Сабақтың тақырыбы: Ақмола тарихы. Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі29,6 Kb.
#34210
түріСабақ
Күні: 16.11.2017

Пәні:Қазақстан тарихы

Сыныбы: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Ақмола тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;
Дамытушылық: Оқушылардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне, эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: Бейнекөрсетілім, интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Топқа бөлу. Суреттер арқылы.
3. “Құпия конверт” (Үй тапсырмасы)
4. Ой шақыру.Фотосуреттер.
5. Сабақты бекіту. (Астананың қазіргі келбеті)
6. Қорытындылау.
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма.
Құпия конверт (үй тапсырмасын сұрау)
1. Ресей қазақ даласын әскери отарлауды қашан қолға алды?(ХІХ ғ екінші ширегінді)

2.1828 ж орыс мемлекетінің құрлықтағы әскерлерінің саны қаншаға жетті? (526 мың адамға)

3.Оренбург бекінісі қай жерде салынды? (Торғай өзенінің оң жағасында)

4.Орал бекінісінің негізі қаланған жер? (Ырғыз өзенінің оң жағалауында)

5.1848-1853 жылдарда патша өкіметінің Арал теңізіне әкелген әскери кемелері қалай аталды? (Николай және Михаил)

6.1822 жылы шілдеде салына бастаған жаңа бекіністер қалай аталды? (Баянауыл,Ақмола,Көкпекті,Атбасар,Аягөз,Құсмұрын)

7.Орынбор казак әскерлерін нығайтуды көздеген заңға қол қойған кім? (І Николай)

8.Қазақ жерін әскери отарлау дегенді қалай түсінесің?

9.Новопетровск бекінісі қай жылы,қай жерде бой көтерді? (Өліқолтық шығанағында)

10.Хиуаға жасалған жорыққа қатынасқан Кіші жүздің сұлтаны? (Баймағамбет Айшуақов)
Осыдан кейін «Ой шақыру» Астана жайлы фотосуреттер көрсетіледі.
І.Өткен күн – «Кешегі тарих» кезеңі. Постер қорғау.
1 .Ханшатыр тобы: «Ақмола қаласының салынуы»
2. Бәйтерек тобы: «Ақмола-сауда және мәдениет орталығы»

ІІ.«Ішкі және сыртқы шеңбер» топтар шеңбер құрып,бір-біріне сұрақтар қояды.

ІІІ.Видеоролик көрсетіледі. «Уақыт кеңістігіне саяхат» кешегі Ақмола мен бүгінгі Астананың көрінісі.

«Еркін микрофон» топтан бір тілші сайланып,келесі топқа Астана,ЭКСПО-2017 туралы сұрақтар қойылып,сұхбат алынады.

ІҮ. Бекіту кезеңі. Топтық жұмыс.

Ханшатыр тобы: Хронологиялық кесте құрады.


Ақмола

Астана

Венн диаграммасы:




Ү.Кері байланыс.

«Электронды пошта» әдісі.



Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып поштаға салады.

ҮІ.Бағалау. Бағалау парақшалары таратылып,топтар өз-өздерін бағалайды.

Ү.Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу,қосымша ақпарат дайындау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет