Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті



Дата23.08.2017
өлшемі48,5 Kb.
#24928
түріСабақ
Күні: 22.01.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының материалдық мәдениеті жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Оқушыларға материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының материалдық мәдениетінің өшпес құндылықтарын мектеп мұражайымен байланыстыра отырып білім беру.

2. Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, қазақ халқының материалдық мәдениетіне мектеп мұражайына саяхат жасата отырып, өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

3. Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру



Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, бостер, слайд, мектеп мұражайына саяхат.

Сабақтың көрнекі құралдары:

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Мұражайға саяхат(8мин)

  6. Бағалау

  7. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгендеу

  • Оқушылардың оқу құралын тексеру

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудары

  • Оқушыларды топқа бөлу

  1. Қазақ халқының ұлттық киімдері, аспаптары және зергерлік бұйымдары бейнеленген суреттерді таңдату.

  2. Таңдағандары бойынша ІІІ топқа бөлу

І топ – Тігіншілер

ІІ топ – Өнерпаздар

ІІІ топ – Шеберлер

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

А. Сұрақ-жауап.

Ә. Тарихи диктант

Сұрақ-жауап:

1.Тас дәуірінде адамдар ағаштан, тастан құдай бейнесін жасаған оны не деп атаған? (Тұл)

2. Ежелгі түріктердің діни нанымының негізі бойынша олар табынды.(Тәңірге)

3. Қазақстанға будда діні қай елден тарады? (Үндістаннан)

4. Манихейлік, кейінен ислам діні қай елдерден тараған? (Араб, Иран)

5. Орталық Азия даласында Заратуштра діні қай жылы пайда болған?

6. Заратуштралықтар табынатын ең жоғарғы ие қалай аталды? (Ахурамазда)

7. Заратуштра дінінің қасиетті кітабы қалай аталды? (Авеста)

8. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Заратуштралықтың қабірі қай жерде табылған? (Тараз)

Тарихи диктант

Дін – адамзаттың жаратушыға,табиғаттың тылсым күштеріне табыну.

Дін ілімін зерттейтін ғылымды - теология деп атайды.

Түрік халықтары өздерін қорғап,сақтау үшін тәңірге жалбарынды.

Тәңір олардың ұғымында көк аспан болып есептеледі.

Б.з-дың VI ғасырынан бастап Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес халықтар арасында будда, манихей, христиан ілімдері ене бастады.

Діндер сол кездегі маңызға ие болған Ұлы Жібек жолы арқылы таралады.



ІІІ. Жаңа сабақ

І топ – «Тігіншілер» тобына - Қазақ халқының баспанасы

ІІ топ – «Өнерпаздар» тобына - Қазақ халқының ұлттық киімдері

ІІІ топ – «Шеберлер» – Қазақ халқының үй жиһаздары, қолөнер бұйымдары

Әр топ берілген суреттерден өз тақырыбын ашатын 9 суретті тауып, жабыстырып, анықтамасын беру керек.

Қазақ халқының баспанасы

Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы – киіз үй. Киіз үйлер үлкен-кішісіне қарай: 4 қанатты, 6 қанатты, 8 қанатты, 12 қанатты болып бөлінсе, ал салтына қарай: ақ орда, хан орда, қараша үй, лашық, абылайша, ұранқай, жолым үй деп бөлінеді.



Киіз үй сүйегі – кереге, «сықырлауық» аталатын есік, уық, шаңырақтан тұрады.

Кереге - деп киіз үйдің шеңбер қабырғасын атайды.

Уық – шаңырақ пен керегені байланыстыратын бөлігі.

Шаңырақ – киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі. Шаңырақ өте қастерлі де, киелі саналады.

Киіз үйдің сыртынан жабатын киізі: туырлық, үзік, түндік деп аталады.



Қазақ халқының ұлттық киімдері

Ұлттық киімдер жас шамасына қарай ерекшеленген. Жастар киімі ою-өрнекті, қызыл-жасыл болып келсе, ал үлкендердің киімдерінде ою-өрнектері аз. Киім- кешектер үшін негізінен малдың жүні мен терісі пайдаланылды.



Қазақтың киім-кешектеріне: тақия, сәукеле, кимешек, бөрік, тон, камзол, шапан, шекпен, мәсі, етік т.б. жатады.

Сәукеле – қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі.

Тон – малдың терісінен жылы әрі ыңғайлы етіп тігілетін сырт киім. Тон «қаптама», «камзолша» болып екіге бөлінеді.

Шекпен – түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім.

Шапан – түрлері көп болған. Сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан т.б.

Қазақ халқының үй жиһаздары, қолөнер бұйымдары

Қазақтар әдетте киіз үйлерін әр алуан кілемдер мен ою-өрнекті сырмақтармен безендірген. Кебеже, абдыра, жастық ағаш, төсек ағаш үйдің негізгі жиһаздары болды. Мал терісінен саба, торсық, ағаштан келі мен күбі т.б. қажетті бұйымдарды жасаған.



Қазақтар алтынан, күмістен, асыл тастардан, сүйектен, әртүрлі зергерлік бұйымдар әзірлеген.

Видеоролик көрсету: «Киіз үй туралы»

Сабақты бекіту: «Кім тапқыр» ойыны.

  1. Кереге - киіз үйдің шеңбер қабырғалары

  2. Шаңырақ - киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез

  3. Сықырлауық - кереге шеңберін тұйықтап, кіріп-шығу қызметін атқарады.

  4. Уық - кереге басы мен шаңырақты бекітетін ағаш.

  5. Сәукеле– қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі.

  6. Тон - малдың терісінен жылы әрі ыңғайлы етіп тігілетін сырт киім

  7. Білезік– қолға тағылатын зергерлік бұйым

  8. Садақ - жебе атуға арналған қол қаруы

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 44 «Менің мұражайдан алған әсерім» тақырыбына эссе жазу
Каталог: uploads -> doc -> 0cb1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cb1 -> Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Назарларын сабаққа аудару
0cb1 -> Сабақтың тақырыбы: Неміс опера театры Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әйгілі Неміс опера театры туралы ақпарат беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет