Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы Сабақтың мақсаты: білімділік: Асан қайғының өмірі мен шығармашылығын тарихи, әдеби



Дата04.05.2017
өлшемі46,94 Kb.
#15644
түріСабақ
Әдебиет 9- сынып
Пән мұғалімі: Абылгазинова Қ.Ғ

Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Асан қайғының өмірі мен шығармашылығын тарихи, әдеби,

мәдени тұрғыда танып, білу.

дамытушылық: Оқушының өздігінен жұмыс істету арқылы ізденімпаздық

қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік: Елін, жерін, Отанын,табиғатын сүюге , сөз мәнісін түсіне

білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: Зерттеу, іздену, Блум таксономиясы

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, география, бейнелеу

Көрнекілігі: бейне материалдар, интербелсенді тақта, проектор,

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Психологиялық дайындық, оқушы назарын сабаққа аудару.

(күй ойнап тұрады)

Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатқан тас

Су түбінде жатады. Жел толқытса шығады


Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатқан сөз

Ой түбінде жатады Шер толқытса шығады – деп терең ой түйіндеген, сөз өнерінің қадірін білдірген, сөз жалаң дүние емес, адам жанының ішкі толғанысының, жан сырының көрінісі екенін айтады.Ендеше бүгінгі сабақ барысында біз де Асан атамыздай сөз сырына үңіліп, ой, толғанысымызды жеткізуге тырысамыз.

Қазір назарларыңызды интернеттен ютуб сайтындағы, «Ұлылардың жұмбақ сыры» сериясынан алынған бейнеүзіндіге аударыңыздар.

Дәптерлеріңе бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңыздар.

Бүгінгі тақырыбымыз. Асан қайғы

Сабақтың мақсаты қандай болмақ?

Оқушы: Асан қайғының өмірі мен шығармашылығын тарихи, әдеби,

мәдени тұрғыда танып, білу.

Сондықтан Асан атамызды әр қырынан зерттеп келу үйге берілген болатын.

Бүгінгі сабақта топ болып жұмыс істейміз.Сіздердің міндеттеріңіз жан-жақты талдау жүргізу.

4 топ: «Тарихшылар», «Жас экологтар», «Әдебиетшілер», «Суретшілер».

1-топ «Тарихшылар» мини жобаларын қорғайды.

2-топ «Жерұйықты» іздеуі, әрбір жерге берген сынына тоқталып, география тұрғысынан сипаттама береді.

3- топ толғауларын талдайды,

4- топ «Суретшілер» Асан қайғы «Кеше», «Бүгін», «Ертең» деп қорытынды жасады.
1-топ (Слайд)

2-топ. Жас экологтар көрініс арқылы Асан қайғы мен Қорқытты кездестіріп , Жер анамен сөйлесуі арқылы бастады. Асан Қайғының барған жерлеріне берген сынын ,жүрген жерін сызбаға түсіріп, оған географиялық тұрғыдан сипаттама беріп, Асан қайғының тұңғыш эколог екенін дәлелдеді.

3-топ:

Әдеби тұрғыдан толғауларын талдады.



«Әй ,хан, мен айтпасам білмейсің?»

Асан қайғы "Әй, хан, мен айтпасам білмейсің" деген Жәнібек ханға айтқан толғауында "шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсің" – деп күйзелген халқының қамын ойлау орнына "қымыз ішіп қызарып, масаттанып, қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына масаттанған" ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ, парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген.

- қандай тұрғыда айтады, қанадй көңіл күйін көруге болады? Нарзылық білдіреді.

Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді: "Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан қарағай басын шалмай ма?". Осы бейнелер арқылы орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегендік танытады.

Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды. Жырау ханға:

Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,

Желмая мініп жер шалсам,

Тапқан жерге ел көшір, –

деп ақыл-кеңес береді.

Онан әрі ханға:

Аңдып жүрген көп дұшпан,

Елге жау боп келеді.

Құладан қуды өлтірсе,

Өз басына келеді.

Құлың кеп сені өлтірер.

Осыны Асан біледі, –

деп, жырау халық көтерілсе, хан басына ауыр күн туарын ескертеді.

Құйрығы жоқ жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер?

Осы төрт тармақ өлең жолдарынан ең бірінші, күні-түні дала кезіп жүрген адамға , алдымен, әрине, даланың тағы құланы мен жыланы бірден көз алдына келгені анық көрініп тұр. Жырау құлан мен жыланның өміріндегі қиыншылықты көріп, қиналғандай болады, бірақ оның жанын қинап тұрған халқының күнкөрісіндегі дәрменсіздік.

Өлеңнің әрбір екінші жолы «қайтіп күн көрер?» деген риторикалық сұрақтың қайталануы арқылы бір ұйқаспен келіп отырады.

Мұндағы басты мәселе, қайткенде халықтың басына қиындық туғызып отырған қиыншылықтарға жауап іздеу, одан құтылудың жолын табу.

Бірақ осыдан шығудың жолын таба алмай жүрген қайғылы қарттың бейнесі көрінеді.Тағы бір жағы бұл толғау 4 жол болса да, Асан туралы аңыздардың барша қасиетін бойына сыйғызып тұрғандай.

Бұл- толғауға жатады.

«Бұл заманда не ғаріп?»

Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер? (егемендік туралы, бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар едім)

Сергіту сәті: .

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.
Қорытынды. Асан қайғы «Кеше», «Бүгін», «Ертең»

Суретшілер.

Кешегі Желмая мініп, жерұйықты іздеп жүрген Асанның суретін салып, аңызда аты қалған Асан аталарын толғандырған елінің қамы, болашағы екенін , тәуелсіздікті аңсағанын айта отырып, «Бүгін» Егеменді елміз, армандары орындалып, ұрпағы оқып біліп жатыр, «Ертең» Асан атамыз жайлы ғылыми жобалар жазылып, еңбектері түрлі тілдерге аударылып, аты әлемге танылатынын тебірене айтты.

Шығу парағы. Бағалау парағын жинау.


Үйге тапсырма: Бүгінгі бейнеүзінді мен сабақта алған әсерлеріңнен туған «Асан қайғы туралы менің айтарым..... » атты эссе жазып келу.
Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет