Сабақтың тақырыбы Қазақстан жаңа құрылыс саясаты кезінде. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары



Дата18.03.2017
өлшемі182,39 Kb.
#11835
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы Қазақстан жаңа құрылыс саясаты кезінде.

1986 жылғы желтоқсан оқиғалары



Білімділік Студенттердің білімдерін жетілдіру , ойлау қабылеттерін дамыту, 1986 жылғы оқиғалардың ерекшеліктерін көрсету,сұраққа толық жауап қайтаруға машықтандыру .

Дамытушылық Қазақстандағы 1986 ж Желтоқсан оқиғаларының себептері,салдары туралы түсінік беру;

Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи рөлін көрсету. Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып,халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Желтоқсан оқиғасының қазақ халқы тарихында бұдан бұрын ұлт-азаттық көтерілістермен сабақтастық байланысын және алып империя Кеңес Одағының күйреуіне тигізген ықпалын түсіндіру;

Тәрбиелік Отан сүйгіштікке тәрбиелеу,патриоттық сезімдерін дамыту.

Болашақ нәтижені болжау

Білім _ 1986 жылғы Қайта құру бағытының ерекшеліктерін білу.

Икемділік _ оқулықпен жұмыс істеу икемділігін арттыру

Дағды - игеріп алған білімдерін қолдана алу дағдысын жетілдіру.

Сабақтың түрлері

аралас


Әдіс- тәсілдер

1.Ауызша,ізденістік,топтық жұмыс



Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, аңықтамалық әдебиет

конспектілер, тапсырмалар



Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар

Таблица,суреттер, презентация , видео-бейне



Пәнаралық байланыс Дүние жүзі тарихы, саясаттану. қоғамтану, әдебиет.
Сабақ барысы




Сабақ кезеңдері / Этапы урока

Оқытушы іс-әрекеті / деятельность преподавателя

Оқушылар іс-әрекеті / деятельность учащихся

1

Үйымдастыру-мақсаттық кезені

  • Ұйымдастыру кезені

  • Оқу жұмысынын ұйымдастыру

  • Психологиялық дайындық

  • Көңіл куйлерін көтеру

Оқушылардың сабаққа дайындалуы

2

Операция-танымдық кезеңі

Оқушалармен екі тілде амандасу

Сабаққа дайындықты тексеру

Студенттерді белгілеу

Ұйымдастыру кезеңі / сыныпты топтарға алдын ала бөлу.



1- топ - тарихшылар,

2- топ- саясаткерлер,

3- топ- сарапшылар.

Топтар өздеріне тиесілі тапсырмалар мен мұғалім нұсқауын алдан ала жинақтайды



Топ старостасының есебі.

Сабаққа қатысып отырғандардың саны аты-жөні

Топ басшысын сайлау





А. Үй тапсырмасын тексеру

Конспекттерін тексеру

Дәптерлерін тексеріске даярлау




Б. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі

Балалар бүгінгі тақырып 1986 жылдары өткен оқиғаға байланысты. Осы аралықта Қазақстанға көптеген өзгерістер болды


Сұраққа жауап қайтару




В. Жаңа білімді меңгеру


Бүгін осы тақырып бойынша жұмыс жасаймыз.Қарастырылатын сұрақтар

1. Қайта құру бағыты. 2.Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)

3.Терминологиямен жұмыс.

Ж а р и я л ы л ы қ
П л ю р а л и з м
П л е н у м


М о р а т о р и й

Мағлұматты мұқият тындау,дәптерге қысқаша конспект жазып алу,кесте толтыру.




Г. Жаңа білімді бекіту



Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту.

Тақтадағы тапсырманы орындау



Сұрақтарға толық жауап қайтаруға тырысу

3

Рефлексивті бағалау кезеңі

Оқушыларды бағалау,мадақтау

Бағалармен танысу




А. Үй тапсырмасы

Конспект арқылы дайындалу,


Дәптерге тапсырманы жазып алу




Б. Сабақты қорытындылау

Қорытынды жасау.

Өз ойларын еркін айту,

Қорытынды беру.





Сабақ барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырып кетеді.

- Құрметті оқушылар біз бүгін тарих сабағында Қазақстан мемлекетінің тарихында үлкен орын алатын тарихи оқиғаны қарастырғалы отырымыз. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын , оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазаққа немесе Қазақстандық азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды. Міне сіздер өздеріңіз осы сұрақтарға сабақ барысында жауап табатын боласындар :


  1. Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?

  2. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ?

  3. Қазақ жастары осы күндері қандай қианат, қиындықтар көрді ?

  4. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ?

  5. Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай ? -деген сұраққа өздеріңіз тапқан жауаптарыңызды ортаға салуға шақырамын. Соныме сөз кезегі

Конспект

Наразылықтың сылтауы

 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды.



Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.


1 тур

1 топ. Тарихшылар 1 тапсырма

( тақырып бойынша себеп – салдарын анықтау)

кесте толтыру



Жылы

Себебі

Сипаты

Тарихи маңызы















2 топ Саясаттанушылар:

1 тапсырма
Берілген қосымша құжат деректері бойынша талқылап, төмендегідей қорытындыға келеді.



1986 жыл

16-17 желтоқсан





3 топ Сарапшылар тобы

1 тапсырма
Оқушылар “Қасіретім, қасиетім, ар-намысым Желтоқсан! » тақырыбында «Эссе» әдісі бойынша тапсырманы орындайды.

«Автор орындығынан оқу» әдісі арқылы мазмұнды шыққан эссені топ басшысы оқып береді.



Терминологиялық жұмыс

Ж а р и я л ы л ы қ-


П л ю р а л и з м-

П л е н у м-
М о р а т о р и й -
2 тур

1 топ Тарихшылар:

2 тапсырма . Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?

Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы Қазақстанға тоқталады . Сонымен қатар 1986 жылғы 16 желтоқсанда өткен КОКП ОК нұсқауымен өткен Қазақстан КП ОК пленум барысында Қазақстанды 40- жылдай басқарған Д.Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қарастырылғанды. Пленум не бары 18 минут жүріп, осы пленумда Д. Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар болады.


Г.В. Колбин – ол кім?, қайдан келген ? деген сұрақ туындайды бұл сұраққа жауапты- Тарихшылар береді

Колбин Г.В. жайлы тарихи анықытама береді.

Қонаев Д Колбин Г


Оқушылар екі басшы жайлы Венн диаграммасын құрастырады.

Өз ойларын ортаға салады.
2 топ Саясаттанушылар:

2 тапсырма

1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ? жауап береді

1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналуы жайлы мәліметтер береді. Желтоқсанға қатысушылардың естеліктері оқылады.

Қосымша мағлұмат: Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден-100, Ташкенттен-300, Челябіден-203, Новосибирскіден-203, Свердловскіден-225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға өқарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған.

3 топ Сарапшылар тобы

2 тапсырма .Желтоқсан құрбандары.
Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ?
Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат , Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай , Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертайт.т.б. тоқталып кетуге болады. Сонымен қатар біздің жерлестеріміз:

Жүмагүл Бекентаева- Қостанай облысының Жангелді ауданының тұрғыны 1986 жылы ҚМПИ филология факультетінің 2- курс студенті.

18. 12 күні өзінің құрбыларымен алаңда болып Шаттықгүлмен тұтқында болғандығы жайлы өз естелігінде айтып кеткен. Бақытгүлмен бірге Арқалық қаласының тұрғыны Айгул Сүлекеева, Жангелдин ауданының «Еңбек» кеншарының тұрғыны Бақытгул Мырзағазина- желтоқсаннан кейін көп ұзамай ауырып марқұм болған, Зәуре Момынқұлова- Жамбыл облысының қызы,т.б. қыздар оқу орындарынан қуалып, комсомолдар қатарынан шығарылып , тек « ауыр жұмысқа ғана жарамдылар» деген атаққа ие болған біздің жерлестеріміз де кездесетіндігін айтып кеткен жөн.



Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13.03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973-81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп-интернатта 8-жылдық білім алған. 1981-83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп,1984-86 әскери қатарғ, алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жодамамен Алматы сәулет- құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда блейбіт шеруге қатысады.Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбестық жасап Савитскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағалағылып 6- ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:

1. Тәшенов Түгелбай Тұрман ұлы, 1961 туған 39 құрлыс- монтаж басқармасының ағаш шебері - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

2. ТайжұмаевЖамбылбек Қожамжарұлы 1962 жылы туған Алматы энерго-құрылыс техникумының 3 курс студенті- 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

3. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығық ең ауыр- өлім жазасына кесілді

4. Күзембаев Қайыркелді Қалиақпарұлы 1959 жылғы ,- Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-3 жылға, 65-бап-12 жылға, 15,88 ч.1 п. В және 17, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-14жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

5. Көпесбаев Ертай Тәңірбергенұлы 1966 жылығы, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-4 жылға, бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.



Қортынды

Кесте толтыру

Білемін.

Білгім келеді.

Білдім.»

Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Шеруге

қатысқандарды басып тастау үшін билік иелері жүргізген шаралар.

М.Шаханов туралы

Тәуелсіздік монументі туралы

Осы оқиғаға қатысқан жерлес адамдар туралы.





Мұғалім сабақты қортындылап, оқушыларды бағалап

үйге тапсырма беріледі.
1. "Мен елімнің болашағын қалай елестете аламын? "

Эссе жазып келу.
2. «Білемін. Білгім келеді. Білдім.» кестесінің соңғы бөлімін толтырып келу.

Конспект
Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.



Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.



Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады




1 топ. Тарихшылар 1 тапсырма

( тақырып бойынша себеп – салдарын анықтау)

кесте толтыру



Жылы

Себебі

Сипаты

Тарихи маңызы















1 топ Тарихшылар:

2 тапсырма
Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы Қазақстанға тоқталады . Сонымен қатар 1986 жылғы 16 желтоқсанда өткен КОКП ОК нұсқауымен өткен Қазақстан КП ОК пленум барысында Қазақстанды 40- жылдай басқарған Д.Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қарастырылғанды. Пленум не бары 18 минут жүріп, осы пленумда Д. Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар болады.
Г.В. Колбин – ол кім?, қайдан келген ? деген сұрақ туындайды бұл сұраққа жауапты- Тарихшылар береді

Колбин Г.В. жайлы тарихи анқытама береді.

Қонаев Д Колбин Г


Оқушылар екі басшы жайлы Венн диаграммасын құрастырады. Өз ойларын ортаға салады.

2 топ Саясаттанушылар:

1 тапсырма
Берілген қосымша құжат деректері бойынша талқылап, төмендегідей қорытындыға келеді.


1986 жыл

16-17 желтоқсан






2 топ Саясаттанушылар:

2 тапсырма

1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ? жауап береді

1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналуы жайлы мәліметтер береді. Желтоқсанға қатысушылардың естеліктері оқылады.
Қосымша мағлұмат: Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден-100, Ташкенттен-300, Челябіден-203, Новосибирскіден-203, Свердловскіден-225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға өқарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Оны біз төмендегі куәгерлердің сөзінен байқаймыз.


3 топ Сарапшылар тобы

1 тапсырма
Оқушылар “Қасіретім, қасиетім, ар-намысым Желтоқсан! » тақырыбында «Эссе» әдісі бойынша тапсырманы орындайды.

«Автор орындығынан оқу» әдісі арқылы мазмұнды шыққан эссені топ басшысы оқып береді.




3 топ Сарапшылар тобы

2 тапсырма
Желтоқсан құрбандары. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ?

Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат , Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай , Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертайт.т.б. тоқталып кетуге болады. Сонымен қатар біздің жерлестеріміз:



Жүмагүл Бекентаева- Қостанай облысының Жангелді ауданының тұрғыны 1986 жылы ҚМПИ филология факультетінің 2- курс студенті.

18. 12 күні өзінің құрбыларымен алаңда болып Шаттықгүлмен тұтқында болғандығы жайлы өз естелігінде айтып кеткен. Бақытгүлмен бірге Арқалық қаласының тұрғыны Айгул Сүлекеева, Жангелдин ауданының «Еңбек» кеншарының тұрғыны Бақытгул Мырзағазина- желтоқсаннан кейін көп ұзамай ауырып марқұм болған, Зәуре Момынқұлова- Жамбыл облысының қызы,т.б. қыздар оқу орындарынан қуалып, комсомолдар қатарынан шығарылып , тек « ауыр жұмысқа ғана жарамдылар» деген атаққа ие болған біздің жерлестеріміз де кездесетіндігін айтып кеткен жөн.



Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13.03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973-81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп-интернатта 8-жылдық білім алған. 1981-83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп,1984-86 әскери қатарғ, алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жодамамен Алматы сәулет- құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда блейбіт шеруге қатысады.Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбестық жасап Савитскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағалағылып 6- ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:

1. Тәшенов Түгелбай Тұрман ұлы, 1961 туған 39 құрлыс- монтаж басқармасының ағаш шебері - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.



2. ТайжұмаевЖамбылбек Қожамжарұлы 1962 жылы туған Алматы энерго-құрылыс техникумының 3 курс студенті- 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

3. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығық ең ауыр- өлім жазасына кесілді
Каталог: uploads -> doc -> 0e68
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e68 -> Сабақтың тақырыбы §14. Алашорда және Түркістан автономиялары Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет