Сабақтың тақырыбы Алғашқы адам қалай пайда болды?



Дата08.11.2019
өлшемі61,1 Kb.
#51286
түріСабақ
Байланысты:
1 Алғашқы адам қалай пайда болды сабақ жоспары
К.Ушинского Чеснокова Н.А

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 1A: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін

Мектеп: Астана қаласы, ФМБ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адам қалай пайда болды?


Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме)

5.1.1.1 – түрлі теориялар негізінде адамның пайда болуын түсіндіру;

5.1.1.2 – адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

  • Алғашқы адамның қалай пайда болғанын түсіндіре алады

  • Алғашқы адамдардың бірлестік формаларын түсіндіріп, ажырата алады

Тілдік мақсаттар

Оқушы тарихи деректерде берілген теориялар мен гипотезалар туралы дискуссияға қатыса алады

Құндылықтарды

дарыту

Еркіндік, теңдік, ұлттық ой-сана, патриотизм

Пәнаралық

байланыстар

География, биология, Қазақстан тарихы, экономика.

Алдыңғы меңгерілген білім


Алғашқы адамдардың шығуы, эволюция теориясы мен түрлердің пайда болуы, континенттердің қалыптасуы мен климаттық өзгерістер туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

(БЫМ) Оқушылар үлестірілген иллюстрацияларды қарап, олардың арасындағы ұқсастықтарды анықтайды. Оқушылар өз болжамдарымен бөліседі.

Мұғалім адамдардың пайда болуы туралы бейнебаян көрсетеді. Оқушылардан ықтимал теорияны анықтау сұралады.

Оқушылар «Менің ойымша, ежелгі адамдар … пайда болды, себебі …» тіркесі бойынша пікір алмасады.


Гоминидтерден қазіргі адамдарға дейінгі эволюцияны бейнелейтін сурет, иллюстрациялар, алғашқы адамдардың пайда болуы туралы түрлі теориялар. http://www.mhealth.ru/health/healthnews/evolyucziya-cheloveka-prodolzhaetsya/
Алғашқы адамның пайда болуы туралы бейнекөрсетілімнің сілтемесі https://www.youtube.com/watch?v=6SWaYLbqfOM


Сабақтың ортасы

(Т) Оқушылар топқа бөлініп, түрлі ресурстарды (интернет, мұғалім ұсынған материалдар) қолдана отырып, ежелгі адамдардың пайда болуы туралы теорияны зерттейді. Зерттеу нәтижелерінен жоба (постер) әзірлейді.
Талдау және талқылау

Постерлерді қорғау

Проблемалық сұрақтарға жауап беру.

Бағалау критерийлері:



  • Оқушылар адамдардың пайда болуы туралы әртүрлі теория арқылы түсіндіреді

Дескрипторлар:

  1. Топ бір теорияны қарастырды.

  2. Әртүрлі ресурстарды қолданды.

  3. Шағын жобаларын дайындады.

  4. Шағын жобаларын қорғады.

Проблемалық сұрақтарына жауап берді. 
(Т) Топтарға қоғамдық ұйымдардың (тобыр, ру, қауым, тайпа) атауы алдын-ала жазылған 4 карточка беріледі. Оқушылар карточкаларды хронологиялық тәртіппен орналастыру керек. Барлық оқушылар тапсырманы дұрыс орындауы үшін терминдердің анықтамаларын беруге болады.
(Т) Оқушыларды топқа бөліп, оларға алғашқы адамдардың бірлестік формаларын пантомимо түрінде бейнелеу тапсырылады.

Тапсырманы орындап болған соң мұғалім оқушыларға алғашқы адамдардың өміріндегі өзгерістер туралы аргументтік шешім, қорытынды жасауды ұсынады.


Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар адамдардың бірігуінің бастапқы нысандарын ажырата және көрсете алады.

Дескрипторлар:

  1. Оқушылардың әртістік қабілеттері.

  2. Пантонимада адамдар бірігуінің әртүрлі нысандар бейнелеуі.

  3. Қорытынды жасайды.



Адамның пайда болуы туралы теориялар http://www.licey.net/myth/book1/bibliyaSotvorenie http://www.pavluchenkov.ru/teoria_kulturi/tp/index.html
Әлем мен адамның қалыптасуы. Адам мен Хауа.


Сабақтың соңы

(Ж) Зерттеу нәтижесінде оқушылар адамның шығуы туралы түрлі теорияларды талдап, қорытынды жасай алады.
Рефлексия. Оқушылар сабақта алған білімдерін қорытындылау үшін «Білемін, білгім келеді, үйрендім» (ББҮ стратегиясы) кестесін толтырады.





Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)











Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет