Сабақтың тақырыбы «Алматы еліміздің оңтүстік астанасы»



Дата10.03.2017
өлшемі65,59 Kb.
#11204
түріСабақ
Даулетбекова Клара Туатбековна

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Шаңтөбе орта мектебі
Сабақтың тақырыбы «Алматы – еліміздің оңтүстік астанасы»

Саяхат сабақ. (Ашық сабақ)
Мақсаты:

  1. Жаңа сөздерді меңгерту;

  2. (тыңдалым) қосымша мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру;

  3. Септік, тәуелдік жалғауларын қайталау


Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында, қаламызды сүюге, аялауға тәрбиелеу, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық: оқушылардың жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, сөйлеу тілін, ой қабілетін дамыту.

Әдіс - тәсілдері: оқу, аудару, тыңдау, іздену, әңгімелеу, сөйлеу, топтастыру (кластер), сұрақ-жауап, миға шабуыл, сөзжұмбақ.

Көрнекілігі: буклет, слайдтар, Қазақстан картасы.

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Таратпа материал: кәртішкелер.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, орыс тілі.



Түрі: дәстүрлі емес.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекшімен сөйлесу:

  • Бүгін кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

Аптаның қай күні? Бүгін ауа райы қандай?
II Қайталау: (жай септеу) 1) Септік, тәуелдік жалғауларын сұрақ-жауап арқылы қайталау; 2) Карточкалармен жұмыс: сөздерді септеу, тәуелдеу.

III Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Мұғалім: «Балалар, біз бүгін Алматы қаласына саяхат жасаймыз. Алматы туралы қосымша мәтін тыңдаймыз, сұрақтарға жауап береміз, әңгімелесеміз, кластер құрамыз, сөзжұмбақ шешеміз.

Миға шабуыл: сұрақтарға жауап беріңдер:


  1. Сұрақтар:

  1. Қандай қалалар ХХ ғасырда Қазақстанның астаналары болды?

  2. Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала болған? Орынбор қаласы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды?

  3. Қызылорда қаласы қай жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды?

  4. Алматы қаласы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды?

  5. Ақмола қай жылы «Астана» деген атпен аталды?

  1. Тыңдалым: қазір «Алматы қаласы» мәтінін тыңдаймыз, тапсырмаларды

орындаймыз:

Алматы қаласы



1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Алматы –көне қала. Археологтардың айтуы бойынша бұдан екі мың жыл бұрын Алматының орнында бұрын да қала болған. Ежелгі заманнан Алматы деп аталған. 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында іргетасы қаланған. Сол кезде ол әскери бекініс болатын. Алматыға «Верный» деген ат берілді. 1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді. 1929 жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді. Қазіргі Алматы – өндірістің, ғылым мен мәдениеттің, өнердің ірі орталығы.

Алматыда миллионнан астам адам тұрады.

Алматы – жасыл, әсем қала.

А) Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс – бұрыстығын анықтаңдар:

Алматы – жас қала.

1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында іргетасы қаланған.


ә) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:

1) Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға қай жылы көшіп келді?

2) Іргетасы қашан және қай жерде қаланған?

3) Сол кезде Алматыға қандай ат берілді?

4) 1921 жылы қалаға қандай ат берілді?

5) Қазір Алматы қандай орталық?

6) Алматыда қанша адам тұрады?


  1. Сөздік жұмысы: (сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау)

қаржы – финансы,

сәулет өнері – архитектура искусства,

ғимараттар – здания,

сауықтыру орындары – оздоровительные центры,



өндіріс құрылыстары – промышленное строительство.


  1. Оқулықпен жұмыс: 61-бет «Алматы – еліміздің оңтүстік астанасы» мәтінін оқып, сөйлесу құрастыру.

  2. Оқулықпен жұмыс: 62-бет.

  1. 3-тапсырманы орындау: көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазыңдар.

  • Менің қалам үлкен емес, ...... қала.

  • Медеу мұз айдыны қаланың ішінде емес, ..... орналасқан.

  • Қазіргі үлгідегі ғимараттардың сырты ғана керемет емес, ... .

  • Зәулім құрылыстар тек Алматыда ғана емес, ... .




  1. Ой-толғаныс: кластер құру.









  1. Сөзжұмбақ

Сөздерді дұрыс қазақ тіліне аударыңдар, тік сызықтың ішінде қаланың аты шығады.

















































































































































Көлденеңінен:

  1. Столица

  2. Архитектура

  3. Музей

  4. Здание

  5. Центр

  6. Финансы



IV. Үй тапсырмасын тексеру: Балалар, біздің ұшағымыз Астана қаласына ұшып келді. Астана қаласы туралы әңгімелеңдер.

V. Бекіту: сұрақ – жауап

VI. Үй тапсырмасы: 6- беттегі сөздер. Алматы туралы әңгімелеу.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет