Сабақтың тақырыбы Қарахан мемлекеті /942-1212ж./. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата10.03.2017
өлшемі0,94 Mb.
#11334
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы Қарахан мемлекеті /942-1212ж./.

Сабақтың мақсаты :



-оқушыларды орта ғасырдағы Қазақстан жерінде феодалдық қатынастардың дамуымен және қазақ жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекет- Қарахан мемлекетінің тарихымен таныстыру.

-оқушы ойларын тақырыпқа байланысты дамыту ,талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру,

-еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке

тәрбиелеу.

Сабақ түрі : дәстүрден тыс сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, тірек-сызба,түсіндіру.

Оқыту технологиялары : ақпаратты технология ,сатылай кешенді талдау

Көрнекілігі : интерактивті тақта, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс : география, дүние жүзі тарихы

Сабақтың барысы :

1.Психологиялық дайындық.Ұйымдастыру кезені.

2.Ұй тапсырмасын тексеру.

«Кім жылдам ?» ойыны.



а \ Орхон-Енисей жазба ескерткіштері қай мемлекеттің жерінен табылды?

б\ Көне түрік әліпбиі қанша әріптен тұрады?

в\ Түрік жазуы неліктен руникалық жазу деп аталған?

г\Көне түрік жазуы қашан пайда болды?

д\Көне түрік жазуын ығыстырған жазуды ата?

е\ Көне түрік тілінде қанша жәдігер табылды?

ж\ Түріктердің жазба әдебиеті қашан пайда болды?

з\ Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері?

и\»Қорқыт ата»,»Оғызнама» жырларының мазмүны, идеясы қандай?

к\Түріктердің діни наным- сенімдері қандай болды?

қ\Қазақстанда мұсылман діні қашан тарала бастады?

3.Жаңа сабақ .



Сабақ жоспары:

1.Қарахан мемлекетінің құрылуы.

2.Қоғамдық құрылысы.

3.Мемлекеттің саяси жағдайы.

4.Шаруашылығы мен мәдениеті.

1/.«Қазақстан тарихы» атты электронды оқулықты ашамыз.

Қарахан мемлекетінің құрылуын анимация бөлімінен интерактив

ты тақтадан тыңдаймыз.

2/.Слайд арқылы түсіндіру

3/.Электрондық оқулық және слайд «Хронологиялық кесте»

4/Слайд арқылы түсіндіру

2. Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысы

Жоғары билік иесі – қаған.

Билік мұрагерлік жолмен берілді.

Тегін, ілік хандар, бектер, нөкерлер- ханның ұрпақтары .

Уәзір- ханның кеңесшысы.

Орда- ханның мемлекеттік саяси- әкімшілік іс жүргізетін орны.

Иқта /арабша муқта/ - салық жинап ,ханға әскери қызмет атқарғаны үшін



феодалға шартты түрде берілетін үлесті жер, жер иеленуші- иқтадар.

Вақф –дін иелері ,дін мекемелерінің иелігіндегі жер. Олар салық төлемеген.

Музари, барзигар- отырықшы шаруалардың үлесті жері.

Коммендация – әлсіздің өз үлесті жерін күштінің қамқорлығына беруі

3.Хронологиялық кесте

955 ж билікке Сатұқ Боғраханның ұлы Мұса келді.

960ж Мұса исламды мемлекеттік дін деп жариялады.

960-990ж Әли Арслан хан билігі.

999ж Насыр ибн Әли Бұқара қаласын басып алып ,Мәуреннахрды бағындырды.

ХI ғ. 30-ж. Қарахан мемлекеті 2-ге бөлінді.

1041ж Ибраһим ибн Насыр Бурахан атағын алып, Мәуреннахрға толық билік орнатты.

1089ж. алауыздықты пайдаланған Салжұқ сұлтаны Мәлік шах Самарқан, Бұқараны басып алып ,Бураханды тәуелді етті.

1141ж Самарқан маңы Қатуан даласында салжұқ ,қарахан әскерін Қарақытайлар талқандады.

1212ж Хорезм шахы батыс Қарахан мемлекетін құлатты. Қарахан мемлекетінің шығысын найман Күшлік хан басып алды.

4.Шаруашылығы мен мәдениеті

Шаруашылықтың 2 бағыты :

1.Егіншілік , бау- бақша 2.Мал шаруашылығы- жартылай көшпелі, жартылай отырықшы

Талас, Талхир, Баласағұн

Мерзімді қоныстары –жайлау,күзеу, қыстау, көктеу .



4түлік мал, әсіресе жылқы өсірді.

Кедейленген малшылар мен егіншілер қала халқының саның өсірді.

Қала мәдениеті дамыды, қолөнер, көзе жасау шеберханалары көбейді.



Күмбезді мешіттер , Кесенелер, Шығыс моншасы – құрылысқа енген тың өзгерістер.

Қарахан кесенесі



Айша бибі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет