Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасында суреттермен жұмыс жасау. Контур ұғымы Сабақтың мақсаты



Дата11.07.2017
өлшемі36,89 Kb.
#21168
түріСабақ
Информатика пәнінің мұғалімі Баядилова А.К.

Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасында суреттермен жұмыс жасау. Контур ұғымы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Adobe Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктерімен тереңірек таныстыра отырып, алған білімдерін бекіту барысында, суреттермен жұмыс жасауды, Pen құралдарын қолдануды үйрету;

2. Дамытушылық: оқушылардыњ ой-өрісін, дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, таным көкжиектерін кеңейту; сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылық пен ұстамдылыққа,бір-бірін сыйлауға баулу.



Сабақ типі: білімді бекіту, жүйелеу.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі - практикалық сабақ

Көрнекті құралдар: ДК, интербелсенді тақта, үлестірмелі практикалық тапсырмалар, тесттік тапсырмалар – Activvote құралы.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:



  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

    1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

    2. Сабақ жүргізгенге аудиторияның даярлығын тексеру.

  1. Өткенді қайталау (5 мин)

Сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптарды қайталау, білімдерін тексеру.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (8 мин)

Pen құралдар тақтасымен таныстыру барысында контур ұғымы туралы толық ақпарат беру.

Контур (path) - құралдар жолағының Реп (Қауырсын) құралдар тобы арқылы және фигура салу құралдары арқылы салынған векторлық объект. Ол түзу және қисық сызықтармен қосылған нүктелерден тұрады. Контурдың немесе фигураның нобайын өзгерту үшін контурды құрайтын нүктелерді ауыстыруға, өзгертуге, қозғалтуға болады.



Реп құралдар тобы арқылы контур салу

  • Pen Tool құралын тандаңыз ( Р немесе Shift+P пернесі)

  • Paths палитрасында бірде бір контурдың қосылмай тұрғанына көз жеткізіңіз. Paths (Контурлар) мәзірін шертіңіз

  • Реп Options (Опции пера) панелінде Rubber Band (Резинді жіп) таңбаша қойыңыз

  • Суреттің кез келген кезінде тышқанмен шертіңіз. Осы кезде контурдың негізін құрайтын нүкте пайда болады. Суреттің бірнеше жеріне нүкте қойып шығыңыз.

  • Контур салған кезде тік бұрыш салу үшін Shift пернесін басып тұрып тышқанның орнын керек жерге ауыстырамыз.

  • Контурды салуды аяқтау үшін бірінші салынған негізгі нүктені соңғы нүктемен қосамыз. Осындай операцияларды орындау арқылы біз контур ала аламыз.

  1. Практикалық тапсырмаға кіріспе (15 мин). Мұғалім практикалық жұмыстың барысымен таныстырып өтеді.

Практикалық жұмыс барысы. Оқушыларға карточкалар таратылады, сол арқылы олар екі-екіден компьютерге отырып, топтық жұмыс жасайды.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту.

Тест (10 мин.)

1. Құрал-саймандар тақтасы, палитра, жұмыс аумағы, мәзір (меню) - ... құрайды

А) графиктік редактор ортасы+

В) командалар тізбегі

С) графиктік редактордың жұмыс істеу режимдерінің тізбегі



2. Adobe Photoshop CS бағдарламасының интерфейсінде кездеспейтін қатар

  1. Құрал-саймандар терезесі

  2. Палитралар

  3. Уақыт терезесі+

3. «Түзету» менюінде ... командалары орналасқан

ашу, сақтау, баспаға шығару

көшіру, қиып алу, әрекетті болдырмау немесе қайталау+

бейне өлшемін, түс ашықтығын өзгерту



4. Photoshop редакторының Мәзір жолында орналасқан объектілер - ...

Файл, Редактирование, Изображение, Слой, Фильтр, Вид, Окно, Помощь+

Файл, Изображение, Слой, Фильтр, Вид, Опции

Файл, Изображение, Слой, Фильтр, Вид, Окно, Помощь



5. Ерекшеленген аймақты түстермен немесе шаблондармен бояу үшін қолданылатын сайман

Құю аспабы (заливка)+

Қылқалам (кисть)

Қарындаш (карандаш)



6. Құралдар-саймандар тақтасын іске қосу командасы

Вид® Инструменты

Слой® Инструменты

Окно® Инструменты+



7. Қабатпен жұмыс істеудің артықшылығы - ... .

бейнені ерекшелеудің ыңғайлылығы

әр суретті барлық картинаға тәуелсіз жеке өңдеуге болатындығы+

суреттің сапасы артатындығы



8. Бейнені нүктелер жиынтығы ретінде берілетін графика - ...

растрлық графика+

фракталды графика

векторлық графика






  1. Бағалау (2 мин).

  2. Үй тапсырмасымен таныстыру (2 мин).

Үй жұмысы: "Фотошоп құралдары" атты тақырыпқа 10 сұрақ тест құру (3 жауап) және "Жаңа жыл" мерекесіне арналған суреттер әкелу

  1. Сабаққа қорытынды жасау (1 мин).

Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет