Сабақтың тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы Сабақтың мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі53,29 Kb.
#10840
түріСабақ
Сабақ жоспары

Шақат орта мектебі.

Сынып: 6

Пән: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Аралов С.Б.


Сабақтың тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың қаңлылар тайпасы туралы алған білімдерін қайталау, тексеру.

Дамытушылық: Оқушыларды тарихи фактілерді, оқиғаларды оқып-үйренуге, шапшаңдыққа баулу. Қорытынды жасауға үйрету арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жазбаша.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, «Қаңлылар» картасы, қоржын, асық, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Тыныштықтың орнатылуы, сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің сабаққа даярлығын тексеру, санитарлық-гигиеналық жағдайын байқау, оқушылардың назарын сабаққа аудару)
ІІ. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін қойылатын сұрақтар:

1. Қазақстан территориясын мекендеген қандай тайпалар бірлестіктерін білесің?

(сақ, үйсін, ғұн, қаңлы)

2. Үйсін тайпалары еліміздің қай территорияларын мекендеген?

3. Ғұндар қай территорияларды мекендеген?

4. Қаңлылар қандай аймақта қоныстанған?


Жарыс шарты: Оқушылар 2 қатарға бөлініп, жарысады. Сабақ барысында берілген иапсырмаларды дұрыс орындаған оқушылар жетон жинайды. Жарыс соңына қарай әр оқушы бағаланады.

І. «Кім шапшаң?» ойыны. (Тақырыпты еске түсіру үшін) Оқушылар қол көтеріп жауап береді.

1. Қаңлылар туралы мәліметтер қай елдің деректерінде кездеседі? (Қытай)

2. Қаңлы тайпаларының ең негізгі атамекені қай жер? (Сырдария өзенінің орта ағысы).

3. Қаңлылар археологиялық ескерткіштері қандай мәдениеттерге бөлінеді?

(Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар)

4. Арыстың сол жағалауындағы қаңлы қаласының орны? (Көк-Мардан)

5. Қаңлылардың негізгі айналысқан шаруашылығы қандай болды? (егіншілік, мал шаруашылығы).

6. Қаңлы мемлекетінің өмір сүру хронологиялық шеңбері? (б.з.б. 3-2 ғ.-б.з. 5 ғ.)

7. Қаңлы елінің астанасы? (Битьян)

8. Қаңлы елін кім басқарды? (Хан)

9. Қаңлы елі неше иелікке бөлінді? (5 иелікке)

10. Қытай теңгелері табылған Отырар алқабындағы қаңлы қорымы? (Мардан)


ІІ. Қоржыннан асық алып, асық түсіне байланысты кестелердегі тапсырмаларды орындау:

1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

2. Қаңлылардың мекендеген жерлерін атап, картадан көрсет.

3. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің қамтыған аумағын атап, картадан көрсет.

4. Қауыншы мәдениетінің жерлеу дәстүрі туралы айтып бер.
ІІІ. Суретке қарап әңгімелеу (суреттерді пайдалана отырып, қаңлылардың шаруашылығы, кәсіпшілігі, қолөнері тіралы әңгімелеу).
ІV. Сәйкесін тап ...

- сыртқы сауда байланыстары (1-топ)

- қоғамдық құрылысы, әлеуметтік құрылымы (2-топ)

V. Жылдам жауап. (Сұрақтарды оқу, оқушылар қағазға жауабын түсіреді. Жанындағы оқушылармен алмастырып дұрыс жауабын тексереді).

Сұрақтар:

1. Қаңлы каналы, Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 шм:

2. Қаңлылардың дәнді бау-бақша дақылдары өсірілген аймақ:

3. Қаңлылардың Пұшық-Мардан қаласы маңындағы зерттелген қоныс?

4. Қаңлылардың солтүстігіндегі көршілер?

5. Қаңлылардағы металл өндірісінің орталығы болған аймақ?

6. Қаңлылардың экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған ел?

7. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұртын ата?

8. Мал шаруашылығында ең көп өсірген малдың түрі?
Бекіту: «Қаңлылар» сөзжұмбағы (тігінен)

1. Қаңлылар туралы көп деректер қай елдің деректерінде кздеседі? (Қытай)

2. Қаңлылар астықты қайдасақтайды? (Ұра)

3. Жетіасар мәдениеті қандай өзен аңғарында орналасқан? (Жаңадария)

4. Қаңлыларда металл өндеудің ірі орталығы болған ежелгі қала? (Құлата)

5. Қаңлы каналы, Шыршық өзенінің сол жағағасында? (Ханарық)

6. Қаңлы қоғамында тұтқындар қалай аталады? (Құл)

7. Қаңлылар туралы «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ... Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылған кітап? (Авеста)

8. Ханның орынбасырлары қалай аталады? (Уәзір)

5


1

2


3 4


Х

6


7


8

А

У

Н

Ә

Ұ

Ж

Қ

А

Қ

З

Р

А

Ұ

Р

Ұ

І

Қ

А

Ң

Л

Ы

Л

А

Р

Ы




А

А

Қ




В




Т

Д

Т




Е

А

А

А

С

Й

Р




Т




И

А

Я


Бағалау.

Үйге тапсырма. §23,24, оқу

Каталог: uploads -> doc -> 1045
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1045 -> Жаңа форматтағы үш айлық курс Ақсу ауданы Е. Сиқымов атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Айнагүл Нұрболатқызы
1045 -> Сабақ: Достық өлкесінің заңы Мектеп: №19 Күні: 11. 11. 16ж Оқытушының аты-жөні: Ашуханова А. К
1045 -> Сабақ Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының
1045 -> А. Б. Кыздарбекова №1 сабақ
1045 -> Сынып сағатының тақырыбы: «Тәрбие бастауы отбасында!»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет