Сабақтың тақырыбы: Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары»



Дата21.07.2017
өлшемі111,74 Kb.
#21557
түріСабақ
Күні: 23.02.2017ж Класы: 4 Ә Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары»

Сабақтың мақсаты: Ел, жер тау – тасын білу арқылы әсемдікті түсіндіру

Білімділігі: Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасау отырып, мәнерлеп оқуға, жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелігі: Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, эстетикалық, экологиялық көзқарасын қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс – тәсілі: топтық, түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының физикалық картасы, интерактивті тақта, тау туралы әндерден үзінді

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Тыңдаңыздар қыздар!

Тыңдаңыздар ұлдар!

Қолымызды созайық,

Алақанды ашайық

Қанекей кім «5» алудан қашпаймыз

Ендеше үй тапсырмасына жауап беруді бастаймыз.


Оқушыларды тау биіктігіне қарай бағалау әдісімен таныстыру.Бекет, Белес, Асу, Шың.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сәбит Мұқанов «Есіл» шығармасын мазмұндау. 4 топтан төрт оқушы шығып мазмұндайды.

І топ - Шілдеде Есіл өлкесінің желі баяу еседі........

ІІ топ - Желге, күнге көрінбей, жасыл шалғынның ........

ІІІ топ – Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп, толықсып тұрады.....

ІҮ топ – Бұл кезде Есіл сабасына сарқылып, ағар арнасымен моп – момақан болып жылжиды да жатады......

«Сәйкестендіру» Есіл өзенінің өсімдіктері мен құстарын сипатына қарай сәйкестендіру.

Үй тапсырмасын қорыту сұрақтары.


  1. С.Мұқанов кім, қай жерде дүниеге келген?

  • Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы қазіргі С.Мұқанов ауылында дүниеге келген.

  1. Есіл тақырыбында жылдың қай мезгілі суреттелген?

-Жаз мезгілі

3. Жазушы Есіл өзенінің көркемдігін қалай суреттеген?

4. С.Мұқановтың қандай шығармалары бар?

- «Сұлушаш», «Адасқандар», «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз».


ІІІ. Жаңа сабақ

Ой қозғау

Нұрғали Нүсіпжановтың «Алатау» өлеңін тыңдатып оқушылардан ән не жайында екенін сұрау. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.



  • Оқушылар

He сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар - менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым - ұланғайыр кең далам, - деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен бастағалы отырмын. Себебі бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да біздің еліміз – жерімізге көрік беріп тұрған таулар жайында болмақ. Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары». (оқушылар дәптерлеріне сабақ тақырыбын жазады)



Автор туралы мәлімет беру. (интерактивті тақтадан көрсетіледі)

Айбатыр Самиғоллаұлы Сейтақ 1966 жылы 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылында дүниеге келді. 1989–1997 жылдары Орал және Қостанай облыстық телерадиокомпанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген. «Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары, «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған.
Қазір ҚР Парламенті Мәжіліс Аппараты баспасөз қызметінің бас сарапшысы.
1988 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті өткізген «Жыр-жарыс» бәйгесінің жүлдегері, 1990 жылы Жұбан Молдағалиевтің 70 жылдығына арналған мүшәйраның жеңімпазы, 1993 жылы Бұқар жыраудың 325 жылдығындағы мүшәйрада үшінші орынды иеленген. 1996 және 2000 жылдары «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері. 1997 жылы «Жазушы» баспасынан «Ғұмырнама» атты жыр жинағы жарық көрді.

1.Оқулықпен жұмыс

Алдымен оқушыларға мәнерлеп оқып беру. Содан соң бір – екі оқушыға мәнерлеп оқыттыру.

Әр топқа өлеңнің екі шумағынан бөлініп беріліп, топтада оқылып талданады. Содан соң

«Алатау» тобы - Алатау, Алтай таулары картадан көрсетіле отырып өлең шумақтары мазмұны ашылады.

«Алтай тауы» тобы – Ұлытау, Көкшетау таулары картадан көрсетіле отырып өлең шумақтары мазмұны ашылады.

«Ұлытау »тобы – Баянауыл тауы картадан көрсетіле отырып өлең шумақтары мазмұны ашылады.

«Мұғалжар тауы» тобы- Қарқаралы, Қаратау таулары картадан көрсетіле отырып өлең шумақтары мазмұны ашылады.

Сергіту сәті. Оқушыларға «Алтай таулары» туралы видеоны көрсетіп, тамашалату.

2.Дәптермен жұмыс: «Ұлытау жер кіндігі, Ұлт бірлігін сақтаған» деген өлең жолдарын қалай түсінесіздер? Өз ойларын жазу.

3.Сөздікпен жұмыс

Таудың бәрі тағдырлы – кез-келген таудың өзіндік тарихы, басынан өткен оқиғасы бар деген сөз.

ІҮ.Шығармашылық тапсырмалар

«Алатау» тобы – 5 жолды өлең құрау

«Алтай тауы» тобы – Шашыраңқы сөздер

«Мұғалжар тауы» - Сөздер стратегиясы

«Ұлытау» тобы – «Тау» туралы мақал – мәтелдер жазу

Ү.Сабақты бекіту сұрақтары:

-Ақын Қазақстан тауларын қалай суреттеген?

-Олар бір – бірімен несімен ерекшеленеді?

- Өлең авторы кім?

- Тағы басқа қандай ақындардың тау тақырыбына өлең – жырларын білесіңдер?

ҮІ. Бағалау : «Шыңға» шыққан оқушыларға – 5, «Асудан» асқан оқушыларға – 4, «Белестен» асқан оқушыларға – «3».

ҮІІ.Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңдегі кез-келген бір таудың тарихын жазып келу.

Кері байланыс: Бүгін не білдіңіздер? Не үйрендіңіздер?Қандай тапсырмалар сіздерге қиын болды? Сабақтан алған әсерлеріңіз қандай?

48 жалпы білім беретін орта мектебі

Тақырыбы: Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары»

(Ашық сабақ)




Пәні: әдебиеттік оқу

Класы: 4 «Ә»

Өткізген: Есмұханова Т.Д
2016-2017 оқу жылы
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет