсібі. Жаңа материалдардың шығуы..)

Жинақтау

1-топ. Дүние жүзінің тоқыма, тігін өнеркәсіптері мен тамақ

өнеркәсібінің елдер бойнша таралуында қандай

айырмашылық бар ? Себебі?

2-топ.Тамақ өнімдерін басты импорттаушы елдер? Себебі?

3-топ.Дүниежүзілік азық-түлік проблемасын қалай шешуге болады?



Бағалау:

Үйге тапсырма: §21.

Қазақстан шетелге қандай жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерін экспорттайды.
Каталог: uploads -> doc -> 0a39
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a39 -> Тақырыбы: «Отбасы –тәрбие бастауы» ата-аналар жиналысы. Мақсаты
0a39 -> Дарынды оқушыларға арналған жұмыс жоспары Информатика пәнінің мұғалімі: Аитова Карима Махамедлативовна
0a39 -> Сабақ қаңдай болу керек және не үшін керек?
0a39 -> Сабақ қазақ тілі пәнінен класс: 5 /б/ Сабақтың тақырыбы: Мемлекетіміз туралы не білуіміз керек?
0a39 -> Бекітемін: Ж. Нұрмаханова Күні: 20 қараша 2015
0a39 -> Мағжан Жұмабаев пен Сергей Есенин шығармаларындағы үндестік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет