Сабақтың тақырыбы: Қазақ дастарқаны. Сабақтың мақсаты



Дата22.03.2017
өлшемі68,8 Kb.
#12101
түріСабақ
Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Қазақ дастарқаны.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Білім алушылар сабақ сонында дастарқан туралы постер жасап, кесте толықтырып, қазақ тағам түрлерін ажырата алады.

2. Дамытушылық. Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру, тыңдау, түсіну, жазу әрекеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік. Балаларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, қазақ халқының салт - дәстүрін құрметтей білуге, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, аудару, сұрақ-жауап, «Сиқырлы тік төртбұрыш», «Доп ойыны»

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, тақта, суреттер, кестелер, тірек сызба, үнтаспа, доп, кубик.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Бір-біріне сәттілік тілеу

3. Психологиялық дайындық.

Жүректен - жүрекке

Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын



бірге айтамыз.

Бәрін де жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау - кішілік,

Үлгілі мінез - кісілік.

Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен сабағымызды бастайық.

ІІ Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Біз бүгін «Ас – адамның арқауы» деген қазақтың мақалына сүйене отырып, қазақтың ұлттық дастарқанына қонаққа келіп отырмыз. Қазақтың киелі ақ дастарханы біздің алдымызға жайылып, тағамдарын сыйлап тұр. Бірақ бұл дастарханға отыру үшін біз жұмбақ шешуіміз керек.

1. Дәмді - дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. /Дастархан/

2. Дос үйіне түстің бе,

Түгел соның үстінде. /Дастархан/



«Қазақ дастарқаны» деген ән жүреді,

қатар тағамдардың суреттері бар слайдтар көрсетіледі.

- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қазақ дастарқаны

Ал сабағымызға қандай мақсат қоямыз?

Сабағымыздың мақсаты: Қазақ халқының дастарқаны қандай болады соны білу.
ІІІ Жаңа сабақ.

1. 1. Дастарқан деген не?

1. 2. Презентация. Жаңа сабақ түсіндіру.

Қазақ халқы дастарқанға аса мән – маңыз береді. Дастарқан басында бірінші үлкендер жайғасады, содан кейін барып жасы кішілер орналасады. Қазақ халқы «Дастарқанның көркісі – нан» - дейді. Дастарқанды әзірлегенде бірінші нан, бауырсақ қояды. Содан соң қымыз немесе шәй беріледі. Қазақ ұлттық тағамдар қойылады. Шәй беру үлкен рәсімі. Дастарқан әзірлеу де бір үлкен өнер.

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2.Сөздікпен жұмыс:

жомарт - щедрый

қонақжай - гостеприимный; хлебосольный

дәм-тұз - хлеб-соль

дәм татыру - угощать; приглашать в гости

татуластыру - сплотить

ас-адамның арқауы - еда придает силы человеку

қонақасы - специально устроенный обед (по случаю)

а) өтетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп аудару;

ә) дұрыс айтуға дағдыландыру.
ІV. Бекету кезеңі

Тапсырма: екі топ оқушылары жаңа сөздерді қолданып диалог құрастырады.

Екі топқа слайд көрсетіледі.



Тапсырма: Бірінші топ Наурыз тойына әзірленген дастарқан туралы.

Екінші топ жалпы той-думандарда әзірленетін дастарқан жайлы постер жасайды.



Постерді қорғау.

Сергіту сәті.

Мұғалім: - Қазақтың киелі дастарханның үстіне қандай тағамдар қойылады?



«Доп ойыны» арқылы тексеру. Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне доп беру арқылы тағам аттарын айтады (бауырсақ, таба нан, құрт, ірімшік, шұжық, қазы, айран, шай, қант, сары май, т.б.)

Мұғалімі: - Өте жақсы! Қазақ халқы дастархан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы – сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін: сүт тағамдары, ет тағамдары және ұн тағамдары деп үшке бөлген.

Тапсырма: Енді балалар, қазақ халқының тағамдарын түрлерін жазайық. Кесте толтырайық.


Ет тағамдары

Сүт тағамдар

Нан тағамдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сиқырлы тік төртбұрыш ойыны. Оқушылардың жылдамдығын, тапқырлығын дамыту мақсатында ойнатылады.

1-топ сиқырлы тік төртбұрыштан зиянды тағамдарды тауып алып дәптерлеріне жазады.

Ал 2-топ сиқырлы тік төртбұрыштан пайдалы тағамдарды тауып алып дәптерлеріне жазады.

Мұғалім: - Енді нан туралы өлең тындайық.

Оқушы: Нан - ардақты адал ас

Кәрі, жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде,

Қол жумай оны ұстамас.

Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

Ей, балалар, балалар,

Болмандар, сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы-

Нан қиқымын шашпандар,

Теріп алып, қастерлеп.

Торғайларға тастандар. /Ө. Тұрманжанов/


V. Сабақты қорытындылау.

- Балалар, бүгінгі тақырыбымыз не туралы?



- Қазақ дастарқан қандай болады?

Рефлексия. Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

жақсы жаман емес жаман


VІ Үйге тапсырма беру.

Ситуациалық жағдай. Мысалы үйіне қонақ келді. Қонақты қалай қарсы аласың? Шақырылмаған қонақ келсе не істейсің?


VІІ Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет