Сабақтың тақырыбы: Алтын күз Сабақтың мақсаты



Дата10.10.2020
өлшемі19,83 Kb.
#64121
түріСабақ

Утетлеуова Жумагуль Тулепбергеновна

Ақтөбе қаласы,

М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің

мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі


Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты:

балалардың күз туралы түсінігін кеңейту, Алтын күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру арқылы балалардың тіл байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі:

күз көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, жеміс-көкөністер, үнтаспа.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,

сұрақ- жауап.

Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты.Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн туды,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?

- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.

Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)

-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз.

Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады.

-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

-Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Суреттер бойынша әңгіме құрастыру( сұрақ-жауап арқылы)

Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?

Есікті қағып «Алтын күз» кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз» келіп қалыпты.

-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.

- Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме?

-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.

( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

  • Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

-« Алтын күз» сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?

« Алтын күз»:- Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»

Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.

« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді

мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып,

тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!

  • Сау болыңыз!

  • Балалар, сендерге « Алтын күздің» ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?


Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет