Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата07.05.2017
өлшемі35,73 Kb.
#15719
түріСабақ
Сабақ жоспары 

Пәні: қазақ тілі


Сынып: 9- сынып
 
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Қазақ халқының ұлттық аспаптарымен таныстыру. Етістіктің райларына түсінік беру. 
Дамытушылық: Ауызекі тілде сөйлету арқылы тіл байлығын дамыту,сөздік қорын кеңейту, өнерге қызығушылығын арттыру ,топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, 
Тәрбиелік: халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының құрылысын меңгере білу, адамгершілік, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық, ой қозғау, әңгімелеу. 
Көрнекіліктер: оқулық, интербелсенді тақта, үлістермелі материал. 
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру. 
Сәлемдесу,түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. 
II. Үй жұмысын тексеру. 
Оқушылар бір-біріне қарап, сыртқы және ішкі шеңбер жасайды. Ішкі шеңберде тұратын оқушылар сыртқы шеңберге мұғалімнің сұрағына жауап береді. Әрғарай жылжып, ауысады-сыртқы шеңбер ішкі шеңберге сұраққа жауап береді. 
Топқа бөліну. 
Сынып үш топқа бөлінеді, әр топқа 4 -5 оқушыдан. Оқушылар 1 - 3 дейін санап, бір сандар бірінші топқа, екі сандар екінші топқа, үш сандары үшінші топқа отырды. 
ІІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. 
Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалады. Оқушыларға сұрақ; 
-Бұл күйді кім шығарды? 
-Күйлер қандай аспаптарда ойналады? 
-Қазақтың қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? 
Сабақтың тақырыбына шығу. (« Мен білемін…», « Мен білдім…», « Білгім келеді…» әдісі)-1 бағананы толтыру. 
Сабақтың мақсаттарын анықтау. 
IV.Негізгі кезең. 
1.Тыңдалым (мәтінді түсініп тыңдау) 
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру. 
2.Оқылым. Мәтінмен жұмыс 
Әр топқа мәтін беріледі. 
-мәтінді оқып, оның негізгі идеяларын топтаса отырып, түсінгендерін кластерге сурет арқылы салады. 
3. Айтылым: Әр топ жұмыстарын қорғап, әңгімелейді. Оқушылар басқа топтардың жауаптарын стикер арқылы бағалайды. 
Сергіту сәт. 
4. Жазылым –дәптермен жұмыс 
1) Етістіктің райлары туралы түсінік беру. 
2) Сөздерді ажырату.(карточкалармен жұмыс) 
3) Домбыра, қобыз сөздерін септеу 
5. Тілдесім. 
Музыкалық аспаптар туралы диалаог құрастыру. 
V. Рефлексия. 
1. Тест сұрақтарына жауап беру.( Кілт бойынша өздерін бағалайды, содан кейін тест сұрақтармен ауысып, бір-бірін оқытып, талдайды. 
2. Мен білдім…», « Білгім келеді…» (2 бағананы толтыру), 3-4 оқушы оқып шығады. 
VI. Бағалау. 
VII. Қорытынды. Сабақта не туралы айттық? 
VIII. Үй тапсырмасы: 1) 88 бет,мәтінді аударып,сұрақтарға жауап беру: 2)музыкалық аспаптар туралы әңгімелеп келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет