Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»



Дата23.11.2016
өлшемі92,41 Kb.
#2344
түріСабақ
Қазақ әдебиеті

(8-сынып)
Исахметова Эльмира Жөнделбайқызы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы,

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов

«Қаздар қайтып барады»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.



3.Тәрбиелік – туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, түрлі-түсті қалам, әдеби көркем шығармалар жинағы, таратпалы карточкалар.

Техникалық құралдар: бейнетаспа, интерактивті тақта, компьютер.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география.
Сабақтың барысы.

1.Сәлемдесу, Оқушыларды түгендеу.

2. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын интербелсенді тақтаға аудару. Милтон Оильсонның «Қаздардан үйренеміз» тренингін сабақта пайдалана отырып, түрлі түсті қағаздар арқылы сыныпты төрт топқа бөлу.

Ітоп «Баяндаушылар», ІІ топ «Зерттеушілер», ІІІ топ «Талқылаушылар», ІҮтоп «Сипаттаушылар»

3.Үй тапсырмасын пысықтау

Жаңа сабаққа көшу. Ой шақыру.

Бейне баяy «Туған жер»

-Балалар, назарымызды интерактивті тақтаға аударайық.Қане балалар, мына бейне баяннан нені көріп тұрмыз?

-Туған жер, Атамекен, Отан!

-Жарайсыңдар!

Біз өткен сабақта қандай қаламгеріміздің өмірі, шығармашылығымен таныстық ? Қаламгер қай жылы, қай жерде дүниеге келген? Қандай әңгімелері жарық көрген.?Қандай тарихи романдарын білесіңдер? Төрт топқа бөлінген оқушылар дәптерлеріндегі хронологиялық таблицаны пайдалану арқылы жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды.

Қазақ әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен таныстық. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай Халық республикасы) дүниеге келген.1965 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология бөлімін тәмамдаған. «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен-ақ қазақ әдебиетіне талантты қаламгер келгенін дәлелдеді.Бірнеше әңгіме, хикаяттары, «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атты романы үшін жазушы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. « ... Қабдеш-тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы». 2014 жылы жазушының 78 жасқа толған мерейтойы атап өтілді.



Балалар, сендердің ойларыңша қаздар қайда қайтуы мүмкін.

(Интерактивті тақтаға балалар өз ойларын ассоцация әдісімен жазып шығады..)

І топ «Баяндаушылар» Әңгіменің мазмұнымен таныстыру. Көлге Мекеніне
Ұясына
Қаздар қайтып барады


Жылы жаққа Суық жаққа

Туған жеріне

Балапанына
1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді? 2.Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтып шығады.) 3. Жазушының өмірі мен әңгімесінің арасында қандай байланыс бар? 4.Байтас қарт неге шекараны бұзып өтті? 5. Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді? 6. Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар?
- Дұрыс, олай болса біз шығарманың өзімен танысып көрейік.
ІІ топ «Зерттеушілер » Оқыған шығарманы құрылысына қарай талдайды

топта отырып бір-бірімен ой бөліседі.




шешімі


Шарықтау шегі


шиеленісуі



Оқиғаның дамуы


Оқиғаның басталуы

ІІІ топ «Талқылаушылар»

Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?




Шығарма-ның аты

Авторы

Кейіп-кері

Іс-әрекеті

Адами қасиеті

«Қаздар

қайтып


барады»

абдеш

Жұмаділов



Байтас

қарт


Жолға шықты,

қасқырмен алысты,

туған жерге асықты, шаршады,

қажыды, отбасынан

айырылды,

немересін бақты,

шекарадан асты,

туған жеріне жетті.



Қайсар, қажырлы,

төзімді, туған еліне деген сағынышы басым рухы

биік, адал жан.




Жетті

Жеткен жоқ

Байтас қарт қырық жыл бойы күткен

арманына жетті.

Ата-бабасы қалған, кіндік қаны тамған туған

жеріне, өз үйіне келіп шамалы болса да

ұйықтап, демін алды.

«Енді өліп кетсем де арманым жоқ» деді.



Байтас қарт арманына жеткен жоқ.Себебі жатжерде оның жақын адамдары қалды.Өзі

туған еліне келгенімен, бір өзі қалай өмір сүрмекші?Оның үстіне артынан ит жетек-

теген шекарашылар түскен жоқ па?



IV топ. «Сипаттаушылар » Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.(Оқушылардың пікірі былайша өрбиді)
2.Әңгімені салған суреттері бойынша баяндап береді. (Салған суреттерін ретімен тақтаға іледі де, әр топтан бір оқушы сурет бойынша әңгіменің мазмұнын айтып шығады.Қалған топтағы балалар әңгіменің ең маңызды деген жерлерін дәптерлеріне жазып алып отырады.)

Топпен жұмыс

І топ.

1.Әңгімені оқығанда немесе тыңдағанда ойларыңа не сақталып қалды? сақталған жерлерін мәтіннен тауып оқыңдар. (Кітаппен жұмыс.)

2.Сөздікпен жұмыс: қозыкөш жер - ... ұшқат - ... мойыл - ... зәузәт - ...

Сұрақ-жауап.

ІІ топ. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді?Әңгіменің маңыздылығы неде? Туған жер топырағын аттаған қарттың сезімі, сағынышы, қуанышы қалай суреттелген? (Әңгіменің тақырыбын ашу.

Туған жер жайында ой толғау.)

ІІІ топ.

Әңгімеде кездесетін жер+-су, тау аттарын теоріп жазыңдар(Оқушылардың жауабы былайша түзіледі.
1.Етікші, Тапрбағатай, Күйгентас, Тентек+Халдай, Айнабұлақ, Арғанаты, Көкшілік, Нұра

(Сабақ басындағы ассоциациялық аймаққа қайта оралу)

Байтас қартты қырық жылдан кейін шекара асыртып, жолда көрген қиыншылықтарына төзе отырып алып келген бір-ақ нәрсе, ол – туған жерге деген сүйіспеншілік, туған жердің топырағы.

Қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмай туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Мұртаза Бұлытай, Майра Мұхамедқызы, Шұғыла Сапарғалиқызы сынды қандастарымыз туған еліне келіп еңбек етуде.

(Үнтаспадан Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалып тұрады, бейнетаспадан қолдарында Қазақстанның туы бар шетелдік қазақтардың туған жерге келіп жатқаны көрсетіледі).

Тағдыр талайымен кезінде тарыдай шашыраған қазақтарымыз дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен. Осы ретте мына бір сызбаға көз салсақ.



АҚШ-та 14 000

Ресейде

740 000 Өзбекстанда 1 550 000

Украинада 15 000 Моңғолияда 100 000
Туркияда ҚАЗАҚСТАН Қырғызстанда 45 000

25000

Өзбекстанда 1 550 000

Иранда 12 000
Қытайда 1 500 000
Ауғанстанда 30 000

Тәжікстанда 10 000

Қазіргі таңда Астана қаласындағы Елбасымыздың тікелей қолдауымен шет елден қоныс аударған «Нұрлы көш». Еліне оралған Отандастарымыз жермен, тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етіліп бүгінгі күнде Елбасына айтар алғысы шексіз.Соңғы кезде атамекеніне оралып, елінің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген азаматтар баршылық.



Білімді бекіту:

- Балалар, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, өз туған жеріміз өзімізге ыстық.Қай жерде, қай елде, тіпті гүл жайнаған бөтен елде жүрсең де бәрібір саған туған жерің қымбат.Себебі туған жерің – сенің кіндік қаның тамған жер, ата-бабаң ғұмыр кешкен жер, ағайын-туыс, достарың жүрген жер, тарихи Отаның.Сондықтан туған жердің қадірін біліп, өз Отанына қалтықсыз еңбек ету - әрбір азаматтың борышы.Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» болып қалсын!




Бағалау.
Үйге тапсырма: «Отаным десем ойыма ...» деген тақырыпта шығарма жазып келу.
Каталог: userdata -> uploads -> u20
uploads -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
uploads -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
uploads -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
uploads -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
uploads -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
uploads -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
uploads -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев
u20 -> Сабақтың тақырыбы:
u20 -> Сабақтың тақырыбы: жеміс бағында сабақтың мақсаты
u20 -> Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек. Радиус және диаметр


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет