Сабақтың тақырыбы: §22. Житс вирусы Сабақтың мақсаты



Дата31.07.2017
өлшемі64,79 Kb.
#22439
түріСабақ
Сыныбы: 10 «Ә» Пәні биология Пән мұғалімі Жанузакова А.Б. Өтілетін мерзімі 27.11.15ж. Уақыты 09:45 – 10:30 Өтілетін орны №210 кабинет

Сабақтың тақырыбы: §22. ЖИТС вирусы Сабақтың мақсаты:

білімділік – ЖИТС вирусының қауіптілігіне оқушылардың назарын аудару және вирустың алдын алу шаралары туралы ұғындыру;

дамытушылық – оқушыларды өзіндік іздену жұмыстарға жаттықтыру, ой-өрісін дамыту, пікірін ашық білдіруге, еркін сөйлеуге дағдыландыру;

тәрбиелік – оқушыларды ЖИТС – тың адам өміріне қауіптілігін сезінуге, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға үйрету, салауатты өмір сүруге және өз денсаулығына жауапты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: конференция Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу, тест Сабақтың көрнекілігі: презентациялық слайдтар, суреттер Пәнаралық байланысы: тарих, әдебиет Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; ә) ынтымақтастық атмосферасын құру; б) сабақтың тақырыбын, мақсатын, жұмыс жоспарымен таныстыру.

ІІ. Кіріспе бөлім 1. Мұғалім сөзі 2. Қызығушылықты ояту «ЖИТС ауруы туралы білеміз бе»? (репортаж көрсету)

ІІІ. Негізгі бөлім Мағынаны тану 1. Ғылыми – танымдық бөлімі (оқушыларға алдын ала берілген ізденіс тапсырмаларын тыңдау, сұрақ қою арқылы ой бөлісу) а) «ЖИТС және оның қоздырғыштарының ашылу тарихы» ә) «ЖИТС –тың құрылысы мен тіршілік әрекеті» б) «АИВ және ЖИТС-тың жұғу жолдары» в) «ЖИТС – тың алдын алу шаралары» г) «ЖИТС ауруы мен АИВ инфекциясын жұқтырған адамдардың ауру белгілері» д) «Еліміздегі АИВ, ЖИТС ауруы туралы көрсеткіштер» е) «ЖИТС жұқтырған адамдардың қоғамдағы орны»

2. «Ой толғаныс» Жағдаяттық тапсырмалар

ІІІ. Қорытынды 1.Таңдау тесті 2. Рефлексия IV. Үйге тапсырма. §22.Оқу. Вирус арқылы таралатын аурулар туралы іздену. V. Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; ә) ынтымақтастық атмосферасын құру; б) сабақтың тақырыбын, мақсатын, жұмыс жоспарымен таныстыру.


ІІ. Кіріспе бөлім 1. Мұғалім сөзі

«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» - деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі конференция сабағымызды бастаймыз.

Қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі – оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан әрбір адам осы ауру туралы жан-жақты білсе, мұндай дерттің алдын алуға болады.
2. Қызығушылықты ояту «ЖИТС ауруы туралы білеміз бе»? (репортаж көрсету)
ІІІ. Негізгі бөлім Мағынаны тану
1) Ғылыми – танымдық бөлімі (оқушыларға алдын ала берілген ізденіс тапсырмаларын тыңдау, сұрақ қою арқылы ой бөлісу)

а) «ЖИТС және оның қоздырғыштарының ашылу тарихы» Ұзақова Әсел ә) «ЖИТС –тың құрылысы мен тіршілік әрекеті» Төребекқызы Нұргул б) «АИВ және ЖИТС-тың жұғу жолдары» Тілектесов Дастан в) «ЖИТС – тың алдын алу шаралары» Боханова Дана г) «ЖИТС ауруы мен АИВ инфекциясын жұқтырған адамдардың ауру белгілері» Махамбетов Мақсат д) «Еліміздегі АИВ, ЖИТС ауруы туралы көрсеткіштер» Оразалы Фатима е) «ЖИТС жұқтырған адамдардың қоғамдағы орны» Аманбаев Әли


2. Ой толғаныс

Жағдаяттық тапсырмалар

1.Сіздің қансырап жатқан адамға алғашқы көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?


2.Адам тексеруге қан тапсырып, онда АИВ инфекциясы табылғанын жаңа ғана білді. Ол не сезінеді? Ол не істейді?
3. Сіз досыңыздың туған күніне бардыңыз, достарыңыз бір бөлмеге жиналып есірткіні денелеріне инемен шаншып жатты, сізге де инені ұсынды делік? Сіз не сезіндіңіз? Сіз не ойлайсыз? Сіз не істейсіз?


ІІІ. Қорытынды

1.Тест «Сіз ЖИТС туралы не білесіз?» «Д» - дұрыс, «Қ» - қате


Тесттің жауабы

1.

ЖИТС-пен ауратын адамды құшақтау қауіпті

Қ

2.

Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖИТС жұқтырып алуға болады.

Қ

3.

Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті

Д

4.

ЖИТС –пен ауырған адаммен бір стаканнан су ішсең немесе бір үстел басында тамақ ішсең ЖИТС вирусын жұқтыру мүмкін емес.

Қ

5.

Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек.

Қ

6

Егер сырқат саған қарай жөтелсе немес түшкірсе, ЖИТС –ты жұқтыруға болады.

Қ

7.

Жыныстық қатынас, есірткі және ЖИТС мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея.

Д

8.

ЖИТС – маса мен басқа да жәндіктер арқылы таралады

Қ

9.

ЖИТС қызыл қан түйіршіктерін зақымдайды.

Қ

10.

ЖИТС денеден бөлініп шығатын барлық сұйықтар арқылы жұғады.

Қ

11.

ЖИТС –тың берілуі жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде, ортақ инемен пайдаланғанда, анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезде.

Д

12.

Дүние жүзілік ЖИТС –ке қарсы күн 1- желтоқсан.

Д

2. Рефлексия

Қорыта айтқанда әр оқушы аурудың алдын алу үшін ауырмай тұрып, ауырмайтын жол іздеу керек. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайды. IV. Үйге тапсырма. §22.Оқу. Вирустар арқылы таралатын аурулар туралы хабарлама жазу. V. Бағалау.

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№ 274 ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ашық сабақ
Тақырыбы: ЖИТС вирусы

( 23.11 -28.11.15 ж. Химия – биология пәндері бірлестігінің

«Салауатты өмір – жарқын болашақ» атты апталығында

10 «Ә» сыныбына өтілді).



А.Б. Жанузакова,

биология пәні мұғалімі

Байқоңыр, 2015
Каталог: uploads -> doc -> 1178
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1178 -> Сабақ №10 Күні Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта. Тақырыбы: Жүрегімде жақсылық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет