Сабақтың тақырыбы: А. Нысаналин. Құдайы қонақ



Дата22.03.2017
өлшемі50,12 Kb.
#12107
түріСабақ
Пәні: әдебиеттік оқу Күні: 19.11.2015ж
Сабақтың тақырыбы: А.Нысаналин. Құдайы қонақ.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды А.Нысанлаиннің «Құдайы қонақ» әңгімесімен танымтырып, түсініп оқуға мүмкіндік беру. Қонақ түрлерімен таныстыру. Қ.Мұңайтпасовтың өмірі мен балуандылығы жайлы мәлімет беру.

2) Оқушылардың өз бетімен ізденуі, оқуы, пайымдауы, талдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейін дамыту.

3) Оқушыларды ерлікке, батырлыққа, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта.

Сабақ барысы:



І Ұйымдастыру кезеңі:

Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

Оқушыларды ІV топқа бөлу

І топ: Құт

ІІ топ: Береке

ІІІ топ: Ырыс

ІV топ: Сыйластық



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Миға шабуыл»

І топ:


  1. Мәтін кім туралы?

  2. Ыбырай атаның ізбасары кім?

ІІ топ:

  1. Қарт диқанның арманын кім орындады?

  2. Сыр өңірінің перзенті туралы қандай нақыл сөз айтылған?

ІІІ топ:

  1. Қарт диқан қалай көз жұмды?

  2. Адамдар қандай жағдайдан кейін күріш өсіре бастады?

ІV топ:

  1. Мәтіндегі әкесі мен баласының әңгімесі жайлы айтып бер.

  2. Мақсұт қандай болып өсті?

ІІІ. Жаңа сабақты бастау: Ребус шешу.

Жауабы: «Құдайы қонақ»

«Құдайы қонақ» дегенді қалай түсінесіңдер?

Қонақтың бұдан басқа мынадай түрлері бар екен.

Қонақ түрлері:

А.Нысаналиннің “Құдайы қонақ” әңгімесімен танысамыз.



V. Жаңа сабақты меңгерту:

«Құдайы қонақ» әңгімесін оқытып, сөздікпен жұмыс жасау.



Әудемдегі- жақын жердегі.

Төртпақ-дембелше, мығым денелі.

Күш иесі қону- күш қасиеті пайда болу

Зауқы соқпау –тәбеті тартпау.

Қайқаң өрлеу –өрлеу жол.

Бөлінген бөлімдер бойынша түсінігін айту.

І топ: 1 бөлім: Қонақтың келуі.

ІІ топ: 2 бөлім: Баланың Қажымұқанмен танысуы.

ІІІ топ: 3 бөлім: Қажымұқанның Асылмұраттың басынан сипауы

ІV топ: 4 бөлім Асылмұраттың шымыр жігіт болуы

Әр топ өз бөлімдері бойынша жауап береді.

Қара күштің иесі –Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы жинаған мәліметтерін айту.



Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы видеоролик көрсету

Дәптермен жұмыс:

Мәтіннен құдайы қонақтың портретін тауып, дәптерімізге көшіріп жазамыз.

  1. Киімі. 2. Бет-бейнесі мен алақаны. 3. Құлағы, шашы, ерні және тістері. 4. Саусақтары, көздері.

«Күтпеген қонақ» мультфильмін көрсету. Көрген мультфильм мен әңгімені салыстырту.
«Венн» диаграмасы

Асылмұрат Бай




Қонақтарды үйге шақырып, оларға шай беріп, ет астырып, дәм татқызды.Келген қонағы бата берді.Қонақжай

Қ

Қонақты үйіне кіргізбеді, далаға, мал қораға қондырды.Қонағын қарғады. Сараң.

ұқсастықтары




Құдайы қонақ келді.


V. Түсінгенін тексеру:

Кері байланыс:

1. Құдайы қонақты көрген сәттен бастап баланы қандай сезімдер биледі?

2. Мәтінде қазақ халқымыздың қандай дәстүрлері аталды?

3. Қажымұқан бала туралы қандай болжам жасайды?

VІ. Бекіту:

Асылмұраттың өмір жолына, болашағына құдайы қонақтың келуі қалай әсер етті?

«Қонақ келсе, ер жігіт құт келді деп ұғады». Махмұд Қашқари

Берілген нақыл сөз бен чемпион суретін байланыстырып сабақты қорытындылау.



Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Мәтіндегі қонақасы, ет асату сияқты халқымыздың дәстүрлеріне анықтама беріп келу. Қонаққа бару мәдениеті жайлы мәлімет біліп келу.

Қазақта «Күш атасы – Қажымұқан» деген сөз кең тарап кеткен. Оның себебі де жоқ емес. 1883 жылы Ақмола облысы Қараөткел ауылында Мұқан (Қажымұқан)  атты сәби дүниеге келеді. Ол жасынан-ақ ерен күшімен әр мезет ауылдастарын таңғалдырып жүреді. Мұқан 18 жасында алғаш рет Омбы қаласында ашылған циркте орыс палуаны И.Злобинмен белдеседі. И.Злобин оған Петербургтегі күрес мектебінде оқуға кеңес береді. Бұл ақылды құп алған Мұқан осы мектепте  екі жыл оқып, үлкен күрес өнеріне жолдама алады. Сөйтіп Мұқан Германияның Кельн қаласында неміс палуаны Генрих Веберді жеңеді, Рига қаласында да бас бәйгеге ие болады. 1910 жылы Варшава қаласында өткен халықаралық жарыста кіші алтын медальды, Америкада, Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында еркін күрестен үлкен медальды жеңіп алады.

1911 жылы Мұқан Стамбулда түріктің атақты палуаны Нұрлыны жығады, сол үшін «қажы» атағына ие болып, Қажымұқан атанады. Саратов қаласында ашылған ағайынды Никитиндер циркінде қазақ батыры бірінші рет осы «Қажымұқан» деген атпен күреске шықты. Бұдан әрі палуан Тегеран мен Кабулда, Мекке мен Мединеде өткен жарыстарда жеңістерге жетті. 1913 және 1914 жылдары Троицкі мен Парижде өткен жарыстарда әлем чемпионы болды. Қажымұқан қазақтың ұлттық күрес өнерін ғана емес, жапон халқының ұлттық күресі джиу-джицуденді де меңгерді. Дегенмен Еуропа қалаларында өнер көрсеткен Қажымұқан барлық жарыстарға Ресейдің атынан түсіп жүргенін айта кету керек. Қажымұқанның өлең шығаратын да өнері болған.

Қажымұқанмын қазақта күшім асқан,

Достарым алып палуан орыстардан.

«Черный Иван» атанып он екі жыл

Жиырма төрт патшаның жерін басқам , —

деп жырлаған екен палуанның өзі.  Айтса – айтқандай, палуан дүние жүзінің бірнеше дүркін чемпионы болған Иван Поддубныймен, Иван Шемякинмен, Иван Заикинмен және атақты палуан Вейланд Шульцпен өмір бойы дос болып өтті.



1927 жылы ҚазАКСР Орталық Комитетінің Президиумы Қ.Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» деген атақ берді. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасы қартаң тартып қалған палуан күш өнерін көрсетіп жүріп жинаған 100 мың сом ақшасына ұшақ жасатты да, оған Амангелді Имановтың атын беріп, майданға жіберді. Осы ұшақпен қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев 120 рет жауынгерлік тапсырма орындады.

Спорт өнері жолында Қажымұқан 148 алтын, күміс, қола медаль алған екен. Алып күш иесі Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қаза болды. Темірланда Қажымұқанға ескерткіш орнатылған. Астана, Шымкент қалаларындағы стадиондарға палуанның аты берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы көшелер бар.
Каталог: uploads -> doc -> 02ae
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет