Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасында кездесетін химиялық элементтер Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары



бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі492,25 Kb.
түріСабақ
  1   2   3   4
Мереке орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Адам ағзасында кездесетін химиялық



элементтер

Муслимова Жанылкан Бердикожаевна



Қостанай облысы

Науырзым ауданы

Мереке орта мектебі мемлекеттік мекемесі

химия-биология пәнінің мұғалімі

Муслимова Жанылкан Бердикожаевна

Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасында кездесетін химиялық

элементтер



Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары:

Білімділігі: Әрбір химиялық элементтердің адам ағзасындағы атқаратын рөліне, маңызына және қажетті тоқталу. Макро-, және микроэлементтердің түрлері жайлы оқушылардың білім деңгейлерін толықтыру;

Тәрбиелігі: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбын оқыту арқылы оқушылардың күнделікті дұрыс тамақтана білуін дағдыландыру.

Дамытушылығы: «Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбы тек химия пәнімен ғана емес, биология, медицина салаларымен тығыз байланыста екендігін айта отырып, болашақта өз мамандығын таңдаудағы ой-өрісін дамыту.

Сабақтың өтілу жоспары:

  1. Химиялық элементтерге жалпы сипаттама

  2. Адам ағзасын құратын химиялық элементтер

  3. Ол элементтердің массалық үлестері

  4. Химиялық элементтердің азық – түлік және жеміс – жидектердегі мөлшері

  5. Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы

Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең.

Са – ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.

Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций гидроксиді – Са(ОН)2 – сөндірілген әк, кальций карбонаты – СаСО3 - әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О

Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.

Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.

3 – сурет.





Сүт ірімшік сүт сірне (сыр)



Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет