Сабақтың тақырыбы 4A бөлім: Ақшаны пайдалану Монеталар және олардың номиналды құны



Дата23.08.2017
өлшемі69,46 Kb.
#25366
түріСабақ

Сабақ жоспары





Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Ақшаны пайдалану



Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Г.С.Абдишева

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

4A бөлім: Ақшаны пайдалану

Монеталар және олардың номиналды құны



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.9 Монеталар (теңге) және олардың номиналды құны туралы білу


Сабатың мақсаттары

Tеңгелік монеталардың құныны түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы номиналы қымбаттырақ монетаны номиналы арзан монетадан ажырата білу.

Жетістік критерийлері

Tеңгелік монеталарды номиналды құны бойынша бір -бірінен ажырата білуді меңгереді.

Сөздік қор

ақша, теңге, монета, құны

Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ақша, теңге

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

5минут


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру



ОМ анықтап алу

Монеталарды салыстырып үйренесің.



теңгелік монеталар;

монеталардың қатырма қағаздан қиылыған көшірмесі



30 минут


(Ұ,Т,Қ)

Теңге монеталары (1, 2, 5, 10, 20, 50, 100) бар қалталар алып қағып дыбыс шығару.

-Балалар қалтада не бар ?

-Кешегі сабақта біз монета туралы не білдік?

Құны аз монеталардан бастап қалтадан біртіндеп шығару.

-Мынау қай монета? Бұл монетаның номиналды құнын білесіңдер ме?



Монетада жазылған сан оның номиналды құнын білдіреді.

(Т) Әр топқа қапшыққа салынған монеталарды беру.

  1. Ең кішісінен үлкеніне қарай орналастыр

Кему ретімен санайды.

100тг, 50тг, 20тг, 10тг, 5тг, 2 тг, 1 тг.

Ең соңғы монета туралы не айта аласың?

Сұрақтар қою.

-100 тг мен 20тг ортасында номиналы қандай монета орналасқан? (50тг монета)

- номиналы 5 теңгелік монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар орналасқан?

-(2 тг және 10 тг монеталар)

1 тг мен 10 тг ортасында қандай монеталар орналасқан? (2 тг және 5 тг монеталар)

Қорытынды жасауын қадағалау: номиналы кіші монетаның құны төмен, номиналы үлкен монетаның құны жоғары болады.

Тақтамен жұмыс. (ауызша)

Әмияндағы монеталар.

5тг < 10тг

50 тг < 100 тг

1тг+1тг+1тг+1тг +1тг < 2 тг+2тг+2тг+2тг+2тг

5тг< 10тг

1 теңгелік он монетаның құны 10теңгелік бір монетаға тең болады.

Монета қанша? (Өздік жұмыс) 5 минут

10 тг алу үшін, неше 2 тг монетасы қажет болады?

20тг алу үшін, неше 10 тг монетасы қажет болады?

20тг алу үшін, неше 5 тг монетасы қажет болады?

50 тг алу үшін неше 10 тг монетасы қажет болады?

Сергіту сәті "Көңілді күн"


(Т) Шығарып көр.

1 топ

1 тг, 2тг, 5тг, 10тг монеталарының бір түріненен неше рет алып 20 тг жинауға болады? Номиналды құны бірдей монеталарды қолдан. Мысалы 20 монета құны 1 теңгеден болу керек.



Жауабы:

  • 1 тг- 20 дана

  • 2тг- 10 дана

  • 5 тг- 4 дана

10тг- 2 дана

2 топ

5тг, 10тг монеталарының бір түріненен неше рет алып 50 тг жинауға болады? Номиналды құны бірдей монеталарды қолдан. Мысалы 50 тг монета құны 5 теңгеден болу керек.



3 топ

20 тг, 50 тг,2 тг 1 тг 10 тг монетаны пайдаланып 154 тг жина.



4 топ

5 тг 10 тг 20 тг монетаны пайдаланып, 115 тг жина



Қ.Б

Суреттегі монеталарды салыстыр.




Ішінде (1, 2, 5, 10, 20, 50, 100) монеталар/теңгелер бар қалта, әр оқушыға біреуден.


Сабақтың соңы

5 минут



Қорытынды

Номиналды құны бойынша ең кіші монета қандай?

Номиналды құны бойынша ең кіші монетаны ата.

Монеталарды номиналды құны бойынша кему ретімен айт.

Номиналды құны бойынша 20 теңгелік монета қандай монеталардан артық?

Номиналды құны бойынша 20 теңгелік монета қандай монеталардан кем?

20 теңгелік монета алу үшін неше 1 теңгелік монета керек?

10 теңгелік монета алу үшін неше 5 теңгелік монета керек?



Кері байланыс






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

монеталар және олардың номиналды құнын ажыратуда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

монеталар және олардың номиналды құнын анықтап үйренеді

Сергіту сәті


.
Каталог: uploads -> doc -> 0012
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0012 -> Сабақтың тақырыбы М. Мақатаев «Фантазия» Күнтізбелік жоспар бойынша Сілтеме
0012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы
0012 -> Күні: Сынып: 4 Тақырыбы: Қала көшелері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет