Сабақтың тақырыбы Ағаш тостақ. Сәуле Дағайқызы Мақсаты



Дата24.04.2017
өлшемі67,74 Kb.
#14638
түріСабақ
Бекітемін:


Сыныбы 2 г сынып

Күні

Сабақтың тақырыбы



Ағаш тостақ.Сәуле Дағайқызы

Мақсаты

Мәтін мазмұнын мән бере оқу, өткен сабақтартармен байланыстыра талдау.

Күтілетін нәтижелер



А. Түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді, сөйлеу мәдениеттері қалыптасады

В. Мәтінді зерттей отырып, бөлімдерге бөлетін болады, кейіпкер бейнесіне талдау жасау арқылы қорытынды ой айтады.

С. Отбасы маңыздылығы туралы айта алады, отбасындағы сыйластық пен татулықтың маңызын түсінеді.

Керекті жабдықтар



Әдебиеттік оқу Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық/

Б. А. Тұрғынбаева. З. Муфтибекова. Алматы кітап баспасы 2013 жыл. Видео ролик, флипчарт, фломастер,




Қолданылатын әдістер

«Джокер», «Лездеме сұрақтар» әдістері, «Ой қозғау», «Ойлан, жұптас, бөліс», «2 жұлдыз,1ұсыныс»

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе


7 мин


Ұйымдастыру. Амандасу.

«Лездеме сұрақтар»

* Өтіп жатырған тарауымыздың тақырыбы қандай?

* Жалқаудың жаны тәтті,

Еңбектің дәмі тәтті- деген мақал қай мәтінге келтіріліп айтылған?

* Зейнеткер, зейнетақы дегенді қалай түсінесің?

* Кейіпкер деген не?

* Нодар қайырымдылықты өз ақылымен жасады ма, әлде біреудің айтқанымен жасады ма?

* «Атам туралы» өлеңнің авторы кім?

- Әкесінің баласы атасына кім болады?
Үйге берілген тапсырманы қорытындылап өту: «Джокер» әдісімен өткен сабақтағы мәтін бойынша түсінгенін топта айту.


Қойылған сұрақтарға оқушылардың жауаптары шамамен мынадай болуы мүмкін:

- Қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым.

- «Сорпа» мәтініне байланысты айтылған.

- Адамдар көп жыл еңбек етіп, үлкейгенде зейнеткерлік демалысқа шығады және зейнетақы алады.

- Ертегі, әңгімелерде мәтіндегі оқиға белгілі бір адамдардың, жануарлардың қатысуымен өтеді. Оларды кейіпкер деп атаймыз

- Нодар қайырымдылықты өз ақылымен жасады.

- «Атам туралы» өлеңнің авторы Несіпбек Айтов.

-Әкесінің баласы атасына немере болады.

Оқушылар қолдарына джокерді ұстап үй тапсырмасы бойынша мәтін бойынша түсінгенін айтып шығады.


Тұсау

кесер

10 мин


«Ой қозғау» сұрақтары арқылы жаңа тақырыпқа байланысты видеоролик көрсету:

-Отбасындағы бағаланатын басты құндылықтар не?



Оқушыларды топқа бөлу:

І-топ: «Ынтымақ»

ІІ-топ: «Бірлік»

ІІІ-топ: «Достық»

ІҮ-топ: «Татулық»

Оқушылармен бірге сабақтың табыс критерийлерін құру: Бүгінгі сабақта біз не білуіміз керек? Не үйренуіміз керек деп ойлайсыздар?

Сабақтың табыс критерийлері:

1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айта алу.

2. Мәтінді зерттей отырып, бөлімдерге бөлу, кейіпкер бейнесіне талдау жасау арқылы қорытынды ой айту.

3. Отбасы маңыздылығы туралы айту, отбасындағы сыйластық пен татулықтың маңызын түсіндіре алу.


- Отбасындағы басты құндылықтар бірін- бірі сыйлау

- Құрметтеу керек

- Қадірлеу

(2-3оқушы өз отбасындағы қарым- қатынасты айтады)

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.


Сабақта не білу мен не үйрену керектігін айтады, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы табыс критерийлерін құрады.



Негізгі бөлім

20 мин

1.Мәтіннің авторы туралы қысқаша айту.

2. Мәтінді жеке оқу (әр оқушы мәтінмен танысады).

3.Мәтінді жүргізіп, елестете оқу (оқушылар кезекпен жүргізіп оқиды).

4.Сөздік жұмысы

Жүрегін жаралау-көңілін қалдырып, ренжіту.

Мүсәпір адам-дәрменсіз, бейшара адам.



Сергіту сәті

Әдеп сақтап әмәндә

Әрбір адал адамға,

Жасасаң бір жақсылық

Қайтарады саған да.

Кішілерді аяла,

Кісілерден аянба.

Адамдығың көрінсін

Анадай жан саяңда.

5. «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісімен мәтінді талдау, топта ой бөлісу.

6. «Ойды жалғастыр» әдісімен мәтіннің мазмұнын айтқызу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс. Сұрақ техникалары арқылы оқушылардың мәтін бойынша түсінгендерін нақтылау.

7. Топтарға шығармашылық тапсырма

І-топ : «Ынтымақ»

«Салыстырмалы карта» толтыру.

«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» әдісімен өзара бағалау, әр топты тыңдау.

1.Балаға тән мінезін көрсетіп, дәлелді сөз жазу.

2Анаға тән мінезін көрсетіп, дәлелді сөз жазу.

ІІ-топ: «Бірлік»

Кішкене баланың әрекетінен не байқадыңдар? Немересіне арналған хат.( РАФТ)



ІІІ-топ: «Достық»

«Әжесін қайсысы жақсы көреді?», мәтініндегі әже мен « Ағаш тостақ» мәтініндегі атайдың жағдайын салыстырыңдар?

Венн диограммасы бойынша салыстыру

ІҮ-топ: «Татулық»

«Ағаш тостақ» мәтінін қалай жалғастырар едіңдер?



Оқушылар күннің жадысы мен сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады.

Әр оқушы мәтінді жеке оқиды.


Мұғалімнің нұсқауымен оқушылар кезепе-кезек оқиды.
Сөздердің мағынасын ашады, сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәтін жасайды. Қолдарымен қимыл арқылы көрсетеді.

Оқушылар мәтінді жеке оқып, жұппен талдайды, топта ой бөліседі, мазмұнан айтуға дайындалады.


Әр топтан бір оқушы мазмұнын айтады, бір оқушының айтқанын келесі оқушы жалғастырады.

топ салыстырмалы карта толтырады. «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» әдісімен өзара бағалайды.



Баласы

Ата-анасы

Мінездеме

Дәлелдейтін сөз

Мінездеме

Дәлелдейтін сөз





































Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.




Қорытын

ды

8 мин


Әр отбасында бірлік, ынтымақтастық болса, елімізде тату, тыныштық болады.

Үйге тапсырма:

Сабақтың табыс критерийлеріне оралу, әр оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін өзін-өзі бағалауы.




Рефлексия

1.Сабақ қызықты өтті.

2.Маған ұнады.

3.Менің сұрағым бар.

4.Мен қиналдым.


Оқушыларға әр топқа көптеген мақалдар беріледі, соның ішінен бүгінгі тақырыпқа сай ойды білдіретін мақалды таңдап алып, сабақты қорытындылайды.
Әр оқушы сабақтың басында берілген бағалау парақтарына белгі арқылы табыс критерийлеріне қаншалықты жеткендігін бағалайды.

Стикерге әркім өзінің атын жазып, қай сатыда тұрғанын белгілейді.




Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет