балалардың күз туралы түсінігін кеңейту, Алтын күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру арқылы балалардың тіл байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:
-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.
Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
-Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру( сұрақ-жауап арқылы)
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз» келіп қалыпты.
-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.
- Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме?
-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.
( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)