Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары
Өксікбаев Тұрар Жүрсінұлы
Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі
тарих пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші
дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың бойында антигитлерлік коалицияның құрылуы, екінші дүниежүзілік соғыстың барысы және аяқталуы, сондай-ақ БҰҰ-ның құрылуы туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың тез ойланып, шешім қабылдау қабілетін дамыту; оларды жылдамдыққа, ойларын пайымдап айта білуге үйрету
Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін нығайту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: ойын түріндегі сайыс сабақ
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, картамен жұмыс.
Сабақта қолданылатын технология: ақпараттық – коммуникативтік (компьютерлік) технология, ойын технологиясының элементтері
Пәнаралық байланыс: география
Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар, көрнекіліктер: мультимедиа, сұрақ жазылған парақтар, көтерме қағаздар, карта
Сабақтың өту кезеңдері:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру сайыс түрінде өткізіледі. Ол үшін оқушылар 3 топқа бөлінеді.
«Жас тарихшылар» сайысы
Сайыс 4 кезеңнен тұрады
І «Сергіту» кезеңінде үш топтың оқушылары бір мезгілде тест түріндегі сұрақтарға жауап береді. Сұрақ саны 5-еу. Әрбір дұрыс жауапқа қойылатын ұпай саны -5.
ІІ кезең «Ойлан тап» деп аталады. Мұндағы сұрақтардың қиындық деңгейіне қарай ұпай саны беріледі: 10, 20, 30, 40
10 ұпайлық сұрақтар
Достарыңызбен бөлісу: |