Сабақтың тақырыбы: Алғашқы көмек. Бедел Тұрсынбаев. Мақсаты



Дата21.04.2017
өлшемі70,24 Kb.
#14379
түріСабақ
Пәні: Ана тілі 4 сынып

Пән мұғалімі: Дәуіржанова Салтанат

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы №279 мектеп

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы көмек. Бедел Тұрсынбаев.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Бедел Тұрсынбаевтың «Алғашқы көмек» атты әңгімесі бойынша қазақтың ашаршылық кезіндегі өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу.Дамытушылығы:Байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту.

Тәрбиелік:Отан сүйгіштіке ,қыйындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың көрнекілігі:тақырыптық суреттер, сөз жұмбақ.

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, музыка.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Ән ұран орындалады.

Амансыз ба апай,

Амансыздарма апайлар.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Оқушыларды үш топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасын топпен сахналап көрсету.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

«Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем» күйлерінің шығу тарихын зерттеу.


ІҮ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабаққа даярлық.

Әр топтың алдына ағаш үйдің шаңырағы беріледі.

Сұраққа жауап беру арқылы қалған бөліктерін құрастырады.


1. Қазақ халқы қиын кезеңді бастан кешірді. Соның бірі – 1931 – 1932 жылдардағы ашаршылық. Сол нәубет кезеңде үш жарым миллион қазақ халқы аштан қырылды. Ел басына түскен ауыр зұлматтың бір көрінісі.
Ашаршылыққа байланысты видеоролик көрсету.
2 Автордың өмір жолымен таныстыру.

Бедел Тұрсынбаев 1905ж Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келіп, 1967 ж қайтыс болған. Ол жазушы педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Шығармалары көбінесе балаларға арналған.Оның көптеген әңгімелері мектеп оқулықтарына енген. Соның бірі оқулықтағы « Алғашқы көмек» әңгімесі.


3. Оқулықпен жұмыс.

а)Оқушыларға мәтінді таныстыру.

ә)Мәтінді мәнерлеп оқыту

б)Оқиға желісіне қарай әңгімені бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қою..



4. Мәтінмен жұмыс

Болжау: Мәтінді төрт бөлікке бөліп оқыту

Түсіну: — Әр бөлімге бір проблемалық сұрақ қойып, оған болжам жауаптар алу.Сұрақтың нақты жауабын білу мақсатында келесі бөлімді талдату арқылы мәтінді өз бетімен игерту.

Бөлімнің мазмұны бойынша 2-3 сұраққа жауап беру,мазмұндап айту.


Бірінші бөлікті оқу.

Топтық жұмысқа уықтар беріледі.

Сұрақтар: — Жылдың қай мезгілі?

-Әкесі мен баласы неге ұйықтамай отыр?



Проблемалық сұрақ: Ертең аң болар ма екен?
1 топ: 2 бөлікті оқыту

Шешесі неге оянып кетті?

Бала неге аңшылыққа бармады?

Үй іші кімді күтуде?

Проблемалық сұрақ: Әкесін күткен бала ұйықтап қалмай ма?
2 топ: 3 бөлікті оқыту

Пеште не жанып тұр?

Үйдің бейнесі қандай?

Бала нені аңсады?



Проблемалық сұрақ: Бала қоянды соя ала ма?
3 топ 4 бөлікті оқыту

Ақтөс үйге қалай кіріп келді?

Қоян қалай сойылыпты?

Бала еңбектің тәтті дәмін сезді ме?



Проблемалық сұрақ: Бала әкесіне көмекші бола білді ме?
1- топ.Ел басындағы ауыртпалықты әңгімедегі қай сөздерден аңғаруға болады? Сол тұсты тауып оқы.

2- топ.Әңгіме неліктен Алғашқы көмек деп аталған?
3- Еңбектің алғашқы қасиетін бала қалай сезінді?

Сөздерге анықтама жасау.

Қансонар

1топқа: Аңшылық

2 топқа: Кедейшілік

3 топқа: Еңбек

Әр топ өз сөздеріне анықтама беріп, сөйлем жазу

Талдау:
Ой талқы: Әкесінің аң аулауының себебі неде? Әкесі қандай адам?
Әр топ өз кейіпкерлеріне мінездемелерін береді.

Көршісіне

Ағасы

Балаға
Дәптермен жұмыс

Берілген сөздіктерді жазып алу.


6. Сұрақ-жауап

1.«Егер әкем түк әкелмесе сонда біз не болдық?!» деген бала ойын ары қарай жалғастырып көр. Не болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
2.Мәтіннен баланың әкесі мен шешесіне берілген мінездемені тауып оқы.
3.Әкесінің әкелген олжасына балалары қалай қуанды?
4.Әңгімеде ашаршылықтың белгілерін танытатын сөздерді тауып,толықтырып жаз.
5.Мақалдың жалғасын тап.
6.Бұрынғы өткен заман мен қазіргі заманның айырмашылығы қандай? Салыстыр.

Бұрын Заман Қазір




Киімі жыртық.тамағы жоқ,қарындары аш,

Кедейлер көп болған.










Қазақстан егеменді ел,

киіміміз бүтін, тамағымыз көп,еліміз бай.



7. Қазіргі кезге тоқталу.
Ой қозғау.

-Қазақстан мемлекеті қандай мемлекет?

-Мемлекетіміз тәуелсіздікті қай жылы қай күні алды?

-Еліміздің президенті кім?



Иә тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ . Тәуелсіздік жолында қазақ халқының бостандығын аңсап, азаттық жолында күрескен талай азаматтарымыз құрбан болған.

Сергіту сәті: «Менің елім» видеоролик

Ү. Жаңа сабақты бекіту:

8. Әңгіме мазмұны бойынша мына сөзжұмбақты шешу арқылы ағаш үйдің керегесін алады.

1. Әңгіме қай айда болды?



2. Далада не жауып тұр.

3. Әкесі нені сүртіп тазалады?

4.Иттің аты.

5.Әкесі не ұстап келді?

6.Пештің үстінде не бар?

7.Әңгімедегі өлкенің аты?

8.Қарындасына не берді?
9.Тақтаға әр топ ағаш үйлерін іліп, тілек айту.
ҮІ. Сабақты қорытындылау. 1.Әңгіме неліктен «Алғашқы көмек» деп аталған?2. Еңбектің ең алғашқы қасиетін бала қалай сезінді?
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Үш топ бірігіп мәтінді саханалап көрсету.

ҮІІІ.Бағалау.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет