Сабақтың тақырыбы: "Қазақ халқы қонақжай"

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР МЕН ЫРЫМДАР

бет2/3
Дата22.03.2017
өлшемі0,7 Mb.
#12093
түріСабақ
1   2   3

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР МЕН ЫРЫМДАР
Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.
Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.
Аластау – ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған. Аластау арқылы көз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан аластау арқылы тазаланады. Үй-ішін аластауға қазақтар ертеден бастап адыраспанды, аршаны пайдаланған, аршаны үйдің кез келген бұрышына іліп қойған. Егер үйге көз тиген болса, адыраспанды немесе аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді аластап, есіктерді жауып қойған. Қазіргі кезде жаңа үйге кірген кезде үйді аластау әдетке айналған.
Аузына түкіру – ырым. Ертеден келе жатқан ырым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.
Бие байлар – сауылатын биелерді көктемде алғаш рет байлар алдында жасалатын ырым. Желіні тартып, құлындарды байлау кезінде мал сойылып, ауылдағы адамдар түгел қонаққа шақырылады. Бие байлар көктем шығып, ақтың молайған кезінде жасалған.
Шөміш қағу – ырым. Көктемде сәуір айының бас кезінде көкжиекті бұлт торлап, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Осы кезде ата-бабаларымыз «күн күркіреді, көк дүрілдеді» деп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғашқы күн күркіреген кезде киіз үйдің босағасына, табалдырығына ағаш шөмішті тигізіп:
Айран, сүт көп болсын,
Жақсылық көп болсын,
Жабырқау жоқ болсын.
Ел-жұрт тоқ болсын, –
деп тілеу тілеп, көктемнің алғашқы найзағайлы күркірек жаңбырын қарсы алады. Осыны шөміш қағу деп атайды.
Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары «тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі.
Тұсау кесу – бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі. Тұсауды ала жіппен кесу көне шаман дінінен қалған.
Аяғына жығылу – ғұрып. Кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі – аяғына жығылу деп аталады. Мұнда айыпты адам жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті адамның үйіне барып, кешірім сұрайды. Егер іс қиындап асқынып кетсе, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғын құшып кешірім сұрауы керек. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып есептеледі.
Ант, серт, уәде – халқымыздың сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. Ел ішінде адамды «ант атқан» деп жек көрген. Ант – адалдық сөзі.
Айдар – ғұрып. Балалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны «айдар» деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер балаға жасалады. Мысалы, Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болған.
Сәлемдеме – біреу арқылы жіберілетін аманат зат; туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды. Сәлемдемеге ақша, көйлек-көншек, орамал немесе соғымнан сақталған сыбаға жібереді.
Енші – қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесті енші дейді.
Еншіні үлкен ата, әке, олар жоқ болса, ұлдың үлкені бөледі. Қара шаңырақ пен ата-ана кенже баланың қолында қалады. Дәстүр бойынша ұлдың үлкені әке дәулетінің үштен біріне, кенже екіден біріне, ортаншылар төрттен бір үлесіне ие болады.
Айттыру – қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкесі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шешесінің айттыруға қарсы емес екендігін біледі. Содан кейін қызды ресми түрде айттырады. Ескі салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың есімін ататады. Той қамы, басқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы кесіледі.
Ауыз тию – ғұрып. Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл «қара шаңырақтың иесі» қолдасын деген сенімінен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстінде келген адам дәмнен ауыз тиюге тиісті деген ырым бар. Қазақтың дәстүрі бойынша, үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармау керек.
Жол беру – қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы. Жасы кіші адам үлкенге бөгет жасамай, жол босатады, үй ішінде төрге отырғызады, астан дәм татар кезде де осы әдеп сақталады.
Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келгенде, келін түскенде, алыстан сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуанышты хабарлаушы адам сүйінші сұрайды, осы кезде бағалы зат немесе ақша берілуі керек.
Сыйлық – тұрмыс салт-дәстүрі, құрмет көрсету, ол барлық халықтар арасында ертеден келе жатқан дәстүр. Сыйлық бұрын қазақ қауымдарында мәртебелі адамдарға, дарынды ақын-әншілерге, құда-жекжаттарға берілген. Сыйлыққа түйе бастаған тоғыз берген, ат мінгізіп, шапан жапқан немесе басқа да бағалы заттар берген. Ал қазіргі кезде үздік өнерге, озат адамдарға, үздік спортшыға ақшалай сыйлық беру әдетке айналған.
Сыралғы – дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жол сыралғы деп аталады. Аңшылар сыралғының сөзін жерге тастамайды.
Той – әдет-ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық халықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени өмірінде той ежелгі заманнан бастап үлкен орын алған. Мысалы, қыз ұзату, үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тойлары. Қыз ұзату, үйлену, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуан күрес, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың жақсы дәстүрлері бүгінде сақталған, үйлену тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Тоқым қағар – қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады, болмаса қазы-қарта асылады.
Сыбаға – қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кезінде ауыл адамдары бір-біріне сыбаға берген. Сыбаға келген үй әкелген сыбағаға көрші-қолаңдарын, жақын туыстарын шақырады. Сыбаға әкелген табаққа тиісті сыйлығын салып қайтарады. Көбінесе отау үйдің адамдары қара шаңыраққа немесе жасы үлкен адамдарға сыбаға береді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән, күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою-өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлттын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. «Қырғыз қазақ бір туған» деген мақал қазақ халқы мен қырғыз халықтарының бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар түркі тілдес халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы. қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүрлеріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін – бірі толықтырады.

Қазақ халқының салт – дәстүрлері осы ұлттың мінез – құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт – дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той – думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрпақтан – ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай жаңадан еніп те жатыр.

I-нұсқа

1. 1-ші,2-ші абзацты аударыңдар

2.1-ші,2-ші абзац бойынша сұрақ құрастырыңдар

3. «Байқаймыз» етістігін жедел өткен шақта жіктеңдер.

4.Абзац бойынша жоспар құрастырыңдар.

5. « Толықтырады» етістігіне морфологиялық талдау жасаңдар

II-нұсқа

1. 3-ші,4-ші абзацты аударыңдар

2.3-ші,4-ші абзац бойынша сұрақ құрастырыңдар

3. «Көрсетеді» етістігін мақсатты келер шақта жіктеңдер.

4.Абзац бойынша жоспар құрастырыңдар.

5. «Орындалатын» етістігіне морфологиялық талдау жасаңдар

Балаға ат қою

Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды.

Шілдехана

Шілдехана нәрестенің өмірге келу құрметіне өткізілетін той. Оған жақын туған-туыстар, достар, көршілер жиналады.Мал сойылып, дастархан жайыладыШілдеханаға шақырылғандар шашу алып келеді. Сәбидің ата-әжесіне, әке- шешесіне «Балаңыздың бауы берік болсын», деп құтты болсын айтады. Шілдеханада ән айтылып, күй тартылады. Сәбиге азан шақырып ат қоюды шілдеханаға дейін де, шілдеханада да атқаруға болады. Ол үй иесінің өз қалауында.

Бесікке салу

Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.

Қырқынан шығару

Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады.

Тұсау кесу

Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.

Атқа мінгізу

Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.

Тоқым қағу

Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде «Тоқым қағар» тойы жасалады. Жиналғандар домбыра тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты ойын-сауыққа айналады.

Мемлекеттік құрылым

Қазақстан Республикасы демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет, оның басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы.

Республика қызметінің негізін қалаушы принциптер мыналар: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бар халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, Парламентте немесе республикалық референдумда дауыс беру арқылы мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешу.

Республикадағы Мемлекеттік билік ортақ, Конститутция және заңдар негізінде, оның заңнамалық, орындаушылық және сот тармақтарының бөліну принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

Қазақстан Республикасындағы биліктің заң шығарушы тармағы қос палаталы Парламент арқылы жүзеге асырылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Қазақстан Үкіметі Республика Президентімен Конститутцияда көрсетілген тәртіп бойынша құрылады.

Қазақстан үкіметі

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстандағы жоғары атқарушы билiк органы.

Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.

Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi.

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

Сан есім

(Имя числительное)

Сан есім – часть речи, которая обозначает количество предметов, число, а также порядок предметов при счете.

Вопросы: сколько? который? какой? по сколько? почем? приблизительно сколько?

Сан есім в функции определения не изменяется по падежам и числам.

Түрлері
І. Құрамына қарай (По составу)

1. Дара (Простое) ,мыс: алты, жеті, мың

2. Күрделі (Сложные), мыс: он екі, жиырма екі, бір мың

а) сан есімдердің тіркесуі: он тоғыз

ә) сан есімдердің қосарлануы : қырық – елу , отыз - қырықтай

ІІ. Тұлғасына қарай (По способу образования)

1. Негізгі (Непроизводные) бір, екі, елу

2. Туынды (Производные) бірінші, екінші, бірер, елудей
ІІІ. Мағынасына қарай (По значению)

1. Есептік (Количественные) бір, екі, жүз, мың

2. Реттік (Порядковые) бірінші, үшінші, төртінші

3. Жинақтық (Собирательные) екеу, төртеу, бесеу

4. Топтау (Разделительные) мыңнан, үш-үштен, оннан

5. Болжалдық (Предположительные) бірер, мыңдай, елудей

6. Бөлшектік (Дробные) үш бүтін оннан екі, төрттен екі

Сын есім

(Имя прилагательное)

Сын есім – часть речи, которая обозначает признаки, качества, свойства предметов. Она не изменяется по падежам, числам, принадлежности. В основном употребляется перед существительными и в предложении является определением.

І. Құрамына қарай (По составу)

1. Дара(Простое)

Кіші (малый), нәзік (хрупкий), көп (много), дөңгелек (круглый), сопақ (овальный)

2. Күрделі (Сложные)

қызыл ала (пестро-красный), ұзын бойлы (великорослый), ақшыл сары (светло-желтый)
ІІ. Тұлғасына қарай (По способу образования)

1. Негізгі (Непроизводные)жақсы, әдемі , суық

2. Туынды (Производные)

-лы,-лі, -ды, -ді, - ты,ті (күшті , таулы,ақылды)

- сыз,-сіз (ақылсыз,білімсіз)

-шыл, -шіл(өлеңшіл,ұйымшыл)

-шаң, -шең(бойшаң,кіршең)

-қы, -кі,-ғы, -гі(қысқы,күзгі)

-лық, -лік, -дық –дік – тық,- тік (балалық,достық)

- и,- паз, -қой, - қор (тарихи,өнерпаз,)

ІІІ. Мағынасына қарай (По значению)

1. Сапалық (Качественные), мыс: ақ, қара, үлкен

2. Қатыстық (Относительные)

тұзды , түнгі,ақылды

Сын есімнің шырайлары - Степени сравнения прилагательных.

1. Жай шырай,мыс: ақ, қары ,үлкен

2. Салыстырмалы шырай :

-рақ, -рек ,-ырақ, -ірек-

-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу

-шыл, -шіл

-қыл,ғыл- қылт, - ғылт
3. Күшейтпелі шырай :

а) буын арқылы, мыс: жап-жасыл, қап-қара (исклучение аппақ, көкпеңбек).

ә) күшейткіш сөздер арқылы : ең - самый, өте - очень, тым - весьма,

мыс:ең әдемі,өте жақсы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыстары:құрылу тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:туған өлке туралы оқушылардың білімдерін толықтыру.

Дамытушылық:түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамыту,ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,ҰБТ сұрақтарын талқылау.

Тәрбиелік:туған жеріміздің тарихын танып,біліп,ардақтап,табиғатын аялауға үйрету,Отанға деген патриоттық сезімдерін ашу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдістері:мәтінмен жұмыс, ойландыру,сұрақ-жауап,іздендіру,әңгімелеу,аударма,жазба,талдау жұмыстары,деңгейлік тапсырма,тестілеу.

Грамматикалық материал:сөз таптары,сөйлем мүшелері,лексика сұрақтары.

Сабақтың көрнекі-құралдары:интерактивті тақта,презентациялар,Қазақстан картасы,мәтіндер,тест сұрақтары,тапсырмалар парағы,семантикалық кесте,бағалау парағы.

Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Кубизм», «INSERT»,топтастыру, «Бес жолды өлең»

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу

Сыныпты түгендеу

Кезекшімен сұхбат

Мұғалімнің сөзі:Бүгінгі сабақта біз бірнеше стратегиялармен жұмыс жасаймыз. Топ ішінде түрлі тапсырмалар арқылы өтілген тақырыптарды қайталаймыз, мәтінмен жұмыс жасаймыз,грамматикалық тапсырмаларды орындаймыз,тест сұрақтарына жауап береміз.

Сендердің алдарында бағалау парағы жатыр.Сол параққа сендер топ ішінде бір-біріне баға қоясыңдар.Сабақтың соңында сендердің бағалауына қарап мен қорытынды баға шығарамын.

ІІ.Қызығушылықты ояту

1.1 «Кубизм» стратегиясы бойынша өтілген тақырыптарды қайталаймыз

1.Қазақстан туралы өлең.

2.Қазақстан табиғаты. СЛАЙД

3.Қазақстанның халқы.

4.Туған жер туралы мақал-мәтел.

5. Тәуелсіздіктің белгілері.

6.Отанымыздың бас қаласы туралы әңгімелеу.

«Қазақстан-менің Отаным» тақырыпқа топтастыру жұмысын өткіземіз.

1.2 Топтастыру

Егеменді,көп ұлтты Астана -елорда

14 облыс СЛАЙД рәміздері Табиғаты әр-алуан кен байлықтары мол ІІ.Мағынаны тану сатысы.

Мұғалім сөзі: «Жері байдың елі бай» дейді қазақ халқы.Өз байлығымызды дұрыс пайдалану үшін республикамыз облыстарға бөлінген.Сабақтың тақырыбы; ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫ:ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ.

1.Мәтінді тыңдаймыз. (аудирование)

2.Мазмұнын түсіну.Мәтін не туралы.Қазақстан облыстары туралы мәтінде қандай мәлімет берілген?(аудару)

3Тақырып бойынша қосымша мәлімет.(оқушылардың презентациялары)

2.1 «INSERT» стратегиясы. Мәтінді оқу барысында келесі белгілер қою.

V білетін ойлар СЛАЙД

+ жаңа білім

? сұрақтар туды

Мәтінді оқып болған соң, кестені толтырамыз(тірек сөздер)

V + ?

(Топтан 1 оқушы оқиды.)

2.2 «Бес жолды өлең» құрастыру.

1 топ:Отан

2 топ:Табыс СЛАЙД

3 топ:Талап

4 топ:Аймақ

(Әр топтан 1 оқушы оқиды)

2.3 Мәтін бойынша тапсырмалар.

1 топ: Еркін әңгіме құрастыру

2 топ: Сұрақ-жауап құрастыру

3 топ: Жоспар бойынша әңгімелеу

1.Облыстардың құрылу тарихы.

2.Облыстардың құрылған жылдары.

3.Менің туып-өскен жерім.(Қостанай облысы туралы)

4 топ: Сөйлемдерді толықтыру (Мәтінді алып қою)

1.Бірінші бесжылдық жылдарында ... халық шаруашылығы ... табыстарға жетті.

2.Қазір Қазақстан Республикасы 14 ... және 3 республикалық бағыныштағы ... ... .

3.Алматы қаласы- республикалық ... қала.

4.Ең соң құрылған 1973 жылы ... ... .

5.Жаңа жағдайда республика басқаруының ескі формалары ... ... сай келмеді.

6.Осы сессияның шешімі ... Қазақстанда 6 ... құрылды.

7.Қазақстанның халық шаруашылығы жақсы ... жетті.

(әр топтан 1 оқушы)

2.4 Деңгейлік тапсырмалар арқылы грамматиканы қайталаймыз

(Грамматиканы қайталау)

ІІІ деңгей: зат есімдердің сөз құрамын анықтау.

ІІ деңгей: етістікке,сын есідерге морфологиялық талдау жасау

І деңгей: 2 сөйлемге синтакситік талдау жасау.

1.Осының нәтижесінде жаңа өнеркәсіп және ауыл шаруашылық орталықтары пайда болды.

2.Республика органдарының басшылығын аудандарға жақындататын құрылым қажет болды.

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия барысында

1.1 Тест сұрақтарына жауап беру.

1-3 топ- жасырын тест

2-4 топ- ашық тест

«Қазақстан» тест сұрақтары.

1-3 топ тест «Қазақстан»

1.Сарыарқаға жататын қалаларды табыңыз.

а)Алматы,Тараз,Шымкент,Қызылорда

в)Қарағанды,Жезқазған,Ақмола,Павлодар с)Қостанай,Арқалық,Павлодар,Ақтөбе.

д)Ақмола,Шымкент,Тараз е)Көкшетау,Петропавл,Ақтөбе

2.Қазақстанның казіргі астанасын белгілеңдер.

а)Алматы в)Семей с)Қызылорда д)Астана е)Қарағанды

3.Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауын табыңыз.

а)Солтүстік Қазақстан в)Күріштің отаны с)Сарыарқа д)Жетісу е)Жібек жолы

4. Қазақстан облыстарының санын белгілеңіз.

а)15 в)16 с)14 д)17 е)12

5.Ең соң құрылған қай облыс?

а)Алматы в)Қостанай с)Қызылорда д)Павлодар е)Маңғыстау

6.Қазақстан оңтүстікте қандай мемлекетпен шектесетінін белгілеңіз.

а)Ресеймен в)Қытаймен с)Маңғолиямен д)Өзбекстанмен е)Ауғанстанмен

7.Елімізде неше республикалық бағыныштағы қала бар?

а)5 в)3 с)2 д)4 е)1

8.Қазақстанның орналасқан жерін анықтаңыз.

а)Еуразия құрлығында в)Орта Азияда с)Таяу Шығыста д)Батыс Еуропада е)Азияда

9.Қазақстанның жер көлемін анықтаңыз.

а)1600 мың шаршы шақырым в)2724,9 мың шаршы шақырым с)3700 мың шаршы шақырым д)1500 мың шаршы шақырым е)1700 мың шаршы шақырым

10.Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалаларды көрсетіңіз.

а)Атырау,Орал в)Көкшетау,Қостанай с)Маңғыстау,Ақтөбе д)Алматы,Қызылорда е)Шымкент,Жамбыл

11.Қазақстанның батысында қандай облыстар орналасқан?

а)Ақтөбе облысы,Маңғыстау облысы,Атырау облысы,Батыс-Қазақстан облысы в)Қарағанды облысы,Батыс-Қазақстан облысы,Қостанай облысы,Шымкент облысы с)Шығыс –Қазақстан облысы,Қарағанды облысы д) Батыс-Қазақстан облысы,Атырау облысы,Қостанай облысы е)Жамбыл облысы,Алматы облысы,Қызылорда облысы

12.Қарағанды облысы қай аймаққа жатады?

а)Оңтүстік Қазақстан в)Батыс Қазақстан с)Солтүстік Қазақстан д)Орталық Қазақстан е)Шығыс Қазақстан

13.Қазақстан Республикасы қай елмен шектесетінін көрсетіңіз.

а)Иран в)Ресей с)Татарстан д)Түркия е)Армения

14.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің белгісін көрсетіңіз.

а)Отаншылдығы в)Жері с)Табиғаты д)Рәміздері е)Ауа райы

15.Астананың орналасқан жерін табыңыз.

а)Сарыарқа даласы в)Көкшетау бауыры с)Наурызым қорығы д)Бетпақ даласы е)Оңтүстік аймағы

2-4 топ тест «Қазақстан»

1.Сарыарқаға жататын қалаларды атаңдар.

2.Қазақстанның қазіргі астанасы қай қала?
3.Алматы және Талдықорған өңірлері қалай аталады?
4. Қазақстан облыстарының саны қанша?
5.Ең соң құрылған қай облыс?
6.Қазақстан оңтүстікте қандай мемлекетпен шектеседі?
7.Елімізде неше республикалық бағыныштағы қала бар?
8.Қазақстан жері қайда орналасқан?
9.Қазақстанның жер көлемі қандай?
10. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің белгілерін атаңдар.
11.Қазақстанның батысында қандай облыстар орналасқан?
12.Қарағанды облысы қай аймаққа жатады?
13.Қазақстан Республикасы қандай елдермен шектеседі?
14. Қазақстанның солтүстігінде қандай облыстар орналасқан?
15.Астана қаласы қайда орналасқан?

Кілт:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15

в д д с е д в а в в а д в д а

Үй тапсырмасы:тақырып бойынша диалог құрастыру

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет