Сабақтың тақырыбы: &49 Табиғи қорлар және өндіріс Сабақтың мақсаты: а Табиғи орта, Табиғи қорлардың топтары



Дата26.08.2017
өлшемі161,71 Kb.
#28213
түріСабақ
Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Мұнайшы селосы

5 орта мектебінің география пәні мұғалімі



Кенжебаева Қаламқас

Сабақтың тақырыбы: &49 Табиғи қорлар және өндіріс

Сабақтың мақсаты: а)Табиғи орта, Табиғи қорлардың топтары,

оларды ұтымды пайдалану мен түлетуді

ұйымдастырудағы географияның рөлі,

шаруашылық әрекетінің әсерінен болатын

табиғаттағы өзгерістерді бақылау

туралы білімдерін қалыптастыру.

ә)Оқушылардың танымдық білімін

арттыруға және ой – өрісін, есте сақтау,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б)Қоршаған ортаға деген көз қарасты

қалыптастыра отырып , табиғатты аялауға,

өсімдіктері мен жануарларын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау,СТО,Кластер стратегиясы, ТСН, деңг. оқыту;
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер;
Пән аралық байланыс: Биология, жаратылыстану, химия,экология;
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.

а) Сәлемдесу.

б) Сыныпты түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын сұрау

1-тапсырма 1топқа (тест)

2-тапсырма 2 топқа (сәйкестендіру)

3- тапсырма 3топ қа (тақтамен жұмыс)

Тест


  1. Солтүстік Қазақ жазығының өзендері?

а. Іле, Шу

в.Сырдария,Сарысу,

с.Есіл, Ертіс

д.Жайық.Жем

2. Шөл зонасының алып жаткан аумағы?

а. 30%


в.40%

с.25%


д.65%

3. Мұғалжар тауының ең биік жері?

а. Бесшоқы

в.Боқтыбай

с.Бесбақан

д.Ұлытау


4. Тянь-Шянь тауын зерттеген орыс ғалымы ?

а. А.Н.Краснов

в. П.П.Семенов

с. Л.С.Берг

д. И.В.Мушкетов

5. Тянь-Шянь табиғатындағы ұйымдастырылған қорықтар?

а. Ақсу-Жабағылы

в. Марқакөл

с. Алтай

д. Алакөл

6. Сауыр –Тарбағатай тауларының батыс бөлігіндегі аудан?

а. Тұран


в. Қазақ жазығы

с. Шығыс Еуропа

д. Сарыарқа

7.Жоңғар қақпасынан соғатын жел?

а. Сайқан

в. Мұғалжар

с. Қордай

д. Шілік


ІІ Сәйкестендіру?

1.Рахман бұлағы а. Әйет, Лиқсаков

2.В.Докучаев в. Алтай тауында

3.Темір кені с. Бұқтырма

4. Ең үлкен мұздық д. Сарыарқа

5. Қазақтың ұсақ шоқысы е. Корженевский



6. Ертіс өзеніндегі су қоймасы ж. Топырақтану
Сөзжұмбақ










Т

о

ғ

ы

з




т

ұ

р

А

н
















т

о

Б

ы

л










қ

о

қ

И

қ

а

з










м

ұ

Ғ

а

л

ж

а

р










А

л

т

а

й




м

ұ

з

Т

а

у









Сұрақтары:



  1. Физикалық аудандар саны?

  2. Арал маңы, Үстірт қай физикалық аймаққа кіреді?

  3. Солтүстік Қазақ жазығының өзені?

  4. Қорғалжың қорығының көркі?

  5. Орал тауының Қазақстандағы жалғасы?

  6. Түсті металға бай аудан?

  7. Алтай тауының ең биік шыңы?

ІІ. Жаңа сабақ.

Табиғат – қоршаған орта. Қоршаған ортадағы - су, ауа, жел, пайдалы қазбалар, күн энергиясы, өсімдіктер, жануарлар – табиғи қорлар.
Табиғат ресурстары

Сарқылатын Сарқылмайтын

Қалпына келетін Қалпына келмейтін күн энергиясы Ғарыштық

Cу Энергетикалық

Жер Металдар

Биологиялық Химияляқ


Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану .

Табиғи қорлар

1 Отын-

энергетикалық



қорлар

2 Минералдық

қорлар

3 Климаттық



қорлар
4Су қорлары
5Топырақ-өсімдік

қорлары


6Жануарлар дүниесінің

қорлары



Табиғи қорлар және өндіріс

Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.

Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:

1.Отын-энергетикалық қорлар.Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.

Отын-энергетикалыққорлар

Тас көмір Газ Жаңаөзен


Екібастұз, Майкүбі

Мұнай
Атырау,Маңғыстау


2.Минералдық қорлар.Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.

Қазақстан полиметалл кендеріне де бай оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.



3.Климаттық қорлар.Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Мол күн энергиясын гелиоқондырғыларда қолдану мүмкіндіктері бар. Қазақстанда күн энергиясы түрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел энергиясына бай. Желді аудандарда (Шар, Жаңғызтөбе, Жоңғар қақпасы, Іле аңғары және т. б.) жел энергиясын механикалық және электр энергиясына айналдыруға болады.

3.Су қорлары.Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.

Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы еғістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бүған қоса қалалар мен өнеркөсіп орындарының өсуі, республикадағы су корларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені үтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық жөне экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалык және табиғатын корғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий жөне Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген.

Су корларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалык кондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Су қорлары

Беткі


Жер асты

Минералды

Өзен,

Көл,


мұздықтар

Мойынқұм,

Қызылқұм Рахман,

Алмаарасан



5.Топырақ-өсімдік қорлары.Республикадағы топырақ, осімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.

Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді оңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану алдағы міндет.

Өсімдік корларын бірнеше топтарға бөлуғе болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар неғізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқаптың ауданы 21 млн гектар.

Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса кұнды дермене (сантонинді жусан) өседі.

Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы «арглобин» дәрісін атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан жасалған қабынуға карсы «аллапинин» препаратының, сол сияқты шырганақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті оте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің өр түрлі емдік қасиеттері бар. Тобылгы мен аріианың кәсіптік маңызы зор. Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды (саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дөрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондыктан дөрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек.

Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандыктан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе, кұрып бара жаткан өсімдік түрлерін сактаудың маңызы зор.



6.Жануарлар дүниесінің қорлары.Республика аумағында омырткалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 50 мыңнан асады. Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Бұған қоса Зайсан мен Алакөл маңына, таулы тайганың қара түлкісі мен бұлғын жерсіндірілген. Сол сияқты республиканың өзен-көлдерінің барлығында дерлік терісі аса қүнды америкалық ондатр жерсіндіріліп, аң шаруашылығының негізгі салаларының біріне айналып отыр. Олардың кәсіптік маңызы бар. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде тулкі, қарсақ, ақбөкен, киік, қарақщрық кездеседі. Қорықтардың ұйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.

Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың 2000 жылдары жаппай қырылып барып тоқтауы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп келтіріп тұр. Бөгендерде, тоғандарда балық шаруашылығын өркендету балыққа деген сұраныспен республика халқын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шөлдерде тіршілік ететін жыландардың уы медицинада қолданылады. Жануарлар дүниесі қорлары азықтүлік, шикізат ондірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар олардың ғылыми-практикалық және экономикалық маңызы бар. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), қулан, домбай (жабайы есек), сусар, бцлгын, лаиіын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақиіақай, қоқиқаз, жірпар тышқан және т.б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.

Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табигат және табиги байлықты қоргау одагы кұрылды. 1966-1981 жылдары осы жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында «Қазақстанның Қызыл кітабы» шықты. Мұнда негізінен жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелген. Қазіргі Қазақстан жерінде экологиялық апатты аймақтардың, ластанған жарамсыз жерлердің молаюына байланысты сирек кездесетін жануар түрлеріне аса қауіпті жагдай тууда. Сондықтан «Қызыл кітапқа» тіркеуге алынбаған түрлерді қорғау шараларына Қазақстан ғалымдары да белсене ат салысуда. 1996 жылы «Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының» жаңа басылымы жарық көрді. Бұл кітапқа сүтқоректілердің 40, күстардың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қос мекенділердің 3, балықтардың 16 түрі еніп отыр.[

Табиғи қорларды тиімді пайдалану

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.

Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан айырылып, сортаңданды. Топырақтағы өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына, таралуына кері әсерін тигізді. Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды. Сонымен табиғат ерекшеліктерін ескермегендіктен, су қорларын халық шаруашылығына пайдалану мәселелері әзірше дұрыс шешілмей отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл керсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырады. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді. Мысалы, құмайт және саздақ топырақты аудандар 4-5 жыл пайдаланғаннан кейін жері сортаңданып, егістік көлемнен шығып қалады. Жел топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетеді.

Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.

ІV. Бекіту
1.Сәйкестендіру
1.Су қорлары а. Жел

2.Минералды в. Ертіс,Рахман бұлақ

3.Отын-энергетикалық с. Алтын, темір

4.Климаттық д. Газ, көмір

5.Топырақ-өсімдік е. Аралий.итмұрын
2.Топтастыру

Табиғи қорлар

3.Кесте толтыру




Отын-энергетика




Минералды




Климаттық




Су




Топырақ-өсімдік




Жануарлар




V І. Үй жұмысы



V.Бағалау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет