Сабақтың тақырыбы: «Ата- баба дәстүрі- асыл мұра» «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын!»



Дата29.01.2018
өлшемі39,57 Kb.
#36059
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Ата- баба дәстүрі- асыл мұра»

«Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын!».А. Құнанбаев



Сабақтың мақсаты:

- Жеті санының киелі сан екендігін түсіндіру.



  • Балаға қазақтың салт-дәстүрін айтып, ұлттық дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

  • Өз халқымыздың дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдеп- ғұрпын құрметтей білуге үйрету.

  • Халқымыздың мақал- мәтелдерін қазақша тілек айта білу арқылы тілін дамытып, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс- тәсілдері:

Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ- жауап, мақал- мәтелдер.



Құрал- жабдықтар:

Салт- дәстүрге байланысты суреттер, қанатты сөздер



Сабақтың барысы:

Амандасу рәсімі:

«Білер қазақ баласы, сәлем сөздің анасы»- демекші, балалар әуелі амандасып алайық. (ер балалар қол алысып, қыз балалар құшақтасып амандасады)

Балалар, «Мейірім шаңырағының» астында жиналайық та әрқайсысымыз бір бір лентадан ұстап, жылы лебіздер айтайық.



  • Жер бетінде гүлдер солмасын!

  • Ата- анамыз ауырмасын!

  • Достарымыз көп болсын!

  • Бала- бақшамыз гүлдене берсін!

  • Барлығымыз тату- тәтті болайық!

  • Еліміз көркейе берсін!

  • Денсаулығымыз мықты болсын!

Балалар қазақта «жеті» саны киелі- деп есептелген: Ата- баба аруағы риза болсын- деп 7 шелпек пісіріп, таратқан. Аптада 7 күн болады, оны өздерің де білесіңдер. Балалар кішкентай күнінен «7 атасын» біліп өскен. Адамда «7 мүше» болған. Қазақта «жеті қазына» ұғымы бар.

Енді сіздерге осы «7» санына байланысты адам өмірінде 7 жасқа дейін болатын әдет ғұрыптаға байланысты аңыз әңгіме оқып берейін.

Баяғы өткен заманда, бір ауылда дүниеге сәби келіпті. Ауыл- аймақ, тума- туыстар қуанып, «шілдехана» тойын жасапты. Шілдеханаға келген қонақтар баланың бауы берік болсын, құтты болсын- деген тілектер айтыпты. Таң атқанша өлең айтып, көңіл көтеріп, ойын ойнап баланы және баланың анасын «қарақұс» алып кетпесін- деп күзетіпті.

Жаңа туған балаға көз тимесін деген ниетпен «жеті шаңырақтың» «жеті үлкен кісінің» бұтының арасынан өткізіпті. Үш күн өткен соң жаңа туған балаға ауылдың қадірлі адамына «Азамат»- деп «ат қойғызған». Балам атыңа затың сай болсын деп Азамат қойдым атыңды. Содан соң 5 күн өткеннен кейін әжесі, ауылдың үлкен әже- апаларын шақырып сәбиді ауылдың үлкен ақсақалдарының көне жейдесіне орап, атаңдай бақытты бол!, Атаңдай батыр бол!- деп «бесікке» бөлеген. Бесіктің үстіне 7 киім жауып, ұйқың тыныш болсын!, Ақылды бол!- депті.

Азамат ауырмай өсіп келеді. Азаматты 40 күн өткен соң әжесі 4О қасық суға, 41 қойдың құмалағын, 41 асық салып, шомылдырады. Әжесі немерем берекетті болып, бай болсын, дене бітімі сау, әдемі болсын- деген тілек айтыпты. Атасы немересіне 40-нан шыққанына құлыншақ атапты.

Азамат ата- анасының қуанышы болып өсіп жатады. Енді Азамат тәй- тәй басып, алғашқы қадам жүре бастағанда, әжесі тағы ауыл- аймақты жинап «тұсау кесер» тойын жасапты. Баланың аяғына 2 түрлі жіптен есіп, ала- жіп байлап қадамың құтты болсын, желдей ұшып- ердей бол!, Адал бол!- деп тілек білдіріпті.

Азамат 5 жасқа толғанда, мұсылмандық жоралғы- деп «сүндет» тойын жасайды. Немерем мейірімді болсын!, Сезімді болсын!, Иманжүзді болсын- деп тілек айтыпты. Азамат ауыл- аймақтың сүйкімді, сүйікті сәбиі болып, өсіп жатады. Енді Азамат 7 жасқа толады. Атасы 40-нан шыққандағы тайды алып келіп, балам енді сен атқа мінер азамат болдың- деп «ашамайға» мінгізеді. Немересіне батыр бол!, еліңді қорғай біл!, Ата- анаңа, халқыңа адал бол!- деп тілектер айтады. Ашамай деген ер балаға арналған аттың үстіндегі «ері».

Сонымен Азамат еліне елеулі, халқына қалаулы, денсаулығы мықты, ақылды жігіт болып, ата- анасының қуанышы болып, ер жетеді. Кемпірқосақ



Сергіту сәті

Балалар, негізінде адам баласында 7 мүше болады. Сол мүшелерге рахмет айтайық.

Басым саған рахмет- мені саналы еткеніңе.

Екі қолым саған рахмет- жылылық сездіргеніңе!

Жүрегім саған рахмет- мейірімділік, сүйіспеншілік себкеніңе

Екі аяғым саған рахмет- жер бетінде жүргеніме

Ішім саған рахмет- бойыма нәр бергеніңе

Рефлекция. Сұрақ- жауап

1. Балалар аңызда сәби 7 жасқа дейін неше сатыдан өтті?

2. Қандай жақсы тілектер естідіңдер?

3. Қандай әдеп- ғұрыпты білдіңдер?

4. 7 санының киелі екенін түсіндіңдер ме?

Балалар, енді осы әдеп- ғұрып жөнінде мен сіздерге мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырыңдар.

1 Жеті атасын білмеген- (жетесіз).

2. Жеті мүшең- (сау болсын)

3. Сақта ата- ғұрпыңды, үлкен кісіге отырма беріп- (сыртыңды).

4. Имандылық белгісі- (Иіліп сәлем бергені).

5. Бала 7-ге келгенше- (жерден таяқ жейді).

Үйге шығармашылық тапсырма:

Балдақ оюын пайдаланып, ата- анамен бірігіп кебеже, ыдыс- аяқ безендіріп, келу.(ер балалар кебежені, қыз балалар ыдыстарды)



Қоштасу рәсімі

Келесі кездескенше күн жақсы болсын. Сау болыңыз!

Ата дәстүр салты,

Құрмет тұтып сақтайық.



Ата ананың борышын,

Қадірлейік, ақтайық.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет