Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтар. Сабақтың мақсаты



Дата30.01.2017
өлшемі116,87 Kb.
#8370
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның қорықтары туралы танымдық білімін арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу, сол білімдерін әрі қарай мәтін, сұхбат арқылы қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға , аялауға,сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Саяхат сабағы

Әдіс - тәсілдер:Саралап -деңгейлеп оқыту, Проблемалық-ізденіс әдісі, коммуникативтік әдіс, сұрақ-жауап.

Жұмыс түрлері: жұптық, топтық жұмыс

Көрнекілік: Слайд- презентация, интерактивті тақтамен жұмыс, фотосуреттер, тірек-сызба,коллаждар,бүктемелер.

Пәнаралық байланыс: география, статистика, әдебиет

Сабақ барысы



І.Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшімен сұхбат,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ Үй жұмысын тексеру. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құру. Сөйлем ішінен бастауыш пен баяндауышты табу.Өсімдік, табиғат аясында, қорғау, зиян келтіру,жанашырлық, қамқор болды,қорықты аралау.

ІІІ Жаңа сабақ.Сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар бүгін біз сендермен қорықтар деген тақырыппен танысамыз. Қорық деген сөздің орысша аудармасы қандай? Қазақстанда неше қорық бар? Олардың аттарын білесеңдер ме?

Олар қай жерде орналасқан? Қазіргі уақытта экологиялық жағдай барша адамзатты алаңдатуда. Экологиялық мәселелер ту Сирек кездесетін құстар, жануарларды, өсімдіктерді қорғау, сақтау, зерттеу ралы «Қазақстан -2030» бағдарламасында : «Бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отырған экологиялық шиеленісті шешудің бірден-бір сара жолы- қоғам мүшелерін экологиялық сауаттылыққа, мәдениеттілікке жеткізу.» Қазақстан жерінде көптеген ерекше қорғалатын қорықтар бар. Қорықтар- табиғаттың , сол бір бұрынғы қайталанбас сұлу көрінісі.



Ой толғау. Қорықтар неге керек? Қорық- дегеніміз не?

Оқушылардың жауабы(Кейбір жан - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін алғашқы табиғи тіршілігін сақтап қалу үшін қорықтар қажет.) Оқушылардың дайындап келген слайд-презентациясын көру.



Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты- қорықтар деп атайды.

IV Оқулықпен жұмыс. Мәтінді ( Оқулық -бет) абзацка бөліп оқу.

Мәтін мазмұны бойынша әңгімелесу.

Мұғалім:Балалар, қазіргі кезде жануарлар мен өсімдіктердің құрып кету қаупі бар ма?

Елімізде табиғат байлығын қорғап сақтайтын қорықтар көп пе?



Саяхатқа дайындық кезеңі.Оқушыларға стюардесса арқылы тыңдатамын: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған «№3 орта мектептің» әуежайы.

№3 мектептің әуежайынан Ақсу - Жабағалы, Наурызым қорығы Қорғалжын ,Марқакөл, Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы,Алматы, Барсакелмес, Үстірт- Қызыл кітап бағыттары бойынша сағат14:50 – де «Эйр Қапшағай» компаниясының ұшағына отырғызу басталады.

«Егер сіздер қорықтардағы өсімдіктер мен жануарлар жайында тереңірек білгіңіз келсе, қорғау шараларына қатысамын десеңіз бізбен бірге саяхатқа шығыңыз».

Қысқа мерзімді жобалау жұмыстарын қорғау

V Мұғалімнің сөзі: Құрметті саяхатшылар, сіздерге демалысқа шығар алдында қысқа мерзімді жобалау жұмысы берілді. (2 апта). Қанекей , сол жұмыстарынызды тыңдап бағалайық. Жоба мақсаттары: Қазақстандағы қорықтар туралы шағын жобаларын қорғау.

1.Жұмыс әдісі: Жұптық, топтық жұмыс

2.Жұмыстың жүргізілуі:Қорықтар туралы кітаптар оқу.(Кітапханаға бару)

Интернет мәліметтерін жинастыру.

3.Презентация.

4.Рефлексия.

І топ Ақсу-Жабағылы қорығы(1оқушы.) Презентация

ІІ топ Алматы,Алакөл қорығы(1оқушы.)Презентация

ІІІ топ Үстірт,Наурызым қорығы(1оқушы.)

ІV топ Батыс Алтай, Барсакелмес қорығы(1оқушы..)коллаж, фотосуреттер.

Қорықтар туралы мәліметтерді талдаймыз, алдына ала үйге берілген тапсырманы тыңдап, керегін жазып аламыз, хранологиялық кестені толтыруға дайындаламыз.Оқушылардың дайындаған мәліметтерін тыңдау.

Хранологиялық кесте құрастыру.

VI. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Ұшаққа отырғызу басталды.Билет алуларыңызды сұраймыз.

І класс, эконом класс,бизнес класс билеттерін алу үшін мына деңгейлік тапсырмаларды орындауларың керек.

ІІІ деңгейкласс билеттері, міндетті деңгей)

1.Берілген сөздердің түбірлерін анықтаңдар,сөйлем құрастырыңдар.



Өндіріс, елдерде, тіршілігінен, дамыған,құстар, табиғатын,күнде, орманы,

құрметтей,аңға,жан-жануарларға, өсімдіктерді, елімізде, мемлекеттік,байлығын.

2.Берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңдар.(ауызша)

ІІ деңгей (эконом класс, мүмкіндік деңгей)

1. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңдар.

1. Жан-жануар... мен өсімдік... дүниесі.



2. Құс... сайрап, көбелек...ұшып,гүл... гүлдеп

тұруы үшін біз... Өз Отанымыз... табиғатын қорғауы... керек.

3.Табиғат...ар-ұжданы таза,саналы адам... ғана қорғай алады.

4.Орман...мен өсімдіктер..., жануар... мен

аң-құстар...қорғап сақтайтын қорық көп.

2 «Қорықтар неге керек?» деген мәтіннен бастауышы бар сөйлемдерді тауып, оған сұрақ қойыңдар.

І деңгей Монолог «Экологияны жақсарту үшін қандай шаралар өткізу керек?»

VII Рефлексия

Адамзаттың несіз күні жоқ?

Оны айтуға ненің тілі жоқ?

VIII Сабақты қорытындылау .Сабақты оқушылар өздері қорытады.

І топ Сөзжұмбақ дайындап келіпті. ІІ топ сұрақ-жауап .

  1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық (Үстірт)

  2. «Ән салғыш құмдар»құмды төбесі бар қорық (Алматы)

  3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық аты (Ақсу-Жабағылы)

  4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық(Қорғалжын)

  5. Наурызым қорығы қайда орналасқан(Қостанай)

  6. Қылқанды тайга орманы орналасқан қорық(Батыс Алтай)

ІІІ топ Инсерт картасын толтырды .

ІV Географиялық картадан қорықтардың орналасуын көрсетті.







қ







қ

о

р

ғ

а

л

ж

ы

н







р




А

л

м

а

т

ы







А

қ

с

у

Ж

а

б

а

ғ

ы

л

ы




Ү

с

т

і

р

т







Б

а

т

ы

с




А

л

т

а

й







р



ІХ.Үйге тапсырма: Оқулық -бет ,7-тапсырма.Берілген синонимдік қатарлардыоқып шығып,есте сақтаңдар.Қиындық, тапшылық сөздерінің антонимдерін жазыңдар

Х.Оқушыларды бағалау.

Қазақстанның қорықтары.

Қазақстанда Наурызым ,Алматы,Барсакелмес,Қорғалжын,Ақсу-Жабағылы, қорықтар бар.Қорықтарды мақсаты табиғатты қорғау және зерттеу. Қазақстанның қорықтардағы аң-құстар еліміздің «Қызыл кітабында» енгізілген.Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы құрылған,Батыс Тянь-Шаньның солтүстігінде орналасқан.

Барсакелмес қорығы 1939жылы ашылған.Ол Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Барсакелмес қорығының мақсаты ежелгі жануарлардың түрін сақтау,Қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу.Біздің облысымызда Наурызым қорығы бар.Бұл қорық 1930 жылы құрылған.

Тест

1. Қазақстанда неше қорық бар?А)8 Б)5 С)10 Д)12 Е)20



2. Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?

А) Астананың қасында Б)Алматының қасында С)Арал теңізінің қасында

Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында

3. Барсакелмес қорығы қай жылы құрылды?

А)1930 Б)1935 С)1968 Д)1939 Е)2004

4. Алматы қорығы қай жерде құрылған?

А) Астана облысында Б)Алматы облысында С)Арал теңізінің қасында

Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында

5. 1939 жыпы қандай қорық құрылды?

А)Алматы Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Барсакелмес Е)Науырзым

6.Ақсу- жабағалы қорығы қай жылы құрылды?

А)1930 Б)1935 С)1926 Д)1939 Е)2004

7. 1992 жылы қай қорық құрылды?

А)Алматы Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Батыс Алтай Е)Науырзым

8. Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?

А) Астана қаласынан 140 км жерде облысында Б)Алтайда С)Арал теңізінің қасында

Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында

9. 1998 жылы қандай қорық құрылды?

А)Алакөл Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Қаратау Е)Науырзым

10.Үстірт қорығы қай жерде құрылды?

А) Астана облысында Б)Алтайда С)Маңғыстау облысында

Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында



Жауабы: 1-С 2-А 3-Д 4-Б 5-Д 6-С 7-Д 8-А 9-А 10-С


Қорықтың аты

Құрылған жылы

Орналасқан жері

Мақсаты

1. Ақсу-Жабағалы

1926ж

Батыс Тянь-шаньның солтүстігі

Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу

2










3










4










5










6










7










8










9










10













Қорықтың аты

Құрылған жылы

Орналасқан жері

Мақсаты

1. Ақсу-Жабағалы+

1926ж

Батыс Тянь-шаньның солтүстігі

Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу

2.Науырзым+

1930ж

Қазақстан орманды даласының оңтүсті гіндегі Торғай облысы

Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу

3. Алматы+

1935ж

Алматы облысы

Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу, сақтау

4. Барсакелмес+

1939ж

Арал теңізінің солтүстік бөлігі

Ежелгі жануарлардың түрле рін сақтау қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу

5.Қорғалжын

1968ж

Астана қаласынан 140 км жерде

Құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау, та-биғат өзгерістеріне бейімделуін зерттеу.

6 Үстірт+

1984ж

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында

Табиғи кешендерді қорғау, зерттеу, сақтау

7.Алакөл+

1998ж

Онтүстік-Шығыс Қазақстанда

Құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау, табиғат өзгерістеріне бейімделуін зерттеу.

8.Батыс-Алтай

1992ж

Шығыс Қазақтанда

Сирек кездесетін құстар, жануарларды, өсімдіктерді қорғау, сақтау, зерттеу.













Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет