Сабақтың тақырыбы: Астана Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі41,76 Kb.
#29370
Сабақтың тақырыбы: Астана

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, топпен жұмыс істеуге баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында қаламызды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс: СТО әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ватман, маркер, желім, суреттер, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі



Амандасу, түгендеу, психологиялық ахуал (шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тілеу).

  • Құрметті оқушылар, бүгін біз үшін ерекше сабақ болғалы отыр, сыныпқа қонақтар шақырылып, біз өз білімімізді көрсетеміз, яғни білім сайысына екі топқа бөлініп, қатысамыз.

(Қызыл, сары фишкалар арқылы екі топқа бөлінеді).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Зымыран сұрақтар

  • Жаркент қандай қала?

  • Жаркент қаласы қайда орналасқан?

  • Жаркентте қандай мұражай бар?

  • Жаркент қаласында қандай ағаш өсіп тұр?

  • Ағашқа неше адамның құшағы жетпейді?

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Астана» қаласы жайлы бейнефильм тамашалаймыз.



  1. Ой шақыру стратегиясы.

  • Бейнефильм не жайлы?

  • Астана туралы не білдіңдер?

  • Астана қаласы қандай орталыққа айналды?

  • Астана қаласында болдындар ма?

  • Астана қаласы сіздерге ұнай ма?

  1. Мағынаны тану стратегиясы

Мәтінмен жұмыс.
І топ

Мәтінді оқып, аударады.


ІІ топ

Мәтінді мәнерлеп оқып, мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.




  1. Сөздік жұмысын орындау (Дәптерге орындайды)

Жаңа сөздермен танысып, олармен сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру.

Астана – столица

Бас – главный

Әйгілі – известно




  1. Ойын: «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

Шарты: Сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлемдер құрандар.

І топ

  1. Болатын, бұрын, қала, Астана, кішкентай.

  2. Қазір, қалаға, айналды, үлкен, әсем.

  3. Дәуірінде, Кеңес, аты, деген, болыпты, Целиноград.

  4. Бұрынғы – Ақмола, аты.

  5. Жоспарлап, мен, жазда, баруды, жолдастарыма, отырмын, Астанадағы.


ІІ топ

  1. Болашағы, зор, Астананың.

  2. Астанада, ғимараттар, ғажап, зәулім, жатыр, салынып.

  3. Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.

  4. Астана, Арқаның, төрінде, орналасады.

  5. Қала, жас, сұлу, Астана, ең.



  1. Грамматикалық тақырып: Септіктер.

Қазақ тілінде неше септік бар екенін ажырату.

Шарты: Септіктерді атап, сұрақтарын дұрыс сәйкестендіру.

Атау септік Кімге? Неге?

Ілік септік Кіммен? Немен?

Барыс септік Кім? Не?

Табыс септік Кімнің? Ненің?

Жатыс септік Кімнен? Неден?

Шығыс септік Кімде? Неде?

Көмектес септік Кімді? Нені?




  1. Тақтамен жұмыс. Грамматикалық тапсырма.

І топ: Орынбор, Алматы – сөздерін септейді.

ІІ топ: Қызылорда, Астана – сөздерін септейді.


  1. Тапсырма. «Жылдар сөйлейді»

Астана қаласы туралы жалпы мәліметтер.

Шарты: Берілген жылдардың жауабын дұрыс атай білу.

  • 1832 жылы –

  • 1961 жылы –

  • 1961-1992 жылы –

  • 1993-1998 жылы –

  • 1997 жылы –

  • 1998 жылы –




  1. Сергіту сәті: Анаграмма

Шарты: Астана қаласына байланысты сөздерді дұрыс оқу.

  1. Кретейәб

  2. Тшырахан

  3. Мунад

  4. Рақадо

  5. Мадипари

  1. Ой-толғаныс стратегиясы

І топ: «Астана» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.

ІІ топ: «Астана» сөзіне сөзжұмбақ құрастырады.

IV. Сабақты қорытындылау.

«Егер де мен сәулетші болсам...»

(Оқушылар өз қиялдарындағы болашақ қаласын қағаз бетіне суреттеп, әр топ өз постерлерін қорғайды).

V. Үйге тапсырма:

«Астана келбеті» шағын эссе жазу.



VI. Рефлексия.

Әр оқушыға екі түсті стикер таратылады. Қызыл стикер (ұнағаны), жасыл стикер (ұнамағаны) тарату арқылы сол стикерге балалар сабақ туралы пікірлерін жазады.



VII. Бағалау:

Әр тапсырманы орындаған сайын берілген жұлдызшалар арқылы бағаланады.


8 жұлдызша – «5»

6 жұлдызша – «4»



4 жұлдызша – «3»
Каталог: B9A63E078CCEA9AE
B9A63E078CCEA9AE -> Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру
B9A63E078CCEA9AE -> Бекітемін Мектеп директорының м а. Сатанова Д. К. «Үздік мұғалім 2016» мектепішілік сайысты өткізу ережесі
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Тақырыбы: «Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту»
B9A63E078CCEA9AE -> Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің
B9A63E078CCEA9AE -> Сыныптан тыс іс шара «Зейінділер мен зерделілер»
B9A63E078CCEA9AE -> Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» кмм
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет – елге құрмет. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет